Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Теориялық білім, ғылыми теорияның құрылысы



бет80/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Теориялық білім, ғылыми теорияның құрылысы. Теориялық білім сананың конструктивті бөлігі – ақылдың іс-әрекетінің нәтижесі. В.С. Швыревтің пікірінше, ақылдын қызметі сананың сыртқы жағына емес, яғни сыртқы болмысқа емес, сананың ішкі, өзіндік мазмұның ашуға бағытталады. Ақылдың қызметінің мәнін өзінде, өзі үшін еркін когнитивті шығармашылық. Интеллектуалды интуициямен бірге теориялық ойлаудың негізгі логикалық операциясы идеалдандыру, оның мақсаты мен нәтижесі - өзгеше пәндік түрді шығару – «идеалды объектілерді». Осындай объектілер әлемі ғылыми білімнің теориялық түрінің өзгеше онтологиялық негізін құрайды.
Ғылыми теория – бір идеалды объектілердің қасиеті мен қатынастарын біріктірген, логикалық тұрғыдан құрылған пікірлер. Идеалды объектілерге жатады: геометриялық нүкте, сызық, жазық – математикада; инерция, абсолюттік кеңістік пен уақыт, математикалық маятник, абсолютті түрде қара зат – физикада, қоғам страттары, қоғамдық-экономикалық формация - әлеуметтануда; логикалық ойлау, логикалық дәлел – логикада т.б.
Ғылымда идеалды объектілер қалай шығарылады, эмпириялық объектілерден айырмашылығы неде? Идеалдандыру дегеніміз – эмпириялық объектілерінің қасиеттерін тәжірибеде байқап, оның логикалық мүмкін мағынасына кешу /мысалы, нөл – көлемі кішею: абсолютті қара зат - толық, 100% сәуле энергиясын жұту, қабылдау/.
Идеалды объектілерді шығарғанда шекті кешулерге не тәрізді? Үш жағдайға назар аудару қажет.

        1. Ойлаудың тұнғыш қозғалыс бастамасы – нақты қасиеті мен қатынастары бар эмпириялық объектілер;

        2. «бақылау» объектің қасиетін ойлау қозғалыс жолында шекті мағынасына дейін жету;

        3. осындай ойлаудың сандық өзгерісінде ойлау сапалық тұрғыдан мүлдем басқа объекті жаратады; оның қасиеттерін, бақылау мүмкін емес /нүктелердін мөлшерсіздігі, абсолюттік тік, капиталистік формация таза түрінде, Сана, Болмыс т.б./.

Шектік көшу операциямен бірге идеалды объектілерді кіргізудің тағы басқа тәсілі бар – ол анықтама түрінде еңгізу. Осы тәсіл белсенді түрде математикада қалыптасқан; жартылай – теориялық /математикалық/ физикада; соңғы кезде евклид емес геометрияны толық математикалық теория ретінде қабылдағансон; қазіргі математиканы «абстрактілі құрылыстары» туралы ғылым деген, оның пәндік реті идеалдырылған объектілерден тұрғаның айтады /математикалық ойлаумен анықтама түрінде қабылданған/.
Теориялық танымның әдістеріне келсек, идеалдандыру мен бірге ойлау эксперимент, математикалық гипотеза, теориялық модельдеу, теориялық біліммен ғылыми теорияларды логикалық тұрғыдан меңгерудің аксиоматикалық пен генетикалық-конструктивтік әдістері, формальдандыру әдісі т.б. айтып кету керек.
Әр теориялық конструкт үшін – қарапайым идеалдандырудан бастап /«таза мән»/ нақты теориямен қорытқанда /«таза мәндердің» логикалық құрылысы/ - олардың объективтілігін дәлелдейтін екі тәсіл бар. А. Эйнштейн оларды ғылыми теорияның «ішкі» және «сыртқы» ақталуы бар. Сыртқы ақталуы, яғни, ақылдың нәтижелерін практикада қолдану, эмпириялық қажеттілігі. Бұл оның құндылығының прагматикалық бағасы; ақылдың абсолюттік белсенділігін шектейді. Бұл талап эмпиризм мен прагматизмнің философиялық концепцияларында дәлелденген. Екінші тәсіл идеалдандылылған объектілердің өзіндік ішкі негізінен жетілдендіруі, қойылған теориялық мәселелер мен жаңа түрлерін қоюға ықпал болған логикалық үйлесімделік пен теориялық әлемнің өсуі.
Қандай себеппен идеалдырылған объектілер ғылымға еңгізіледі? Ғылымның дамуына және үстемді қалыптасуына қаншалықта олар қажетті? Ғылымда эмпириялық біліммен шектелуге болады ма? Осы мәселені нақты түрде қойған ғылым тарихшысы мен философ Эрнст Мах. Оның пікірінше, ғылыми теорияның негізгі мақсаты нақты пәндік аймақ туралы эмпириялық бағдарламаны экономды түрде жариялау /репрезентация/. Осы мқсатты жетізу жолы эмпирияның логикалық түрлерін құрастыру – кішкентай, нақты мүмкіндіктерді максималды эмпириялық түрде тексерілетін салдарды шығару. Идеалдырылған объектілер – олар ойлаудың эффективті түрде өз мақсатына жету төлемі. Мах айытқандай, объективті реалдылықта бір-бірімен формалды-логикалық тұрғыдан байланысты заңдар, қасиеттер мен қатынастыр мүлдем жоқ. Логикалық қатынастыр тек сана, ойлау сферасында ұғымдар мен пікірлердін арасында мүмкін. Реалдылықтың логикалық модельдері қажетті түрде инструменталық қасиеті бар қарапайымдылықты, схемалық түрін, идеалдандыруды, ұғымдар еңгізуді сұраныс етеді. Соңғылардың қасиеттері Махтың пікірінше, эмпириялық бағдарламалар солардын ұсынған түрінде шығыннан қорғалады, жәйлі сақталады, мәдениетте жеткзіледі, білім балу саласынад жақсы қабылданады.
Осы Махтың инструменталистік пікіріне ғылым философиясында эссенциалистік интерпретация қарсы тұрады. Соңғысы бойынша, ғылыми теориялар мен идеалдырылған объектілер әлемнің мәндік суретін ұсынады, ал эмпириялық білім құбылыс әлеміне қатысты. Инструментализм мен эссенциализімде көтерілген мәселелер теориялық білімнің онтологиялық статусқа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет