Эксперимент әдістемесі: әдебиеттерге анализ жасап, жүйелеп, өз пікірімізді нақты жеткізу.
Зерттеудің жаңалығы: заттың агрегаттық күйлеріндегі жылу алмасуды қарапайым тәжірибе жүзінде көрсету. Бұл ғылыми жоба жұмысында оқушылар заттың агрегаттық күйлеріндегі жылу алмасуы жайлы айтқан. Бұл жоба жұмысында жылу алмасуды қарапайым тәжірибелер көрсету жолдары ұсынылған. Сонымен қатар заттың агрегаттық күйлеріндегі молекулалардың орналасуы және кинетикалық, потенциалдық энергиялары жайлы қарапайым мәліметтер берілген.
Нәтижесі мен қорытындылары:Жұмыс барысында ұсынып отырған жобадағы қарапайым тәжірибенің артықшылықтарын анықтадым:
Тәжірибеге қажетті заттар қол жетімді әрі қарапайым заттар көмегімен жасауға болады.
Оқушылар тақырыпты кең көлемде түсінуге көмектеседі.
Оқушылар тәжірибені өздері жасап көру арқылы сабаққа деген қызығушылығы артады.