Ғылыми әдебиеттермен жұмысты ұйымдастыру


Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі0,6 Mb.
#88058
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ғылыми әдебиет

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: әлеуметтік жұмыс мамандарының кәсіби білімінің ерекшеліктерін жалпылайтын материалдар жүйеленді, бұл еліміздегі әлеуметтік білімді дамыту мен жаңа әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындау модельдерін жасауда негіз болады.

«Әлеуметтік жұмыс маманын кәсіби дайындаудағы мамандану процесі» тақырыбына әлеуметтанулық зерттеу барысында жаппай сауал жүргізу әдісі пайдаланылды. (Зерттеу бағдарламасы қосымшада А-да, сауалнама қосымшада В-да берілген). Іріктелген жиынтық жоғары оқу орнындағы студент-респондеттері - 80. Іріктелген жиынтыққа бакалавриат студенттері мен магистранттар енді.
Сауалнама әдісін жүргізуде қазіргі уақыттағы әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындаудың жай-күйі мен өзекті мәселелерінің қатарын анықтау, қазіргі жасалып отырған жағдайға ризалық деңгейін бағалау, ЖОО-да жұмыс жасайтын мамандардың біліктілік деңгейін зерттеу, әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындау жұмысын жүргізетін мекемелердің деңгейін анықтау және қажетті өзгерістер қатарын айқындау көзделді.
Сауалнама Қазақстанның екі қаласы – Астана және Қарағанды қалаларында 2012 жылғы желтоқсан айында өтті.
Зерттеуімізге қатысқан респонденттердің басым бөлігі ұлттық жоғары оқу орнының студенттері (47,3%), үштен бір бөлігі - мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқиды (37,9%). Акционерлік меншік нысанындағы немесе жеке меншік жоғары оқу орындарынан –респондент 14,8% құрады.
Респонденттердің басым бөлігі - Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының түлектері (84,7%). Оның ішінде елорда студенттері үлесінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түлектері көбірек (46,9%); ал 37,8% Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті студенттері. Барлық таңдап алынғанның 15,3%-ы Қазақ гуманитарлық заң университеті сияқты коммерциялық жоғары оқу орнын аяқтағандар болды.
Сауалнамаға Қарағанды қаласы екі жоғары оқу орнының студенттері (сұралғандардың 15,3% пайызы) қатысты. (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қазтұтыну экономикалық университеті). Респонденттердің коммерциялық жоғары оқу орындары студенттері мен мемлекеттік жоғары оқу орындарының үлесі пара-пар.
Сұралғандарды оқыту тіліне байланысты қарастырсақ, респонденттердің жартысынан астамы орыс тілінде білім алады (51,1%). Ал 48,6% мемлекеттік тілде оқитын студенттер. Респонденттердің 0,3%-ы ағылшын тілінде оқитындықтарын көрсеткен. Сонымен, оқыту тілі бойынша сұралған студенттер мәліметтердің репрезентативті сипатта екендігін көрсетеді
Сурет 3 – Жоғары оқу орындарындағы оқыту тілі
«Оқыту тілі» индикаторының басқа айнымалы шамалармен корреляциясын талдау тілдің қаншалықты өзекті категория екенін көрсетеді. Мысалы, бітірушілер алған білім сапасын бағалауы мен оқыту тілі арасындағы өзараықпалдастық пен өзаратәуелділік, өзарабайланыстар біздің зерттеуіміздің аясында мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді:
1. Қазақ тілінде білім алатын бітірушілер өз білім сапасын бағалау арқылы неғұрлым болашаққа сенімді. Олар көп жағдайда алып жатқан білім әлемдік деңгейге (31,1%), сондай-ақ, отандық стандарттарға (59,9%) сәйкес келеді деп санайды. Тек, респонденттердің 9% жоғары оқу орнындағы алған білімі отандық және әлемдік стандарттарға тіпті сәйкес келмейді деп санайды.
2. Орыс тілінде білім беретін бөлімді бітірушілердің бағасы олардың өз білімдеріне неғұрлым сыни көзбен қарайтындығын көрсетеді. Респонденттердің көпшілігі (77,8%) алған білімдері отандық стандарттарға сәйкес келеді десе, тек респонденттердің 7,1% өз білімдерінің халықаралық стандарттарға сәйкес келеді деп санайды. Сонымен қатар, респонденттердің 9,4% алған білімі ешқандай стандарттарға сәйкес келмейтінін, ал сұралғандардың 2% білім деңгейінің төмен екенін айтты. Аталған топ респонденттердің 3,7% жоғары оқу орнындағы мамандардың тұрақтамауы, төмен материалдық, техникалық, ақпараттық және басқа да фактілерді көрсетті (сурет 3).
Сонымен қатар студенттердің бағалауында білім беру сапасы мен жоғары оқу орындарының мәртебесінің қатынасы туралы мәлімет те маңызды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ұлттық, халықаралық немесе мемлекеттік мәртебесі бар жоғары оқу орындарында оқитын студенттер көбінесе алынатын білімге оң баға береді (87,7%).
Сурет 4 – Білім беру сапасын бағалау (оқыту тіліне байланысты)

Мамандықты таңдауға ықпал ететін факторлар

Пайыз

Мамандықтың беделі/ келешегі

32,8

Сұраныс

24,5

Ата-аналарының, мұғалімдерінің кеңесі/үлгісі

7,5

Гранттар саны

11,7

Жеке шешімі, қызығушылығы, ниеті

17

Оқу ақысының қолайлылығы

5,3

Құрдастарының үлгісі

0,9

Кездейсоқ

0,3

Сонымен, жоғары білімді жас мамандардың еңбек нарығындағы орнын айқындауына әсер ететін айнымалы шама - оқыту тілі, студенттердің алған білімінің сапасы, сонымен қатар кәсіптің қоғамдағы әлеуметтік мәртебесі, жас маманның өз болашағын алған мамандығымен байланыстыруы.
Бұған Еуропа елдерінің Болон процесі шеңберіндегі сан-алуан пікірталастар барысында ұсынылған «жұмысқа орналасу жарамдылығы» және «жақсы оқитын кәсіби маман» концепциясын үлгі ретінде алуға болады (Франция тәжірибесі). Осы концепцияға сәйкес түлектің теориялық білімі де, практикалық білімі де, жұмысқа орналасуда негізгі фактор болып табылады.
Сурет 5 - Студент- түлектердің мамандығы бойынша бағасы
Сурет 6 – Студент-түлектердің өздерінің жалпы білімдерін бағалауы

Бітіруші курс студенттерінің ЖОО білім сапасын бағалауы

пайыз

Білім отандық стандарттарға сәйкес келеді

72,2

Білім халықаралық стандарттарға сәйкес келеді

14,7

Жауап беруге қиналамын

4,5

Білім не отандық, не халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді

0,7

Басқасы

8,4

Жоғары оқу орнында оқу сапасына қанағаттанбау себептері

пайыз

ЖООның материалдық-техникалық базасының нашарлығы

23,4

Басқасы

15,4

Ғылыми-әдістемелік жабдықтармен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі

15,1

ЖОО ақпараттық базасының нашарлығы

14,3

Профессор-оқытушылық құрамның біліктілік деңгейінің төмендігі

10,7

Ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктің болмауы

7

ЖОО тиімді басқарылмауы

5,9

ЖООдағы жемқорлық фактілері

4,6

ЖОО беделінің болмауы

2,5

Оқудың тиімсіз жүйесі

1,1

Өз мамандығы бойынша қызмет атқаруға қатынас

Пайыз

Иә, ойым бар

63,2

Оқуымды мамандығым бойынша магистратурада жалғастыру ойымда бар

11,6

Оқуымды магистратурада жалғастыру ойымда бар, бірақ басқа мамандық бойынша

3,2

Басқа мамандық бойынша екінші жоғарғы білім алу ойымда бар

11,1

Жоқ, ойымда жоқ

3,7

Жауап беруге қиналамын

7,2

Жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін көрсеткіштер

пайыз

Кәсіби сапа

42,6

Жұмыс тәжірибесі

27,2

Жеке сапа

14,4

Туысқандар мен таныстардың болуы

11,1

Басқасы

4,7

Жұмысқа орналасу әдістері

төмен

орташа

жоғары

Кафедраның көмегі

22,9

42,8

34,3

Жоғары оқу орнындағы практика

19,1

42,5

38,4

Туысқандар мен таныстардың көмегі

13

26,7

52,3

Жұмыс берушіге тікелей бару

8,7

36

55,3

Баспасөзге хабарландыру

22,8

41,8

24,8

Жеке рекруттық агенттіктер

28,1

44,7

27

Бос орындар жәрмеңкесі

21,4

46,8

29,1

Жұмыспен қамтамасыз ету департаментіне бару

28,6

45,4

26

ЖООда түлектерді жұмысқа бөлу шаралары

28,5

34,6

36,9

Қалай ойлайсыз, Сіз өзіңіздің мамандығыңыздың арқасында өздігіңізден өмір сүріп, өміріңізді қамтамасыз ете аласыз ба?

пайыз

Иә, қамтамасыз ете аламын

47,4

Қамтамасыз ете алатын сияқтымын

23,9

Қамтамасыз ете алмайтын сияқтымын

9,1

Жоқ, қамтамсыз ете алмаймын

8,0

Жауап беруге қиналамын

11,6

Жүргізілген сауалнаманың 16 сұрағы «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша білім алу барысында осы мамандықты қалауыңыз өзгерді ме?» деген сұраққа сұралған респонденттердің «сол қалпында қалды» деген жауап нұсқасын ұсынғандары, яғни сұралғандардың үштен бір бөлігі 33,1%; «күшейді» деген жауап нұсқасын таңдағандар 24,1%, «қаламаушылыққа ауысты» дегендер үлестік көрсеткіші 10,7%, сонымен қатар жауап беруге қиналған респонденттер саны 18,7%, «басқа» деген жауап нұсқасын таңдағандар 13,4% болды.
«Сізде және достарыңызда әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша қандай пәндерді игеру кезінде қиыншылықтар туындады және қандай көмекті қажетсінесіз?» деген сұраққа сұралғандардың көпшілігінде қиындық тудыратын пәндер арасынан үлкен көрсеткішке қол жеткізгендер иерархиясы: жалпыға міндетті пәндер 47,4%, базалық пәндер 21,4%; кәсіптендіру пәндері – 18,4%; басқа таңдау пәндері – 8,0%; жауап беруге қиналғандар – 4,8%.
«Сізде пәндерді игеру барысында туындаған қиындықтардың сипаты қандай?» деген сұрақтың жауаптары төмендегідей:
1) өз бетінше дайындалуда көп уақытты талап етеді дегендер – 33,7%;
2) дәрістер түсініксіздеу – 10,4%;
3) пән ұнамайды, өйткені болашақ мамандығыма еш пайдасын көріп тұрған жоқпын – 19,7%;
4) басқа - 10%;
5) жауап беруге қиналғандар – 14,4%.
«Сіздің қандай мамандық белгілеріңіз Сізге маман ретінде сұранысты арттырады?» деген сұраққа сұралушылардың 42,2% - кәсіби-тұғалық сапалардың болуы; 24,2% - этикалық-моральдық дайындық; 18,4% - болашақ маманның ішкі психологиялық дайындығы; 11,3% - жоғары дәрежедегі теориялық дайындық; 4,1% - жауап беруге қиналғандар болды.
ЖОО-да әлеуметтік жұмыс бойынша мамандарды дайындау құрылымына өзгерістер қажет деп тапқан респонденттер саны пайыздық көрсеткіште 57,8%; қажет емес деп ойлайтындар - 19,7%; жауап беруге қиналғандар – 22,5%-ды құрады.
«Егер қажет деп тапсаңыз қандай өзгерістер болғанын ұсынасыз?» деген сұраққа төмендегідей ұсыныстар қатары белгілі болды:
33,4% бөлігі – әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындауда салалық мамандану қажеттігін;
21,2% - оқыту формасы ретінде ұжымдық оқытуды енгізу;
14,1% - шет елдік білім беру форматтарын интеграциялау;
12,9% - теориялық және тәжірибелік дайындықты қатар ұйымдастыру;
8,9% - тәжірибенің үздіксіздігі, 5,5% - бұл саланы толығымен реформалау қажеттігі;
4,0% - жауап беруге қиналғандар болып отыр.
Жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу әлеуметтік жұмыс мамандығын таңдаудың негізділігі мен оқыту процесінің тартымдылығы арасында тікелей тәуелділікті көрсетеді. Қазіргі заманғы қазақстандық түлектер өздері білім алатын немесе басқа жоғары оқу орнында таңдап алған мамандығы бойынша берілетін білімге қаншалықты көңілі толады. Алынған деректерге қарағанда, студенттердің жартысынан көбі 59,3 % таңдап алынған мамандықтарына көңілі толса, 9,8 % - өз таңдауына көңілі толмайды, респонденттердің шамамен 3 %-ы өздерінің мамандықтарына көңілдері толмайтынын білдірсе, 8% - осы сұраққа жауап беру кезінде мүдірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет