Жатпа қарап, мойыма, Тойма именіп ділмардан. Жүрген жануарлардың алғашқы әрпінен басталады. Мүшел жас.
1 – мүшел 13 жас (ер жете бастау)
2 – мүшел – 25 жас (жігіттік шақ)
3 – мүшел 37 жас (ақыл тоқтау)
4 – мүшел – 49 (орта жас)
5 – мүшел – 61 жас (орта жас)
6 – мүшел – 73 жас (қарттық)
7 – мүшел 85 жас (кәрілік)
8 – мүшел 97 жас (қалжырау)
9 – мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)
10 – мүшел 121 жас (немен сүю)
Жыл мезгілдерінің атаулары.
1. Жазғұтыры – наурыз, көкек, мамыр айлары.
2. Жаз – маусым, шілде, тамыз айлары.
3. Күз – қырқүйек, қазан, қараша айлары.
4. Қыс – желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары.
Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдері.
1. Ас пісірім. 2-3 сағаттық мезгілді білдіретін өлшем.
2. Ет асым. 2-3 сағат шамасындағы мезгіл өлшемі.
3. Ет пісірім. Асқан ет пісетіндей уақыт.
4. Ет қайнатым. Қазанға салған ет қайнатымдай мерзім.
5. Қайнам: қазан қайнам. Қазанның қайнау уақытының өлшемі.
6. Сүт пісірім. Өте қысқа мерзімді білдіретін өлшем.
Азық-түлікке қатысты өлшемдер.
1. Бір асым (ет)
2. Бір елі (қазы).
3. Бір жапырақ (ет, нан).
4. Бір жұтым (қымыз, сүт).
5. Бір тұтам (қазы).
6. Бір ұрттам (қымыз, ет).
7. Бір уыс (бидай, тары).
8. Бір үгім (тұз).
9. Бір үзім (нан).
10. Бір шөкім (тұз).
11. Бір шымшым (тұз).
12. Жұдырық (ет, қазы).
13. Қайнатым: бір қайнатым (шай).
14. Салым: бір салым (тұз, шай).
15. Турам (ет, нан).
Күн шығар алдыңдағы мезгіл атаулары – бұл мезгілді таң
немесе таңертең деп атайды.
2. Алагеуім, алатөбе, алаң – ғұлан, алаң – елең – таңертеңгі
мезгілде айналаның әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі.
3. Құланиек, құлан сәрі – таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез.
4. Таң сәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.
Күн көкжиектен көтерілген мезгіл атаулары.
Бұл мезгілді сәске деп атайды.
1. Сиыр сәске – күн арқан бойы көтерілген кез.
2. Сәске түс – түске жарқындаған мезгіл, сағат 12 шамасы.
3. Ұлы сәске – тал түске жақыңдаған мезгіл.
Саусақпен өлшенетін ұзындық (қалыңдық) өлшемдері.
1. Елі – саусақтың көлденең қалыңдығы, ені.
2. Тұтам – бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 5 – еліге
тең ұзындық өлшем.
3. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін өлшем.
4. Сынық сүйем – сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып
белгіленетін өлшем. Бір сүйемнің ¾ бөлігі.
5. Қарыс сүйем – бас бармақ пен орта саусақтың аралық мөлшері.
6. Сере – сұқ саусақ пен шынашақтың кере созылған арасы.
Бір сүйем ұзындыққа тең өлшем.
7. Қарыс – бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері.
8. Кере қарыс – бас бармақ пен шынашақтың кере созылғандағы
аралық мөлшері. Кейде жарты қарыс деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |