Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: Халқымыздың қолданбалы өнерін үйреніп, технологиялық білімді теориялық саралану тұрғыдан тұжырымдау. Шиден тоқылған туындыларды жасау арқылы ежелден келе жатқан қазақ халқының қолөнерін жандандыруға үлес қосу. Күнделікті тұрмыста қажетті заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару.
Ғылыми жобаның гипотезасы: Шидің қазіргі заман талабында сән үлгісінен қалмауы,Сол себепті әсем құстардың бейнесі арқылы ұлттық салт-дәстүрді сақтау, жаңарту.
Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері:1. Ши тоқудың әсем, әрі тұрмыстық салтта өте ыңғайлы екендігін дәлелдейтін мәліметтер жинастыру.
2.Ши тоқудың түрлерімен танысу..
3. Ши тоқудың сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт-дәстүрі бар екенін дәлелдеу.
Ғылыми жобаның жаңашылдығы: Үйге шидентүрлі сәндік ,қолданбалы заттар тоқу арқылы жұмсалатын шығынды азайту жолдары.
Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтежесінде үйімізге қажетті қабырғаға ілініп туратын картиналарды да бейнелеуге болады екен. Ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білдік.
Достарыңызбен бөлісу: |