Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет75/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Теориялық білім – эмпириялық пен метатеориялық аралағындағы ғылыми білімнің бір деңгейі. Сапалық түрғыдан эмпириялық білімнен өзінің мазмұнымен, пәнімен ерекше. Теориялық білімнің пәніне ойлау арқылы эмпириялық объектілерді идеализациялау /идеалдандыру/ арқылы /материалдық нүкте, идеалды газ т.б./ және анықтама арқылы еңгізілген /математикалық құралдар/ идеалды объектілер жатады. Теориялық білімнің өзгешелігі: логикалық ұйымдастырудан жоғары деңгейге ие, пікірлері әр-қашанда дәлелденген, олар дедуктивті-аксиоматикалық әдіс арқылы шешіледі.
Ғылыми білімнің деңгейлері – пәндік, әдістік, қызмет тұрғысынан ерекше болатын ғылыми білімнің түрлері; өзгеше ғылыми пәндік шеңберінде ортақ жүйе құрастырады. Әр жетілген нақты-ғылыми пәнде келесі үш деңгейді көрсетуге болады: эмпириялық, теориялық және метатеориялық. Олардың арасындағы бірлік әр ғылыми пәннің өзгеше дербестігіне, тұрақтылығына және өзіндік негіз арқылы дамуына ықпал етеді.
Факт – эмпириялық және теориялық білімді құрастыруда қатысатын тәжірибе буыны; бағдарлама құралдарымен бейімделген эмпириялық реалдылық /мәтіндер, формулалар, фотосуреттер, видеопленкалар т.б./. Факт гносеологиялық тұрғыда көп қырлы құрылыстың иесі: 1. объективті бар /реалды процесстер, жағдайлар, қатынастар, қасиеттер т.б./; 2. бағдарламаны құрастыратын /бағдарлама бетістірушілері/; 3. фактілердің практикалық детерминациясы /бақылаудың, өлшеудің, эксперименттің сандық және сапалық мүмкіндіктері/; 4. фактілердің когнитивтік детерминациясы /теорияның алғашқы абстракциясынан, теориялық, психологиялық және әлеуметтік-мәдени ұстанымдарынан тәуелділігі/.
Эмпириялық білім – рационалды танымның төменгі деңгейі; нақты тіл құралдар /бақыладыдың нақты сөйлемдері, графиктер, табиғb классификациялар т.б./ түрінде бекітілген, ой қорытудан өткен эмпириялық /абстрактілі/ объектілер туралы бақылау мен эксперимент нәтижелерінің пікір жиынтығы. Эмпириялық білімді бір жағынан сезімдік білімнен, екінші – теориялық білімнен ажырату қажет.
1. Ғылым білім жүйесі ретінде. Ғылыми танымның түрлері.
Ғылыми білім күрделі құрылымнан тұратын, дамуға бейімделген біртұтас жүйе. Құрылым болған сон жүйенің элементтерінің арасында тұрақты байланыс бар екендігі анық. Ғылыми білімнің құрылымы оның әртүрлі қырында, соған қатысты – өзгеше элементтерінің жиынтығында көрінеді.
Айта кету қажет, ғылыми білімнің құрылымында дәстүрлі ғылымдылық өлшемінен тыс элементтер кездеседі: вербализация мен рефлексияға бағынбайтын философиялық, діндік, магиялық, интеллектуалдық және сенсорлық қабілеттер; әлеуметтік-психологиялық стереотиптер, пайдалар мен қажеттіліктер; нақты конвенциялар, метафоралар, қайшылықтар мен парадокстар; тұлғалық құмартушылық пен сүйкімсіздіктер, әдеттер мен қателіктер т.б. В.И. Вернадскийдің пікірінше, «ғылыми нәтижелер мен ғылыми қорытындыларды философия мен діннің тұжырымдарынан ажырататын бір құбылыс бар – дұрыс жасалған ғылыми тұжырымдар, ғылыми пікірлер, қорытындылар жалпы бәріне қажетті және талассыз». Осымен ғылым адамзаттың басқа рухани іс-әрекеттерден ерекшеленеді.
Ғылыми білімнің негізгі құрылысын қарастырғанда В.И. Вернадский былай деген: «талассыз ғылымның негізгі және мәңгі керегесі /қатал ядросы/ келесі элементтерді біріктіреді:

    1. бүкіл математикалық ғылымдарды;

    2. логикалық ғылымдарды;

    3. ғылыми фактілерді өздерінің жүйелі құрылыс түрінде, эмпириялық жалпылау мен ғылыми аппараттарды тұтас.

Ғылыми білімнің осы жақтары – бірлік ғылымның – дамуда, және басқа аймақтарды қамтиды». Осыған қарай, В.И. Вернадскийдің пікірінше, «біріншіден, жаңа ғылымдар осы элементтерден тұрады, солармен жасалады. Екіншіден, ғылыми жұмыстардың нәтижесінде фактілердің ғылыми аппараттары мен жалпылау үздіксіз геометриялық прогрессия бойынша өседі. Үшіншіден, алғашқы мен қазіргі уақытты біріктіретін ғылым болмысының динамикалық процесі адам өміріне стихиялық түрде әсер етеді, өсуге бейімделген геологиялық күш болғансон биосфераны ноосфераға – ақыл сферасына – айналдырады».
Ғылыми таным - объект пен субъекттің тығыз байланысы - келесі компоненттерден тұрады:
а) Ғылым субъектісінің – негізгі элементтері: өзгеше зерттеуші, ғылыми ұжым, ғылыми топ, т.б. – түбінде тұтас қоғам. Ғылым субъекттері объекттердің қасиеттерін, қатынастарын, жақтарын және объекттердің класс /материалдық пен рухани/ түріндегі қатынастарын осы жағдайда және осы уақытта зерттейді. Ғылыми қызмет танушы субъекттен /ғалым-зерттеушіден/ ерекше дайындық талап етеді, яғни, ол алғашқы және қазіргі кезде жиналған концептуалдық материалды меңгереді, қалыптасқан тану тәсілдер мен әдістерді, оны өзіндік қаруға айналдырады, және ғылыми танымға сай құндылық, көзқарастық, адамгершілік бағыттырды ұстанады.
б) Объект /пән, пәндік аймағы/, яғни ол, ғылым әлде ғылыми пәнде танылатын дүние. Басқаша айытқанда, зерттеушінің ақылы бағытталған, суреттелген, сипатталған, анықталған, оймен қорытылған. Жалпы түрде, «пән» дегеніміз, біріншіден, адамзат қызметі мен танымында объект әлемінен ерекше бөліп шығарылған шектелген тұтастық, екіншіден, танымның субъектісіне қарсы тұратын объект, өзінің жақтары, қасиеті, қатынасымен бірге.
«Пән» деген ұғым объектілерді түсіндіретін заң жүйесін көрсетуге арналған /мысалы, дамудың жалпы заны - диалектика/. Объект туралы білім дамығанда оның жаңа қырлары, жақтары, байланыстары айқын болады. Әр-түрлі ғылымдар бір объект бойынша өзгеше танымдық пәнді шығарады /мысалы, анатомия организімнің құрылысын зерттейді, медицина – оның ауруларын т.б./. Танымның пәні – материалды болуы мүмкін /атом, тірі организімдер, электромагниттік поле, галактика т.б./ әлде идеалды /таным процесі, концепциялар, теориялар, ұғымдар т.б./. Солай, гносеологиялық тұрғыдан субъект пен объекттің айырмашылығы ықтималды және пәндікке объектің қасиеті мен белгілері кіреді.
в) Пәндік ерекшелікпен негізделген, осы пәнге әлде ғылыми пәнге лайық әдіс пен тәсіл жүйесі.
г) Өзіне лайық өзгеше табиғи және жасамды тіл /таңбалар, символдар, математикалық шешімдер, химиялық формулалар т.б./.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет