Байланысты: Су қондырғысы арқылы электр энергиясын алу (2)
2.2 Қазақстандағы баламалы энергетика даму орындары
Халықтың көбісі қатты желдерді, дауылдарды тек оларды теріс оймен қабылдайды. Бірақ, олардың күші сындыру немесе бұзу ғана емес, осы күшті дұрыс қолданса, ол да қоғамға өз үлесін қосады. Қазіргі уақытта дамыған ғылыми техникадан жасырыну мүмкін емес. Себебі ол күнделікті өміріміздің барлық ауқымын қамтыды, соның арқасында энергия көзінің балама түрлері шықты. Әлем бойынша энергия көздерінің экономикасы тоқтаусыз өсуде. Қазіргі мұнай, газ және көмірдің қорлары күндердің бір күнінде бітеді. Оны немен алмастырамыз? - деген сұрақ пайда болады. Осы сұраққа жауап іздеуде баламалы, экологиялық таза және жаңартылатын энергия көздерін зерттеуге әкеледі. Олардың қатарына: жел(жел генераторлы), күн(коллекторлар, су жылытқыштар, күн батареялары), су қозғалысы(құйылмалы және толқындық электростанциялар), жер асты жылуы (геотермиялық энергия, жылу және электорлық станциялар) жатады. Баламалы энергия түрлерінің басты ерекшелігі - су, күн және жел энергиялары әр кезде жаңара алатын шексіз энергия көзі болып табылады. Табиғи энергияны электр тоғына үлкен шығыс қуатымен түрлендіретін өнекәсіптік генераторлардың үлгілері әзірше қымбат. Жел генераторы қанша қымбат болғанмен өзінің қымбат бағасына арзан электроэнергиясын беріп алмастырады. Уақыт өте келе өз бағасын ақтаған соң, ол тұтынушыға тегін элекетр энергиясын беріп отырады. Жел генераторлары мен күн батареялары экологиялық таза электірлік энергия көзі ретінде атмосфераға жіберілетін шығындарды қысқартады.
Су электр станциясы - электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы. Қазақстандағы ең алғашқы СЭС 1902 жылы Зырян кенішін энергиямен қамтамасыз ету мақсатында Тұрғысын өзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. 1927 жылы Жоғары Хариузовск СЭС-і (қуаты 3,2 мың кВт), 1934 жылы Үлбі СЭС-і (қуаты 27,6 мың кВт) салынды. Үлкен Алматы өзенінде 10 каскадтан тұратын СЭС (жалпы қуаты 47 мың кВт) 1959 жылы салынып бітті. Соңғы жылдары кешенді мақсатта пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық тораптар іске қосылды: Ертіс өзенінде Өскемен СЭС-і (куаты 331,2 мың кВт) және Бұқтырма СЭС-і (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і (қуаты 434 мың кВт) және т.б. Елімізде су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам шағын және орташа Су электр станциясы салынған. Қазақстандағы ірі СЭС-тердің барлығы энергия жүйесі құрамындағы жылу станцияларымен үйлестіріле пайдаланылады. Бұл жағдайда олардың жоғары дәрежедегі кешенді үнемділігі, пайдаланудағы сенімділігі артады. Сондықтан СЭС салу өзеннің ағын суын су көлігі, ирригация және сумен қамтамасыз ету және т.б. мақсаттарда кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.

Су энергетикасы:
Су энергетикасы (Гидроэнергетика; грек, "һydor" — су, ылғал, energia — қызмет, әрекет) — 1) бөгет салу арқылы немесе бөгетсіз ағын судан энергия алу.
Қазақстанда Бұқтырма СЭС-і, Қапшағай СЭС-і, Шардара СЭС-і, т.б. бар. Су энергетикасының энергия көздері турбина арқылы өтетін су ағынының орны өзенге немесе көлге құятын және бұлақ суымен толтырылады. Су энергетика қорлары — өзендер мен сарқырамалардың құлама суынан алуға болатын энергия қоры. Энергияның бұл көзінің артықшылығы — оның қоры сарқылмайды, үнемі қалпына келіп отырады. Бұл энергияның арзан, әрі гигиеналық түрғыдан таза түрі болып табылады