Ғылым тарихы және философиясы



бет105/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

«физикалық әлем», яғни бізді қоршаған табиғат. Екіншісі – «діл әлемі» – Платонның «идеялар әлеміне» ұқсас бірдеңе. Ал үшіншісі – мыңжылдықтар бойы адамзат жинақтаған «білімдер әлемі» (Ибн- Рушдтың «адамзаттың әлеуетті ақыл-парасаты» сияқты әлдене).
К.Поппердің пікірінше, философия – ғылым емес, өйткені оның негізгі қағидаларын бұрмалауға болмайды. Алайда ол адамға осы әлемдегі оның болмысының мағынасын ашып береді және оған өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Сол себепті ол философияның маңызын жоғары бағалайды.
Әлеуметтік философияда К.Поппер адамзаттың әлемдік тари- хында қандай да бір заңдылықтардың бар екенін теріске шығарады.
Осы тұрғыдан ол марксизмді, әсіресе коммунизм идеясын, – оның моральдық және ақыл-ой тартымдылығын мойындаса да, – өткір сынға салады.
Поппер жасаған «адымдық әлеуметтік инженерия» әдістемесі (әлеуметтік жобақұмарлыққа, яғни бос әурешілікке қарсы) XX ғасырдың екінші жартысында еуропалық елдердің әлеуметтік- реформистік ұйымдарының теориясы мен практикасында кең пайда- ланылды.
Венгриядан шыққан американдық философ, «сыни рационализмнің» жарқын өкілдерінің бірі имре лакатосқа да Поппердің ықпалы зор болды.
Ол ғылыми рационализм теориясының әдістемелік негізі ретінде бұрмалау ұстанымын жаңа мазмұнмен толықтырды.
Ғылымның дамуы тарихын зерттей келе, ол «ғылыми-зерттеу бағдарламасының» танымдық-әдістемелік тұжырымдамасын алға шығарды. Кез келген жетілген ғылымда мейлінше терең теориялық құрылымдарды алға шығару орын алады және олар бір-бірлерін бірізділікпен ауыстырып отырады. Бірақ ол кезде олар осы ғылымда қабылданған «зерттеу ережелеріне» байланысты. Егер бір ере- же келешегі зор бағыттарды көрсетсе (оң эвристика), ал екіншілері тығырыққа тірелген, олардан аулақ болуды қажет ететін бағыттарды (теріс эвристика) көрсетеді.
Кез келген ғылыми-зерттеу бағдарламасының өзіне тән ішкі өзегі бар. Оған жүзжылдықтар бойы жасалған, шынайылығына ешкім күмән келтірмейтін барлық түсініктер кіреді. Өзекті айнала саны көп болжам- дардан тұратын, ғылым өзегін қорғауға арналған «қорғаныс белдігі» байланады. Қорғаныс белдігінің ерекшелігі – ғылымда ашылған жаңа фактілердің қысымымен кез келген теорияның бұрмалауға ұшырауы мүмкін екендігі. Сол кезде ескі болжамдардың орнына, ғылым жаңа, үндестіруге бағытталған, табиғатты түсіну және жаңа теорияларды жасау үшін жаңа фактілерді бере алатын сызбанұсқалар әзірлейді.
Бір немесе басқа ғылыми-зерттеу бағдарламасының келешектегі табыстылығын қалай айқындауға болады? И.Лакатостың пікірінше, егер бағдарламаның теориялық тұжырымдамалары тәжірибе дерек- терін басып озса, онда теориялық тұрғыда бір немесе басқа фактілердің болашақта ашылуы мүмкіндігі жорамалданады, сонда бағдарлама биікке өрлейді. Бірақ егер ғылымда ашылған жаңа фактілер теориялық деңгейде әрең-әрең түсіндірілсе, ол бұл бағдарламаның күні біткенін көрсетеді. Сол кезде ғалымдар ескі бағдарламаларды ғылым
мұрағатына жөнелтіп, жаңа ғылыми-зерттеу бағдарламасын құруды жанталаса қолға алады.
Ғылым дамуының тарихы – ол әртүрлі бағдарламалардың бәсекелестігі, олардың эвристикалық мүмкіндіктерінің ашылуы. Ғылымның өзінің ішкі және сыртқы тарихы бар. Ғылымның ішкі та- рихы – бұл идеялар мен әдістемелік ұстанымдардың жүйелі ауысымы, ал ол кезде оның сыртқы тарихы ғылымның ұйымдастырушылық фор- маларын және ұлы тұлғалардың қызметін ауыстырумен айналысады.
Лакатостың әдістемесі ғылымды ұтымды талдаудың құралы, XX ғасыр ғылымының аса маңызды жетістіктерінің бірі болды.
Постпозитивизмнің көрнекті өкілі, ғылым философиясындағы тарихи-эволюциялық бағыттың көшбасшыларының бірі – американдық тарихшы және философ томас кун болып табылады.
Ол ғылыми ұтымдылық теориясының негізіне алынған, ғылым ту- ралы логикалық-позитивистік және «сыни-рационалистік» көзқарастан түбегейлі айырмашылығы бар ғылыми білімнің тарихи серпіні тұжырымдамасын жасады.
Кун ғылым деп: бір немесе басқа теорияларды, әдістемелік қағидаларды, дүниетанымдық ұстанымдарды, нақты ғылыми нормалар мен этикалық құндылықтарды мойындайтын, ғылыми қауымдастықты біріктіретін әлеуметтік институтты түсінді. Осының бәрі ғылымның әлдебір парадигмасын – үлгісін (грекше – paradigma – үлгі) құрайды.
«Ғылыми революциялар құрылымы» атты еңбегінде (1963) ол пара- дигма деп ғылыми қауымдастық таныған, белгілі бір тарихи уақыт шектеріндегі ғылымда жасалған зерттеу үлгілерін түсінеді. Ол: «Осы терминмен мен барлық жерде қабылданған, азғантай уақытқа болса да, олардан мәселелер мен шешімдердің осы салада зерттеумен айна- лысып жүргендердің көңілінен шығатын үлгісі қалыптасатын ғылыми жетістіктерді белгілеймін», – деп жазды. Парадигма ғылымдарды әдістермен қаруландырады, белгілі бір уақыт шектерінде ғылымдағы бір немесе басқа жағдайдың ішкі өзегін құра отырып, іздену жолдарын көрсетеді. Ғылыми теория парадигмадан анағұрлым тарлау, өйткені өзі соның ішінде пайда болады. Басқа парадигманың шектерінде бұл тео- рия жарамсыз. Оны жарамды ету үшін, қайтадан қарау керек.
Кейіннен Т.Кун парадигма ұғымын «пәндік матрицаға» (негіз) ауыстырады. Сол ретінде философ символикалық қорытындылау үлгілерін, тұжырымдамалық үлгілерді, әртүрлі мәселелердің ғылыми шешімін, сондай-ақ ғылыми қауымдастық қабылдаған құндылықтарды түсінеді. Ғылымда бір немесе басқа үлгінің басымдық алуы оның
дамығанын дәлелдейді. Ашылған жаңа фактілер қорытындыланады және жүйеленеді, зерттеу шаралары нақтыланады және т.б. Алайда уақыт өте келе, қолданылып жүрген парадигма шектерінде ғылымда ашылған жаңа фактілердің табиғатын түсіну мүмкін болмай қалады. Ғылыми қауымдастық арасында айтыс-тартыстар, күмәндану пай- да болып, бұрынғы құндылықтар енді қызмет етуін тоқтатады. Бұл ғылымның тоқырауына әкеліп соқтырады және, тиісінше, жаңа үлгілерді іздеуге мәжбүр етеді. Нәтижесінде, құндылықтарын ғылыми қауымдастық таныған жаңа үлгілер пайда болады. Жаңа өнімді зерт- теулер басталады.
Ғылымның дамуына осындай тарихи көзқарас постпозитивизмдегі жаңа сөз болды.
Т.Кун енгізген екінші жаңалық – бір немесе басқа үлгі аясында тәжірибеге негізделген білімді қарастыру. Ғылымда үлгіге тәуелді болмай өмір сүретін фактілер жоқ. Бір немесе басқа үлгіні игерген ғалым барлық фактілерді соның жарығымен «көреді». Фактілер бір немесе басқа теориядан тыс өмір сүре алмайды, ал ол кезде теория фактілерді қорытады және оларды өмірде қалай пайдалануға және қолдануға болатынын айқындап береді.
Кун ұсынған ғылым үлгісі – ол классикалық рационализмнен шегіну, ұтымдылықты адамның ынтызарлықтары мен нақты мәдени дәуірлердің ерекшеліктері қатарына сыйдыру әрекеті. Ұтымдылық қажетті мүдделерді ғана көздейтін (прагматикалық) мағынамен толығады: адам өне бойы өзінің ұтымды әрекеттерін шынайы пайымға сілтеме жасамай, қызметіндегі табыстары арқылы дәлелдеп отыруға мәжбүр. Сондықтан табысқа жеткен соң, ол бәсекелес көзқарастардың алдында іс-әрекеттерінің пайымдылығы мен сәттілігі туралы пікірінен таймай, өзінің қызметін пайымды, ақылға сыйымды деп атауға құқылы. Әрбір «ғылыми қауымдастық» өзінің ұтымдылығына өзі баға бере алады. Бірақ жекелеген тұлғаның еркіндігі мен ұтымдылығы
«қауымдастықтың» ұжымдық әрекетімен және ақылымен шектелген. Ғылым философиясындағы «тарихи» бағыттың негізін салушы-
лардың бірі – британдық ғалым, физикалық химия саласының көрнекті маманы майкл полани (1891-1976).
Ғылым және адам танымының басқа да түрлері, Поланидің ойын- ша, таным үдерістерінің барлық мүмкін болатын қайта құрылуының (реконструкция) ішінен субъектінің түбегейлі жойылмайтындығынан тұратын тұтастық алған. Сол арқылы Поланидің ғылым философиясы өз идеялары мен әдістері арқылы әлеуметтануға жақын жанаса отырып,
позитивизмге де, «сыни рационализмге» де, яғни XX жүзжылдықтың 60-70 жылдарындағы ғылым философиясының беделді бағыттарына балама болды.
Полани позитивистердің негізгі қағидаларын – «эмпиризм бағдар- ламасын» сынға алды. Сонымен қатар ол Поппердің таным үдерістерін мәдени-тарихи, әлеуметтік детерминациядан (яғни осы құбылысты болдыруы мүмкін себептерден) алшақтатып, логикалық-рационалдық тұрғыда қайта құру мүмкіндігі туралы идеясына да қарсы шықты.
Поланидің ойынша, әлеуметтік-мәдени тұжырым факторлары ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға ғана емес, сонымен бірге оның мазмұнына да маңызды ықпал етеді. Ғылыми теорияларды бағалау үшін, ғалымдардың өзара қарым-қатынасында ғана алынатын және игерілетін «айқын емес білімнің» де ерекше маңызы бар. Бұл білім іс жүзінде айқын формада – суреттеу, диаграмма, нұсқаулықтар неме- се оқулықтардағы мәтіндер түрінде көрінбейді. Ол қашанда зияткерлік пікірсайыстар өтіп жататын сахна «пердесінің сыртында» қалады, бірақ олардың мазмұны мен сипатына айтарлықтай ықпал етеді.
Ғылыми білім туралы Поланидің және оның ізбасарларының осын- дай көзқарасы «сыннан кейінгі рационализм» деп аталды. Ол ғылыми ұтымдылықтың икемділеу түсінігін іздеуге бағытталу дегенді білдіреді. Ғылымның алға басуы – бәріне ортақ, «тұлғасыздандырылған» әлдебір білімге қарай жүру емес, таным үдерістеріне жеке қатысу мүмкіндіктерін арттыру, білім беру жүйелерін кеңейту және кәсіби зерттеу қызметі болып табылады.
Постпозитивизмге және оның негізгі бағыттарына талдау жасауды аяқтай келе, тағы бір белгілі тұлға – ағылшын философы және ғылым әдіскері пол Фейерабендтің шығармашылығына тоқталмай өтуге болмайды. Өткен ғасырдың 50-60 жылдары ол «эпистемологиялық жарылыс» жасады. Бұл нені білдіріп еді?
Ол логикалық эмпиризмнің әдістемелік бағдарламаларын сынға алды. Сын нысанасына бәрінен бұрын ғылым дамуының кумулятивтік үлгісі, яғни ғылыми білімнің артуын барлық жаңа шынайы білімдердің бұрыннан бар дәл сондай шынайы білімдер жиынына қосылуының үздіксіз үдерісі деп жорамалдайтын үлгі ілікті. Полға бұл ұнамады. Оның ойынша, кумулятивтік (шоғырландырушы) үлгінің негізінде екі жаңсақ ұстаным жатыр. Олар:
а) жүйелі түрде бір-бірін ауыстырып отыратын ғылыми теорияға кіретін терминдер мағыналарының инварианттылығы (өзгермеушілігі, бір нәрсеге тәуелді болмауы немесе басқа нұсқасының болмауы);
ә) алдыңғы теорияның қабылдаушы теориядан логикалық (қисынды) шығарылуы.
Ал Фейерабендтің пікірінше, бір-бірін ауыстыратын теория- лар арасында логикалық қатынастар, бірінші кезекте логикалық шығару қатынастарын белгілеуге болмайды. Ғылыми терминдердің мағынасы теорияның бар тұжырымымен айқындалған, сол себепті бәсекелесуші теориялар терминдерінің мағынасы бірдей болмауы ке- рек. Ол ғылымдағы әрбір теория өзінің санат (ғылыми ұғым) құралына сүйенетініне сенімді болды. Егер бір немесе өзге ұғым басқа теорияға ауысса, онда оның мазмұны дереу өзгереді. Сондықтан теорияларды бір-бірімен салыстыру мүмкін емес. Олай болса, әр ғалымның өз тео- риясын құру мүмкіндігі бар. Бір немесе басқа теория бәсекелестікте өзінің шындыққа жақынырақ болғаны үшін жеңбейді, оны ғылыми қауымдастықтың насихаттауы нәтижесінде жеңіске жетеді. Енде- ше, ғылым – ғылым өмір сүріп жатқан институттар, яғни: дін, мифоло- гия, философия және басқаларының бір түрі ғана болып табылады. Сол себепті олар әлемді танып білуде теңдей болуға тиіс. Бұндай ұстаным


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет