ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы:Қымыз Жас зерттеуші: Анарбек Жанна Сынып жетекшісі: Дүйсенбаева Асем
Мазмұны:
Зерттеу бөлімі Абстракт.............................................
І. Кіріспе бөлім................................... ІІ.Негізгі бөлім.................................... А) Қымыз түрлері............................... Ә) Жасалу жолдары........................... Б) Шипалық қасиеті........................... ІІІ. Қорытынды бөлім......................... ІV. Ұсыныстар......................................
Абстракт Зерттеудің мақсаты: Қазақ халқының ұлттық сусыны-қымыздың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету. Қазақтың сусыны қымызды ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру. Гипотеза: Қымыздың дәстүрлі медицинадағы емдік қасиеті туралы тың мәліметтер таратуда – қымыздың жасалу жолындағы құрамын анықтай отырып, қандай дәрумендер адам денсаулығы үшін маңыздылығы мен пайдасын асыруға мүмкіндік тудыру. Болашақта қымыздың ұлттық сусындардың ішіндегі бренд болатындығына сендіру.
Зерттеу барысы:
Өз қалауым бойынша тақырыпты таңдадым.
Таңдалған тақырыбымды жетекші мұғалімнің көмегімен талқыладым.
Осы өнім жөнінде ауыл мамандарынан, нағашы атам мен апамнан толық мағлұматтар мен кеңестер алдым және сол бойынша зерттеу жұмысын бастадым.
Ізденіс жұмыстарын жүргізу барысында ата-анамның, ата-әжемнің көмегімен ұсынып отырған жұмысыма қосымшалар жасадым.
Жиналған деректерім бойынша және жүргізілген зерттеулер қорытындысымен өз ғылыми жобамды құрастырдым.
Кіріспе Мен бұл жобамды қазақ халқының сусыны – қымыздың шипалық қасиетін зерттеуге арнадым. Қымыз – қазақтардың сүйікті тағамдарының бірі. Осы бір тамаша сусын салтанаттардың барлығында алдымен ұсынылатын тағам. Әйел адамдардың асқан шеберлігі алдымен баптап ашытқан қымызының сапалылығымен бағаланған. Тостағандағы қымызды тауысып ішпей, түбінде сарқыт қалдыру айып болып саналған. Мен қымызды кішкене кезімнен ішемін. Атам маған ылғи да «қымыз іш, ол пайдалы» дей беретін. Маған осы қымызда не пайда бар екен деген ойлар жиі келетін. Сол сұрақтарыма жауап іздеп көруге бел байладым.
Негізгі бөлім Ең алғаш қымыз туралы зерттемес бұрын жетекшіммен ақылдасып, жұмысты неден бастарымды жоспарлап алдым.
Қымыздың құрамын анықтау.
Қымызды дайындау әдістерін үйрену.
Қымыздың емдік қасиеттері қандай?
Үйірілген сары алтындай сары қымыз, Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз. Елімнің баяғыдай сүйген асы, Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз, -деп жырлаған екен Жамбыл атамыз. Бұның өзі қымыздың қасиеті мен бірге оның түрлерінің көп екенін аңғартады. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған. Солардың негізгі түрлері мыналар: Уыз қымыз – бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою қымыз; Сары қымыз – жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз; Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылыарнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз; Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады; Бал қымыз – бал, қант секілдітәтті қосып жуасытқан қымыз; Дөнен қымыз – төрт тәулік ашытылады; Бесті қымыз – бес тәулік ашытқан қымыз; Асау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз; Жуас қымыз – баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз; Қорабалы қымыз – мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше күн жинаған қымыз; Сірге жияр қымыз – күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн жиналады.
Биенің жаңа сауылған сүті – саумал деп аталады. Бұл саумалды жылыдай кішкене сәбилерге беруге болады. Саумалды бие шелегіне (күбі деп аталады) құймас бұрын шелекті дайындап алу қажет. Яғни, оны алдымен қаймақпен майлап аламыз. Майланған шелекті тобылғыны жағып ыстаймыз. Дайын болған шелекке қор құямыз: «Қор» деген апамның айтуы бойынша күзде қымыз ашыту маусымының аяғында, күбідегі қымызды бірнеше күн бойы тимей, сұйығы бетіне шығып, маңызы түбіне тұнғанға дейін ұстайды.Сосын әлгі тұнбаны дәкеге салып сығып, одан қалған қоюын кептіреді де, жабық ыдысқа салып, келесі көктемге, алдағы қымыз ашыту маусымына дейін салқын жерге сақтайды. Міне осы қорды салған соң қымызды күбіге құюға болады. Саумалды құйған соң оны көп уақыт жақсылап піспекпен пісу керек. Әбден пісілген қымыз ертесіне ашып, ішуге дайын болады. Таза қымызды алу үшін не қажет? Біз таза қымыз алу үшін оны беретін бие, яғни жылқы малын да күтіп баптау керекпіз. Атамның айтуы бойынша биені жемдесе, ол сүтті көп береді. Және таңертең ертемен биені байлаған соң оны күні бойы 1,5-2 сағат сайын сауып, кешке қарай оны өріске айдап жіберу керек. Осы сауалымды ауылымыздың мал дәрігері Сқақов Төлеутай ағаға арнайы барып қойған болатынмын. Ол кісінің айтуы бойынша : «Жылқы малын жылына 1 рет «жамандап» ауруына қарсы егу керек. Маңқа ауруына тексеру жүргізіп отыру керек. Жылына 90-100 бастан қан алып тексеріліп отырылады». Сонымен жылқы малын әртүрлі аурудың алдын-алу үшін тексеріп отыру керек екен.
Қорытынды Мен неден бастап едім? Ия мен анамның қымызды пайдалы дегеніне көз жеткізгім келген. Ендеше бұл сұрақтың жауабын ауылымыздың бас дәрігері Жанар Бейсенқызына арнайы барып сұрадым. Ол кісінің айтуына қарағанда: - Біз полигон аймағында тұрамыз. Осы полигон зардабынан болған дертке қарсы тұратын, өте шипалы сусын – қымыз. Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн.Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. - Оның төмендегідей қасиеттері бар екен: - Денені қуаттандырады - Ас қорытуға көмектеседі - Ұйқыны түзейді - Көңілді көтереді - Өкпе туберкулезіне шипа болады - Адамның ұзақ өмір сүруіне көмектеседі Міне керемет, күнделікті өзім ішіп жүрген қымыздың сыры да, шипасы да, түрі де, пайдасы да көп екен ғой. Ендеше достарыма айтарым шипалы сусын қымызды күнделікті ішіп отырсақ, біз ең мықты, ең ұғымтал, ең зерек, ең дені сау азамат болып өседі екенбіз. Және жетекшіммен бірлесіп, үлкен ағаларға мынадай ұсыныстар жасадым: 1.Шипалы әрі шөл басар сусын ретінде сауда орындарында қолайлы ыдыстарға құйылып сатылса; 2.Дүкендердегі зиянды сусындарды қымызбен алмастырса; 3.Салауатты өмір кешу мақсатында тойларда дастарханға тек қымыз қойылса; 4.Ауылда демалыс бағы ашылып, жаздық қымызханалар ұйымдастырылса.
Аннотация Ұлттық тағам – ұлы тағам. Ата –бабаларымыздан мұра боп қалған осындай ұлттық тағамдарымыз бен сусындарымыз, яғни ұлттық өнімдерімізді білу оқушылардың міндеті. 3-сынып оқушысы Анарбек Жанна“Қымыз ” атты тақырыпта ғылыми зерттеу жұмысын жасады.
Зерттеу жұмысында маған менің апайым Дүйсенбаева Асем, әкем және анам көмектесті. Зерттеу жұмысының барысында ұлттық тағамдардың ең құрметтісі, дастарқан дәмінің бірі-қымыз жайлы, олардың адам денсаулығына келтірер емдік шипалы сусын екендігін зерттеп, өз ойымен ұштастыра білді.
Ұсыныс 1. Қымыздың адам денсаулығына, аурудың алдын алу мақсатында сапалы дайындалған қымызды әрбір жас ұрпаққа ішкізіп, кеңінен қолға алынса. 2. Қымызды ауру түрлеріне байланысты шипа ретінде пайдаланатын бірқатар емдеу сауықтыру орындары ашылса.
Достарыңызбен бөлісу: |