Ғылыми кеңесі


ҒЗЖ сыртқы қаржыландыруының факультетер тұрғысында



бет2/11
Дата26.06.2018
өлшемі2,02 Mb.
#44844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҒЗЖ сыртқы қаржыландыруының факультетер тұрғысында

2-кесте

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ға ғылыми-зерттеу жұмыстарына

2012 жылы бөлінген қаржы көлемі



Ғылыми-зерттеу жобаларының атауы

Тапсырыс беруші ұйым

Қаржыландыру көлемі (теңге)

Жоба жетекшісі

Кафедра

ҚР БҒМ Ғылым комитеті аясындағы гранттық қаржыландыру



Исследование электрохимических реакций на d-элементах (титан, молибден, вольфрам), разработка на их основе индикаторных электродов и использование их в эколого-аналитическом контроле

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті

1 831 800

х.ғ.д., профессор Д.К. Мендалиева

Химия



ХҮІІІ-ХХ ғасыр бас кезеңіндегі Қазақстанды зерттеген ғылыми қоғамдар мен мекемелер: тарихы, зерттеу бағыттары және маңызы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті

2 000 000

т.ғ.д. Ұ.Т. Ахметова

Қазақстантарихы



Разработка химико-технологических основ переработки и определения вариантов дальнейшего использования нефтяного шлама месторождений Западно-Казахстанской области

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті

6 000 000

х.ғ.д., профессор Д.К. Мендалиева

Химия

Облыстық бюджеттен қаржыландырулар



Проведение научно-исследовательских работ по определению состояния дубрав

«Батыс Қазақстан облысы табиғатты пайдалану және табиғи ресурстарды реттеу басқармасы» ММ

1 890 000

б.ғ.д. Дарбаева Т.Е.

Биология және экология



Қазақстан Республикасы азаматтарына ағылшын тілі курстарын ұйымдастыру

Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасы


9 600 000

п.ғ.к. Өтегенова Қ.Т.

Тілдерді оқытудың практикалық курсы



«Тілдарын-2012» - областной уровень проведения республиканской олимпиады

Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасы


198 000

ф.ғ.к. Р.Б. Сұлтанғалиева

Қазақ филологиясы



«Қуыр, қуыр, қуырмаш» конкурсы

Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасы

229 000

ф.ғ.к. Р.Б. Сұлтанғалиева

Қазақ филологиясы



М.Макатаев атындағы облыстық көркем оқу байқауы

Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасы

242 000

ф.ғ.к. Р.Б. Сұлтанғалиева

Қазақ филологиясы



Дүние жүзілік қоршаған орта күніне арналған шаралар ұйымдастыру


«Батыс Қазақстан облысы табиғатты пайдалану және табиғи ресурстарды реттеу басқармасы» ММ

190 000

п.ғ.к., доцент А.Б. Медешова

Физика және математика



Мектеп және балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында мемлекеттік тіл арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған шаралар

Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасы

2 300 000

п.ғ.к., доцент А.Б. Медешова

Физика және математика



БҚО Жас ғалымдар кеңесінің жобалары

«Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы

3 000 000

т.ғ.к. Гиззатов С.М.

-

Шаруашылық келісімшарт қаржыландырылуы



Комплексное изучение экологического состояния бассейна реки Урал

«Атмосфералық ауаны қорғаудың республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС

1 500 000

б.ғ.к. Қайсағалиева Г.С.

Биология және экология



Обзор, маркетинговые исследования недвижимости на первичном и вторичном рынке услуг по Казахстану и странам СНГ

«Инвест Недвижимость Казахстан» ЖШС

300 000

э.ғ.д., доцент Л.И. Мергалиева

Экономикалық теория және бизнес



Разработка методологии использования и переработки карбонатного бурового шлама, бурового раствора на нефтяной основе

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.

60 000 000

х.ғ.д. Мендалиева Д.К.

Химия

Педагогика, тарих және құқық, мәдениет және өнер факультеттерінің кафедраларында шаруашылық келісімшарттар жасалмаған.

Сонымен қатар, университетте үлкен мағынаға ие болған басқа да іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Есептік жылда география ғылымының кандидаты, доцент В.И. Амельченко жетекшілігімен Ресей ғалымдарымен бірге география кафедрасында «XVIII - XXI ғ.ғ. аралығында Паллас П.С. материалдары бойынша және қазіргі далалық зерттеулер бойынша Батыс Қазақстанның табиғаты, халқы және шаруашылығының өзгеруі» тақырыбында зерттеулерін жалғастырды. 2012 жылы 20 мен 28 мамыр аралығында аталған тақырып бойынша М. Өтемісов атындағы БҚМУ-да Батыс Қазақстан облысы территориясы бойынша халықаралық экспедиция ұйымдастырылды. Бұл экспедицияға біздің университеттен 7 ғалым мен Санкт-Петербург ғалымдар кеңесі (Санкт-Петербург қ., Ресей), Орынбор мемлекеттік университеті (Орынбот қ., Ресей) және Еуразия ғалымдар кеңесі (Орал қ.) қатынасты. Экспедиция қорытындысы бойынша М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың кешенінде 29 мамыр күні дөңгелек үстел ұйымдастырылды, онда «Санкт-Петербург ғалымдары кеңесі» қоғамдық ұйым мен біздің университетіміз «XVIII - XXI ғ.ғ. аралығында Паллас П.С. материалдары бойынша және қазіргі далалық зерттеулер бойынша Батыс Қазақстанның табиғаты, халқы және шаруашылығының өзгеруі» тақырыбында ғылыми-зерттеу консорциумына қол қойылды. Осы тектес консорциум Орынбор мемлекеттік университеті, «Санкт-Петербург ғалымдары кеңесі» қоғамдық ұйымы мен М. Өтемісов атындағы БҚМУ арасында жасалған. Құрылған ғылыми-зерттеу консорциумы Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық келісімдер бойынша Ресей ғалымдарымен қарым-қатынасты жүйелі түрде өзгертуге септігін тигізеді.

2012 жылдың 27 тамызында құрылған ғылыми-зерттеу консорциумы аясында «Түркітілдес халықтарының рухани мұра (евразиялық идеясы жүйелігінде)» тақырыбында М. Өтемісов атындағы БҚМУ филология факультеті, Г. Ибрагимов атындағы тіл, әдебиет және өнер институты (Қазан қ. Ресей) ғалымдарының іргелі және қолданбалы зерттеулері жүргізілді.

Жаратылыстану-географиялық факультет ғалымдары есептік жылда іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша келесі мәселелерді қарастырды:

● Батыс Қазақстан облысының қазіргі кездегі экологиялық проблемалары;

● Батыс Қазақстанда фитомелиоративтік дақылдарды өсіру технологиясын ғылыми негіздеу;

● Батыс Қазақстан аймағының ресурстары мен табиғи жағдайларының тиімді пайдалану және шаруашылықтың территориалдық ұйымдастырылуы;

● Бейорганикалық фосфор (комплекс түзуші) қосылыстарын алу;

● Батыс Қазақстан облысының топырақ-өсімдік жамылғысының қазіргі жағдайы;

● Солтүстік Каспий маңының табиғи ресурстары;

● Батыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі (биологиясы, экологиясы, қазіргі кездегі жағдайы);

● Батыс Қазақстан облысының кен орындарында мұнай шламын өңдеу мен әрі қарай қолданудың негізгі бөлімдерінің химия-технологиялық негiздерiн жасақтау және т.б.

Филология факультеті профессор-оқытушылар құрамы келесі сұрақтар бойынша зерттеулер жүргізеді:

● Қазақ тілі фонетикасы, лексикологиясы, грамматикасы, стилистикасы мәселелері;

● Қазақ әдебиеттану ғылымы және оны оқыту мәселелері;

● Қазақ әдебиеті және қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мәселелері;

● Ислам ренессансы оқушылар мен студенттерді рухани-адамдық тәрбиелеу жүйесінде;

● Ресей Федерациясының қазақ диаспорына арналған ана тілі (қазақ) әдебиетінің тарихы;

● Қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде шынайы еместігін білдірудің лингвистикалық тәсілдері және т.б.

Тарих және құқық факультеті профессор-оқытушылар құрамы келесі сұрақтар бойынша зерттеулер жүргізеді:

Батыс Қазақстан қалалары тарихының зерттелу мәселелері;

● Орынбор ғылыми мұрағаты комиссиясының тарихы және қызметі;

● Қазақ елі тәуелсіздік үшін күрес жылдарында;

● Еуразиялық, этносаясат, тарихи тағылым теориясы;

● Қазақстандағы діни көзқарастың құқықтық көзқарастары және т.б.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы тарихы» кафедрасының ғалымдары тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә.Қ. Мұқтар және тарих ғылымдарының докторы Ұ.Т.Ахметова, т.ғ.к С.М. Ғиззатов Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты дайындап жатқан 20 томдық Қазақстан тарихының XVIII-XIX ғасырдағы тарауын дайындауға қатысуда.

Педагогика факультеті профессор-оқытушылар құрамы келесі тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізеді:

● 12 жылдық білім берудің ғылыми әдістемелік негіздерін, 12 жылдық білім беру үшін жалпы білім беру стандартын жасақтау;

● Білім алушылардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру негіздері;

● Тұлғалық бағытталған, интерактивті және инновациялық технология және оқыту әдістері;

● Бейіндік оқыту технологиясы;

● Болашақ мұғалімнің мамандандырылуының өзін жаңартылуына педагогикалық жалғастыру т.б.

Экономика және басқару факультеті ғалымдарының келесі өзекті мәселелер бойынша зерттеулері:

● Аймақтықтық экономиканың есептік-қаржылық факторларының дамуы;

● Қазақстан экономикасының үдемелі-иннвациялық дамуы;

● Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің негізгі дамуы;

● Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік реттеу;

● Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы;

Физика және математика факультеті ғалымдарының ғылыми зерттеулері бойынша тақырыптары:

● Физикалық процестер мен құбылыстардың компьютерлік моделдеуі;

● Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану және өңдеу;

● Компьютерлік көмекші құралдарын, цифрлік ресурс және мультимедиалық оқу құралдарын жасау;

● Веб-сайт жасау, оның мазмұның толықтыру және интернет-баспа құру т.б.

Мәдениет және өнер факультеті ғалымдарының келесі ғылыми зерттеулері бойынша сұрақтары:

● Музыка мұғалімдерін дайындаудың психологиялық-педагогикалық және әдіснамалық жолдары;

● Батыс Қазақстанның дәстүрлі музыка өнерінің дамуы;

● Батыс Қазақстан аймағындағы хореография, театр өнерін және әлеуметтік-мәдени қызметін дамытудағы өзекті мәселелері мен болашағы;

● Батыс Қазақстан бейнелеу өнерінің Еуропалық мәдениетпен синтезі.




3. Университет ғалымдарының ғылыми байқауларға қатынасуы
28 сәуір 2012 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министлігі Ғылым комитеті 2012-2013 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру байқауын жариялады. Байқауға қатынасу үшін мамыр айында кафдралардан 12 жоба дайындалып жіберілді. Соның ішінде педагогика және психология кафедрасынан 2 жоба, химия кафедрасынан 2 жоба, биология және экология кафедрасынан 1 жоба, дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасынан 2 жоба, Қазақстан тарихы кафедрасынан 2 жоба, қазақ филологиясы кафедрасынан 1 жоба, информатика кафедрасынан 1 жоба, экономикалық теория және бизнес кафедрасынан 1 жоба (3-кесте).

3-кесте

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министлігі Ғылым комитеті 2012-2014 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру байқауына М. Өтемісов атындағы БҚМУ ғалымдарының ұсынған жобаларының тізімі.




Жоба тақырыбы

Ғылыми жетекші

Кафедра

1

Разработка научно-методических основ учебников и учебно-методических комплексов, соответствующих компетентностно-ориентированному содержанию образования для начального уровня 12-летней школы.

П.ғ.д., профессор Муханбетжанова А.М.

Педагогика және психология

2

Научно-методические основы успешной социализации учащихся общеобразовательной школы как фактор повышения интеллектуального потенциала страны

П.ғ.д., профессор Муханбетжанова А.М.

Педагогика және психология

3

Қазақ шешендіктану ғылымы: теориясы және әдістемесі, зерттелуі (тарихи-педагогикалық аспектіде)

П.ғ.д., профессор Қыдыршаев А.С.

Қазақ филологиясы

4

Мектеп және балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында мемлекеттік тіл арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған шаралар

П.ғ.к., доцент

Медешова А.Б.



Информатика

5

Информационное обеспечение инновационного стратегического менеджмента в коммерческой организации: теория и практика

Э.ғ.д., доцент Мерғалиева Л.И.

Экономикалық теория және бизнес

6

Биоэнергетика типчаково-ковыльных степей Западно-Казахстанской области

Б.ғ.к,, доцент Қайсагалиева Г.С.

Биология және экология

7

Государственно-конфессиональные отношения на постсоветском пространстве: исторический опыт и современные тенденции

Т.ғ.д., Тасмағанбетов А.С.

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер

8

Разработка химико-технологических основ переработки и определения вариантов дальнейшего использования нефтяного шлама месторождений

Западно-Казахстанской области



Х.ғ.д., профессор Мендалиева Д.К.

Химия

9

Разработка научных основ получения фосфорсодержащих неоргонических материалов на основе модифицированных полифосфатов

Х.ғ.к., доцент

Ниязбекова А.Б.



Химия

10

Қазақ халқының дәстүрлі әлеуметтік қоғамындағы билер, батырлар, тархандар, жасауылдар институттары: орны, қызметі және жойылуы (XVIII-ХІХ ғғ.).

Т.ғ.д., профессор

Мұқтар Ә.Қ.



ҚР тарихы

11

ХVІІІ – ХХ ғасыр бас кезеңіндегі Қазақстанды зерттеген ғылыми қоғамдар мен мекемелер: тарихы, зерттеу бағыттары және маңызы.

Т.ғ.д. Ахметова Ұ.Т.

ҚР тарихы

12

Этноконфессиональная толерантность как фактор обеспечения духовно-нравственной безопастности казахстанского общества

Т.ғ.д. Нургалиева А.М.

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер

Ұсынылған 12 жобаның 8 жобасы екінші кезеңге жолданды. М. Өтемісов атындағы БҚМУ 8 жобасының 2-еуі Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен мақұлданды. Бұл х.ғ.д., профессор Д.К. Мендалиеваның «Разработка химико-технологических основ переработки и определения вариантов дальнейшего использования нефтяного шлама месторождений Западно-Казахстанской области» атты жобасы және т.ғ.д., Ұ.Т. Ахметованың «ХVІІІ – ХХ ғасыр бас кезеңіндегі Қазақстанды зерттеген ғылыми қоғамдар мен мекемелер: тарихы, зерттеу бағыттары және маңызы» атты жобасы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министлігі Ғылым комитеті тарапынан қаржыландырылуда (2-кесте). М. Өтемісов атындағы БҚМУ тарапынан ұсынылған өтініштер қорытындысының коэффициенті 28,6% құрады.



29 қазан 2012 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2013-2015 жылдарға арналған грантық қаржыландыру байқауын жариялады. Бұл байқауға университет атынан 28 өтініш тапсырылды (4-кесте).
4-кесте

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министлігі Ғылым комитеті 2013-2015 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру байқауына М. Өтемісов атындағы БҚМУ ғалымдарының ұсынған жобаларының тізімі.




Жоба тақырыбы

Ғылыми жетекші

Сұралған қаржыландыру соммасы мың. теңге

Кафедра

Жаратылыстану - географиялық факультеті

1

Солтүстік Каспий маңының құрғақ дала аймағында антропогенді бұзылған топырақтарды қалпына келтіру жүйесінде жаңа бағыттарды негіздеу

а.-ш.ғ.к., доцент Альжанова Б.С.

18000,0

Биология және экология

2

Қазақстан республикасының ұлттық игілігі ретінде Батыс Қазақстан облысының құнды табиғи экожүйелерін сақтау шараларын өңдеу

б.ғ.к., профессор Дәрбаева Т.Е.

25500,0

Биология және экология

3

Герефорд табынының генофонын жаңа зауыт жасау жолы бойынша сақтау және одан әрі жетілдіру

а.-ш.ғ.к., доцент Кадисова Г.Н.

6000,0

Биология және экология

4

Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны және жақын маңдағы территорияның бұзылған экожүйелерін биологиялық рекультивациялау

б.ғ.к., профессор Фартушина М.М.

30 000,0

Биология және экология

5

XVIII - XXI ғ.ғ. аралығында Паллас П.С. материалдары бойынша және қазіргі далалық зерттеулер бойынша Батыс Қазақстанның табиғаты, халқы және шаруашылығының өзгеруі

г.ғ.к., доцент Амельченко В.И.

6920,4

География

6

Модифицирленген полифосфаттардың негізінде құрамында фосфоры бар бейорганикалық материалдардың алынуын ғылыми негізде өңдеу

х.ғ.к., доцент А.Б. Ниязбекова

16776,0


Химия

Тарих және құқық факультеті

7

Қазақ халқының дәстүрлі басқару жүйесіндегі билер, батырлар, тархандар, жасауылдар институттары: олардың қызметі және жойылуы (XVIII-XIX ғ.)

т.ғ.д., профессор Ә.Қ.Мұқтар

20500,0

ҚР тарихы

8

Еділ мен Жайық аймағындағы түркі тілдес халықтар: тарихы, мәдениеті, рухани сабақтастығы (ХҮІІІ- ХХ ғғ.)

т.ғ.д., профессор

Ұ.Т. Ахметова



20500,0

ҚР тарихы

9

Жайық өзенінің Еуразия тарихында алатын орны: әлеуметтік, саяси, этникалық, мәдени даму мәселелері (ХVІІІ ғ. –XXI ғ. басы)

т.ғ.к.

Гиззатов С.М.



24000,0 

дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер

10

ҚР-ның сәйкестік құрылымының саясаты: түзету нәтижесі мен тәсілі (Батыс Қазақстан өңірі зерттеулер материалдары бойынша)

с.ғ.к.

Юров О.В.



22543,6

дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер

11

Этникааралық және конфессияаралық толеранттық қазақстан қоғамының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторы ретінде

т.ғ.д. Нургалиева А.М.

21600,0

дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер

12

Модернизация дəуіріндегі Батыс Қазақстан

қалаларын зерттеу: тарихы мен аймақтық ерекшеліктері (ХІХ -ХХғ. басы)



т.ғ.к.

Журасова А.Ш.



16000,0

дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер

13

Батыс Қазақстан аймағындағы газ саласындағы шетел компанияларының қызметін реттеу: мемлекеттік саясат және маңызы

т.ғ.к.

Серикова Л.С.



16 000,0

Құқықтық пәндер

Филология факультеті

14

Студенттер мен оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жүйесіндегі исламдық ренессанс

п.ғ.д., профессор Абузяров Р.А.

15000,0

Тілдерді оқытудың практикалықкурсы

15

Қазақ шешендіктану ғылымы: теориясы және әдістемесі, зерттелуі (тарихи-педагогикалық аспектіде)

п.ғ.д., профессор Кыдыршаев А.С.

10000,0

Қазақ филологиясы

16

Ресей Федерациясында тұратын қазақ диаспорына арналған төл (қазақ) әдебиеті тарихы

ф.ғ.к., доцент Умарова Г.С.

14000,0

Орыс филологиясы

Педагогика факультеті

17

ЖОО білім кеңестігіндегі болашақ кәсіби педагог маман тұлғаны қалыптастырудың акмеологиялық айқындаушылары

т.ғ.д. Адельбаева Н.А.

10475,0

Педагогика және психология

18

XIX ғ - XX ғ. басында Қазақстандағы мектепте білім берудің пайда болуы: нормативтік-құқықтық құжаттар мен нұсқаулықтарда

т.ғ.д. Адельбаева Н.А.

16000,0

Педагогика және психология

19

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында мамандарды кәсіби іс-әрекетке дайындау технологиясын жасақтау («Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы негізінде)

п.ғ.д. Сардарова Ж.И.

4500,0

Педагогика и психология

20

Денсаулық және қауіпсіздік – келешек кепілі

п.ғ.к., доцент Испулова Р.Н.

22 543,6

Ден тәрбиесі әдістемесі мен теориясы

21

Қазіргі Қазақстан жағдайында болашақ педагогтардың кәсіби өзін-өзі тануын қалыптастыру

п.ғ.к., доцент Ерғалиева Г.А.

6000,0

Жалпы педагогика, психология және өзін - өзі тану

Экономика және басқару факультеті

22

Қазіргі заман менеджменті құрылғыларын Қазақстандағы кәсіпкерліктердің көтеру мақсатта енгізу

э.ғ.д. Мерғалиева Л.И.

27000,0

Экономикалық теория және бизнес

23

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының құндық стратегиясын қалыптастыруда ДСҰ кіру жағдайы

э.ғ.к., доцент Сағынова Б.К.

6500,0

Менеджмент және кәсіпкерлік

24

Аймақтық тұрғын үй коммуналдық кешенінде қуатты үнемдеу жүйесін басқару

э.ғ.к., доцент Нугманова М.К.

6964,0

Есеп және қаржы

25

Бюджет жүйесіне енгізілген ұсыныстарды болашақта жүзеге асыру

э.ғ.к., доцент Суйлеменова Г.Н.

7000,0


Менеджмент және кәсіпкерлік

26

Қазақстан Республикасында электр энергиясының баламалы көздерін енгізу

РФ э.ғ.к., Шамакова Н.Г.

11095,4

Есеп және қаржы

Физика-математика факультеті

27

Қыл сымды CVD әдісімен алмазды қабықшалар негізінде биологиялық және химиялық сенсорлардың түп нұсқаларын дайындау

п.ғ.к., доцент Жүсүпқалиева Г.К.

90000,0

Физика және математика

28

Оқу-тәрбие үрдісінде қолдануға арналған инновациялық технология жасақтау және оны білім беру саласына ендіру

п.ғ.к., доцент Медешова А.Б.

5000,0

Информатика

Тарих және құқық факультетінде ең жоғары көрсеткіш, тапсырылған жобалар саны 7, содан кейін, Жаратылыстану - географиялық факультетінде 6 жоба, Педагогика факультетінде 5 жоба, Экономика және басқару факультетінде 5 жоба, Филология факультетінде 3 жоба, Физики және математика факультетінде 2 жобадан келеді.

Өтініштер ұсыну бойынша 2 кафедра бойынша: Биология және экология, дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндері. Әр бір көрсетілген кафедралар 4 жобадан дайындап , ұсынды.(3 кестені қара).

Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығына жолданған 28 жобаның техникалық талаптарына сәйкес деп танылған 27 жоба қабылданды. Техникалық талаптырының дұрыс сақталмағанына байланысты ауыл-шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Н. Кадисованың жобасы қайтарылды.

Университет ғалымдарының тапсырылған 27 жобасы аясында ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде сұратылған сомманың жалпы құны 318 874,4 мың. теңге.

Ғылыми зерттеулер және ізденістер нәтижесі профессор-оқытушыларымыздың түрлі байқауларға қатысуынан да байқалады. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2012» байқауына т.ғ.д., профессор Т.З. Рысбеков, п.ғ.к., доцент Ғ.Қ. Жүсіпқалиева, п.ғ.д., профессор А.С. Қыдыршаев, ф.ғ.к., доцент З.Ж. Мүтиев, б.ғ.к., доцент В.Л. Мельников, п.ғ.к., доцент Р.Н. Испулова, э.ғ.к., доцент Г.Н. Сулейменова үміткерлікке ұсынылып, ф.ғ.к., доцент З.Ж. Мүтиев, п.ғ.к., доцент Р.Н. Испулова, б.ғ.к., доцент В.Л. Мельников, п.ғ.д., профессор А.С. Қыдыршаев – үздік оқытушы атанды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына біздің ғалымдардың қатынасу қорытындысын алатын болсақ, алдыңғы жылдармен салыстырғанда, 2010-2011 жылдары 1 ғалымымыз жүлделі орын алса, 2012 жылы 4 ғалымыз жоғары көрсеткіштен көрінді (5-кесте).
5-кесте

Университет ғалымдарының дәстүрлі байқауларға қатынасуы

(2010-2012 жж.)




Байқау атауы

2010

2011

2012

1

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауы

2 (Т.Дарбаева, Ә.Мұхамбетжанова) үміткерден 1 (Ә.Мұхамбетжанова)

3 (Т.Рысбеков,

Б.Альмуханов, Л.Мерғалиева) үміткерден 1 (Л.Мерғалиева)



7 (Т.З.Рысбеков, Ғ.Қ.Жүсіпқалиева, А.С.Қыдыршаев, З.Ж. Мүтиев,

В.Л.Мельников, Р.Н.Испулова, Г.Н.Сулейменова) үміткерден 4 (А.С.Қыдыршаев, З.Ж.Мүтиев,



В.Л.Мельников, Р.Н.Испулова)

2

Мемлекеттік шәкіртақы иегерлері

Л.Мерғалиева

Р.Сұлтанғалиева

2 жылға


жарияланбады

-

3

ҚР тұңғыш Президенті қорындағы байқаулар

әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі –Д.Габдуллаев, М.Мухамбетов, Н.Жүсіпқали – грант 400 мың теңге

әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі – С.Гиззатов, З.Ауелбаев, Н.Власова – грант 500 мың теңге

-

4

Облыстық деңгейде жыл қорытындылау шарасы

«Жас ғалым» номинациясы - Р.Сұлтанғалиева - І орын


«Жас ғалым» номинациясы –

С.Гиззатов – І орын

жарияланбады

Сондай-ақ С.М. Гиззатов Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталды. 24 мамырда Э.Ж. Имашев V Астана экономикалық форумы аясында «Еуразиялық экономикалық ғалым клубы» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген G-Globl коммуникативті алаңы байқауында «G-Globl коммуникативті алаңындағы үздік мақала авторы» номинациясы қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.

7 тамыз 2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым саласындағы ізденіс сыйлығы байқауын жариялаған (Қ.И. Сатпаев атындағы жаратылыстану ғылымы бойынша үздік ғылыми зерттеу, Ш. Уәлиханов атындағы гуманитарлық ғылымы бойынша үздік ғылыми зерттеулер, Ы. Алтынсарин атындағы педагогика облысындағы үздік ғылыми зерттеу мен жұмыс, Күлтегін атындағы түркология саласындағы ерекше жетістіктер, Д.А. Қонаев атындағы жас ғалымдарға арналған жаратылыстану ғылымы саласындағы үздік жұмыс, М. Әуезов атындағы жас ғалымдарға арналған педагогика ғылымы саласындағы үздік жұмыс) және ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан мамандар мен ғалымдарға арналған, соның ішінде жас талантты ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми шәкіртақы. Аталған байқауға университет ғалымдарының жеті жұмыс жіберілді:

1. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.С. Умарованың «Қазақ әдебиеті тарихы» (ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан мамандар мен ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми шәкіртақы);

2. Биология ғылымдарының кандидаты, доцент В.Л. Мельников, Б.У. Альмуханов «Дене тәрбиесі мен спорт түрлері физиологиялық негізі» (Ы. Алтынсарин атындағы педагогика облысындағы үздік ғылыми зерттеу мен жұмыс);

3. Тарих ғылымдарының кандидаты А.Ш. Журасова «Орал қаласының тарихы: әлеуметті-экономикалық және мәдени даму аспектілері (1946-2011 жж.)» (Ш. Уәлиханов атындағы гуманитарлық ғылымы бойынша үздік ғылыми зерттеулер);

4. Тарих ғылымдарының кандидаты Л.С. Серикова «Тәуелсіздік жылдарындағы Батыс Қазақстан мұнай-газ кешендерінің даму тарихы» (ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан мамандар мен ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми шәкіртақы);

5. Тарих ғылымдарының кандидаты С.М. Гиззатов «Тәуелсіздік жылдарындағы Батыс Қазақстан мұнай-газ кешендерінің даму тарихы» ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми шәкіртақы);

6. РФ география ғылымдарының кандидаты Э.Ж. Имашев «Тенденции и приоритеты пространственного развития Западно-Казахстанской области» (жас ғалымдарға арналған жаратылыстану ғылымы саласындағы үздік жұмыс мемлекеттік шәкірақы);

М.Өтемісов атындағы БҚМУ–ға аталмыш байқауға университет ғалымдарының қатынасуы үлкен дәреже береді.

Біздің университет ғалымдары ғылыми байқауларға қатынасып қоймай, сонымен қатар, ғылыми зерттеу жұмыстары мен жобаларды бағалайтын сараптамашы топтар қатарында. 2012 жылы 4 ғалымымыз республикалық және облыстық деңгейде сараптамашы топтар құрамына қосылды. Экономика ғылымдарының докторы, доцент Л.И. Мергалиева ҚР БжҒ министрлігінің 2012-2014 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру байқауына тапсырылатын өтініштерді бағалау бойынша сарапшы ретінде қосылды. Онымен он ғылыми жобаны бағалауға мүмкіндік туған. 2012 жылдың қараша айында тарих ғылымдарының докторы А.М. Нұрғалиева Қазақстанның мемлекеттік ғылыми шәкіртақысына арналған ғылыми жұмыстарды бағалау бойынша ҚР БжҒ министрлігі Ғылым комитетінің ұйымдастырған «Тарих, археология, мәдениеттану» секциясының сарапшылар тобына қосылды.

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент И.У. Утегенов пен Г.Ж. Сдикова Батыс Қазақстан облысы бойынша «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясындағы Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының мемлекеттік гранттары бойынша байқау комиссиясының құрамына енді. Байқау комиссиясының құрамы Батыс Қазақстан облысы әкімінің үкімімен бекітілген. (№199 от 29.10.2012 г.). 15 қараша 2012 ж. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында кіші және орта бизнес өкілдеріне 30 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грантты беру бойынша байқау комиссиясының отырысы өтті.

ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған «Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа 2012 жылы филология факультеті шет тілі: екі шетел тілі мамандығының 1-курс магистранттары Г.И. Есбергенова, Ф.Т. Құрманғали, Г. Шарабасова, педагогика факультетінен 1-курс магистранты Б. Насығазы, сондай-ақ педагогика, психология және өзін-өзі тану кафедрасынан шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге оқытушы-магистр Б.К. Тұяқовалар құжаттарын тапсырып, аталған бағдарламаның грантын ұтып алды.

4. Ғылыми орталықтардың жұмысы
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да 2012 жылы ректордың 23 қазандағы № 013-539 бұйрығымен алты ғылыми орталық құрылды және Экология және биогеохимия сынақ зертханасы жұмыс жасайды.

Биотехнология және экологиялық зерттеу орталығы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры 23 қазандағы № 013-539 бұйрығымен қайта құрылып, оның директоры болып биология ғылымдарының кандидаты А.С. Ерғалиев тағайындалды. 2012 жылы ғылыми орталықтың ғалымдарымен 2011 жылы шаруашылық келісімшарт негізіндегі жүргізілген зерттеулер жалғасты.

Батыс Қазақстан облысы табиғатты пайдалану және табиғи ресурстарды реттеу басқармасының шаруашылық келісімшарты негізі бойынша 2012 жылы орталықта б.ғ.д., профессор Т.Е. Дарбаеваның жетекшілігімен «Проведение научно-исследовательских работ по определению состояния дубрав» атты ғылыми-зерттеу жобасы орындалды (1,9 млн. теңге).

ЖШС «Атмосфералық ауаны қорғаудың республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» тапсырысымен биология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.С. Қайсағалиеваның жетекшілігімен 1,5 млн. теңге соммасына Орал өзені алабының экологиялық жағдайын кешенді зерттеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді. Орталықтың ғалымдарының зерттеулерінің қорытындысы бойынша 26 желтоқсан 2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне 2013-2015 жылдарға арналған ғылыми зертеулерді гранттық қаржыландыру байқауына 4 жоба дайындалып, жіберілді. Ғылыми жобалар тақырыптары төменде көрсетілген:

- «Солтүстік Каспий маңының құрғақ дала аймағында антропогенді бұзылған топырақтарды қалпына келтіру жүйесінде жаңа бағыттарды негіздеу»;

- «Қазақстан республикасының ұлттық игілігі ретінде Батыс Қазақстан облысының құнды табиғи экожүйелерін сақтау шараларын өңдеу»;

- «Герефорд табынының генофонын жаңа зауыт жасау жолы бойынша сақтау және одан әрі жетілдіру»;

- «Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны және жақын маңдағы территорияның бұзылған экожүйелерін биологиялық рекультивациялау».

Байқау қорытындысы әлі жарияланбады.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры А.С. Иманғалиевтың (23 қазан 2012 жылғы № 013-539) бұйрығы бойынша, жаратылыстану – географиялық факультеті және биогеохимия сынақ зертханасы базасынан «Химиялық зерттеу және технологиялар» ғылыми орталығы құрылды. Орталық директоры болып химия ғылымдарының докторы, профессор Д.К. Мендалиева тағайындалды. Химия ғылымдарының докторы, профессор Д.К. Мендалиеваның жетекшілігімен 2012 жылы келесі зерттеулерді жүзеге асыру жүргізілді:

- «Разработка методологии использования и переработки карбонатного бурового шлама, бурового раствора на нефтяной основе»;

- «Исследование электрохимических реакций на d-элементах (титан, молибден, вольфрам), разработка на их основе индикаторных электродов и использование их в эколого-аналитическом контроле»;

- «Разработка химико-технологических основ переработки и определения вариантов дальнейшего использования нефтяного шлама месторождений Западно-Казахстанской области».

Жоғарыда көрсетілген жобаларды жүзеге асыру бойынша орталықпен 2012 жылы 67,9 млн. теңге игерілді.

Есептік жылда орталықтардың ғалымдарымен «Модифицирленген полифосфаттардың негізінде құрамында фосфоры бар бейорганикалық материалдардың алынуын ғылыми негізде өңдеу» тақырыпта жобасы дайындалып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті байқауына жолданды.

«Разработка химико-технологических основ переработки и определения вариантов дальнейшего использования нефтяного шлама месторождений Западно-Казахстанской области» атты жобаның іске асыру қорытындысы бойынша алынған нәтижесімен, 21-22 қараша күні Астана қаласында ұйымдастырылған «СТИНЕКС» қазақстандық көрме компаниясы «Қазақстан автожолдары қауымдастығы» ЗТҚ бірлесіп «Қазавтодор-2012». Жабдықтар, жол кешенінің құрылысы және сервистік индустриясы» халықаралық көрмесіне қатынасты.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры А.С. Иманғалиевтің 23.10.2012 ж. № 013-539 бұйрығымен «Махамбет» орталығы құрылды. Орталық директоры болып Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі А.Ы. Мамыров тағайындалды. «Махамбет» орталығы ғылыми орталық болып табылады. Орталықтың мүшелері негізінен Қазақ филологиясы кафедрасының профессор-оқытушы құрамы мен қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің магистранттары мен студенттері. Орталық құрылған күннен бергі екі жарым ай мерзімде келесі іс-шараларды атқарды:

1. «ІV Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. 08.11.2012 ж. Конференция материалдары конференцияға дейін жинақ болып жарияланды. Конференцияға БҚМУ ғалымдары мен ізденушілері, БҚО орта мектеп мұғалімдері, Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орны ғалымдары мақала берді.

2. Орталық рухани мұрамызды толықтыру мақсатында студентерге жәдігерлерді жинақтауда тапсырма беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта қазақ тілі мен әдебиеті ғылымы бойынша материалдар жинақталуда.

3. 10.12.2012 ж. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық мектептің 9-11 сыныптары қатысуымен «Қазақ филологиясы және Зейнолла Қабдолов» атты қалалық олимпиада өткізілді. Олимпиада екі турдан тұрды. Соңында оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталып, университетке оқуға шақырылды.

4. 11.12.2012 ж. Жазу қабілеті бар талантты студенттерді анықтау мақсатында «Сөз өнері және Зейнолла Қабдолов» атты мүшайра өткізілді.

5. 12.12.2012 ж. Академик Зейнолла Қабдоловтың туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақтың Қабдоловы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Тарих және құқық факультетінің жанындағы 2007 жылдың 1 қазанынан бастап күні бүгінге дейін жұмыс істеген «Мәдени мұра» ғылыми орталығы заман талабына сай 23 қазан 2012 жылғы № 013-539 университет ректорының бұйрығымен «Қазақстан тарихы және өлкетану» орталығы болып аталды. Ғылыми орталық өлке тарихының зерттелмеген, кенже қалған тұстарын зерттеу бағытында көптеген жұмыстар атқарды. Мәселен, Т.З. Рысбековтың «Өскен өлке тарихы», «Менің Қазақстаным», «Көзқарас», «Диалог с историей», т.ғ.д., профессор Ә.Қ. Мұқтардың «Азаттық таңы жолында», «Нұралы хан және Сырым батыр», «Қазақ мұнайының тарихы», «Тарих тұңғиығындағы тұлғалар», т.ғ.к., доцент И.Н. Кенжалиевтың «Бөкей Орда тарихы», «Батыс Қазақстанның қасыретті жылдары (1916-1920 ж.ж.)», «Махамбет», «Махамбет толғаулары», «Махамбет күйлері», «Ғұмар Қараш», «Мәншүк батыр», «Ақылгөй шешен бабаларымыз», т.ғ.д., профессор Т.З. Рысбековтың жетекшілігімен жарық көрген авторлық ұжымның «Бөкей Орда тарихы», «Батыс Қазақстан облысының тарихы» еңбектерін атап өтуге болады.

Бүгінде ғылыми орталық түрлі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер өткізумен айналысып келеді. Орталық директоры болып дүниежүзі тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты А.Ш. Журасова тағайындалды.

2012 жылы тарих ғылымдарының докторы Ұ.Т. Ахметованың ғылыми жетекшілігімен және орталық ғалымдарымен «ХҮІІІ-ХХ ғасыр бас кезеңіндегі Қазақстанды зерттеген ғылыми қоғамдар мен мекемелер: тарихы, зерттеу бағыттары және маңызы» тақырыбындағы жоба аясында 2,0 млн. теңге соммасына зерттеулер жүргізілді.

Есептік жылда 2013-2015 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру байқауына орталық ғалымдарымен төменде берілген жобалар дайындалды:

- «Қазақ халқының дәстүрлі басқару жүйесіндегі билер, батырлар, тархандар, жасауылдар институттары: олардың қызметі және жойылуы (XVIII-XIX ғ.)»

- «Еділ мен Жайық аймағындағы түркі тілдес халықтар: тарихы, мәдениеті, рухани сабақтастығы (ХҮІІІ- ХХ ғғ.)»;

- «Жайық өзенінің Еуразия тарихында алатын орны: әлеуметтік, саяси, этникалық, мәдени даму мәселелері (ХVІІІғ. –XXI ғ. басы)»

- «Этникааралық және конфессияаралық толеранттық қазақстан қоғамының ұлттық қауіпсіздігін қ

амтамасыз ету факторы ретінде»;

- «Модернизация дəуіріндегі Батыс Қазақстан қалаларын зерттеу: тарихы мен аймақтық ерекшеліктері (ХІХ -ХХғ. басы)».

Бұл жобалар қазіргі уақытта сарапшылармен қаралуда.

Педагогика факультетінің жанында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры А.С. Иманғалиевтің 23.10.2012 ж. № 013-539 бұйрығымен «Бәйтерек» акмеологиялық орталығы құрылды және т.ғ.д., доцент Н.Ә. Әділбаева оның директоры болып тағайындалды. Акмеология мәселерін оқыту бойынша және ғылыми-зерттеу консорциумын құруды жүзеге асыру үшін ғылыми орталық Иваново мемлекеттік универстетімен (Иваново қ. Рессей) тығыз қарым-қатынаста. Сонымен қатар, орталық ғалымдарымен 2013-2015 жылдарға араналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға келесі 4 жоба дайынадалып, ұсынылды.

- ЖОО білім кеңестігіндегі болашақ кәсіби педагог маман тұлғаны қалыптастырудың акмеологиялық айқындаушылары;

- XIX ғ - XX ғ. басында Қазақстандағы мектепте білім берудің пайда болуы: нормативтік-құқықтық құжаттар мен нұсқаулықтарда;

- Білім беруді ақпараттандыру жағдайында мамандарды кәсіби іс-әрекетке дайындау технологиясын жасақтау («Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы негізінде);

- Қазіргі Қазақстан жағдайында болашақ педагогтардың кәсіби өзін-өзі тануын қалыптастыру.

Экономика және басқару факультетінде Аймақтық экономика мәселелері орталығы жұмыстануда және орталық директоры болып экономика ғылымдарының докторы, доцент Л.И. Мергалиева тағайындалды.

Орталық «Экономикалық теория және бизнес» кафедрасында құрылғандығымен, факультеттің үш кафедраларының оқытушыларының ғылыми қызметтерін қамтиды. Зерттеу қорытындылары Саратов, Алматы, Самара, Ақтөбе, Орал қалаларында өткен халықаралық және аймақтық конференцияларда баяндалды. Ғылыми зерттеу материалдары кафедрада пәндер бойынша оқыту сабақтарын жүргізу кезінде оқу жүйесінде, оқу-әдістемелік кешендерін дайындау кезінде қолданылды. Орталықтың жетекшілігімен 25 оқытушы ғалымы жұмыс жасайды, соның ішінде 2 ғылым докторы, 19 ғылым кандидаты бар. Ғылыми орталық зерттеулерінің қорытындысы бойынша келесі 5 ғылыми жобалар дайындалды:

- Қазіргі заман менеджменті құрылғыларын Қазақстандағы кәсіпкерліктердің көтеру мақсатта енгізу;

- Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының құндық стратегиясын қалыптастыруда ДСҰ кіру жағдайы;

- Аймақтық тұрғын үй коммуналдық кешенінде қуатты үнемдеу жүйесін басқару;

- Бюджет жүйесіне енгізілген ұсыныстарды болашақта жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасында электр энергиясының баламалы көздерін енгізу.

Жоғарыда берілген жобалар байқауға ұсынылып, қорытындысы жарияланбады.

Экология және биогеохимия сынақ зертханасының қызметі - университет жарғысымен бекітілген іргелі қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды, сонымен қатар білімнің жаратылыстану саласы бойынша (биология, экология, химия, география, химиялық технология) әдістемелік зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру.

ҚР қолданыстағы «Өлшеуіш құралдардың бірлігін қамтамасыз ету» заңын сақтау мақсатында жыл сайын бекітілген жоспар бойынша зертхананың өлшеуіш құралдары мен сынақ құрал-жабдықтары тексеруден және аттестациядан И 18-02/09-5.5.2 құжатына сәйкес өткізілді. 2012 ж. Батыс Қазақстан филиалының «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» зертхананың барлық өлшеуіш құралдарды мен сынақ құрал-жабдықтарды (26 дана) ағымды тексеруден және аттестациядан өткізіп, сертификаттар берілді.

Абонементтік қызмет ету және нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету келісімшарты бойынша зертхананың нормативті құжаттары «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтында» тексеруден өтті.

Әрбір тоқсан сайын және жыл аяғында ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитетке (Астана қ.), Ішкі істер бөлімінің рұқсат жүйесіне (Орал қ.) бақылауға алынған есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы жөнінде есептер тапсырылды (жауапты - зертхана меңгерушісі).

Әрбір тоқсан сайын және жыл аяғында зертхана қызметкерлері қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар, экологиялық төлемдер мен табиғи ресурстар үшін төлемдер туралы есептер тапсырылды (жауапты - зертхана меңгерушісі).

30 қазан - 1 қараша аралығында ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының жалпы талаптар» стандарты бойынша зертхана ЖШС «Ұлттық аккредиттеу орталығы» (Астана қаласы) ұйымдастырылған бірінші инспекциялық тексеруден өтті. Аудит тобы келесі мүшелерден тұрды: аудит басшысы - ЖШС «Ұлттық аккредиттеу орталығының» бас эксперт-аудиторы Жеткеева А.О.; БҚФ РМҚ «Республикалық ветеринарлық зертхананың» басшысы Тлеуова Л.Ж.; ЖШС «Метрологиялық қамтамасыз ету орталығының» бас метрологы Айтюрина Т.Г. Аудит кезінде айтарлықтай сәйкессіздіктер болған жоқ, ұсынылған ескертулер уақытында орындалып, есеп берілді.

Ғылыми жетекшілері мен кафедра меңгерушілерінің тапсырысы және өкімі бойынша жаратылыстану-географиялық факультетінің «Биология», «Экология», «Химия» мамандығының магистранттары зертханада магистрлік диссертацияның ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындады (6-кесте).

Тапсырыс бойынша қажетті химиялық реактивтер, нормативтік құжаттар мен қосымша құрал-жабдықтар дайындалды. Магистранттар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына әдістемелік және практикалық қызмет көрсетілді.



6-кесте

Зертханада орындалған магистрлік диссертацияның тәжірибелік жұмыстары



Магистранттың аты-жөні

Мамандығы курсы

Магистрлік диссертацияның тақырыбы

Ғылыми жетекшісі

1

Молдагалиева Маншук

6N0607 Биология

Орал қаласы маңы су жағалауы өсімдіктерінің даму динамикасы

Б.ғ.д., профессор Дарбаева Т.Е.

2

Жароева Алия


6N0607 Биология

Эхинококкоз эпидемиологиясы және оның алдын алу жолдары (БҚО мысалында)

Б.ғ.к., доц. Байдулова Л.А.

3

Сейфуллина Баян

6М0112

Химия


Вольфрамды электрод-ерітінді бөлімінің шекарасында электро-химиялық реакциялардың физика-химиялық сипаттамалары

Х.ғ.д., профессор Мендалиева Д.К.

4

Уалиахметова Жастолқын

Биология,

2 курс


Шалқар қөлі аңғары экожүйесінің қазіргі жағдайы

Б.ғ.к., доцент Қайсағалиева Г.С.

5

Гайсина

Гүлайым


Экология,

2 курс


Бөкей Ордасы ауданының Artemisia туысы өсімдіктерінің биохимиялық ерекшеліктері

Б.ғ.к.,, доцент Утаубаева А.У.

6

Сарсенғожина Гүлсара

Биология,

2 курс


Қалдығайты өзені аңғары биогеоценоздардың өзгеру динамикасы

Б.ғ.к., доцент Қайсағалиева Г.С.

7

Бисембаева Тоғжан

Экология,

2 курс


Утва өзені өсімдік қауымдастығының құрылымы мен динамикасы

Б.ғ.д., проф. Дарбаева Т.Е.

8

Уразгалиева Назгүл

Биология,

2 курс


Жайық өзені интразоналды өсімдік жамылғысына методологиялық негіздері

Б.ғ.д., проф. Дарбаева Т.Е.

9

Қайыпқалиева Гүлайым

Экология,

2 курс


«Ақжайық ауданы шөлейт қауымдастықтарының экологиялық жағдайы»

Б.ғ.к., доцент Қайсағалиева Г.С.

10

Джангазиева Бибигүл

Экология,

2 курс


Содержание тяжелых металлов в тканях пресноводных рыб Западно-Казахстанской области

Б.ғ.к., доцент Байдулова Л.А.

11

Куницын

Василий


Экология,

2 курс


Экологическое состояние растительного и повенного покрова КНГКМ и прилегающей территории

Б.ғ.к., проф. Фартушина М.М.

12

Султанова Жұмабике

Химия,

2 курс


Кредиттік технология жағдайында СӨЖ және СОӨЖ ұйымдастыру

Х.ғ.д., проф. Мендалиева Д.К.

13

Аймурзина

Назгүл


Химия,

1 курс


Сақиналы фосфатты кешендердің электрондық құрылысының теориялық есептеулері

Х.ғ.к., доцент Ниязбекова А.Б.

14

Мукашева Маншук

Химия,

1 курс


Модифицирленген сақиналы фосфаттардың гидролиттік ыдырауы

Х.ғ.к., доцент Ниязбекова А.Б.

15

Пятина

Ирина


Химия,

1 курс


Разработка химико-технологических основ переработки нефтяного шлама

Х.ғ.д., проф. Мендалиева Д.К.

16

Сармалаева

Жанар


Химия,

1 курс


Разработка методологии проведения лабораторных работ испытаний нефтяного шлама

Х.ғ.к., доцент Кунашева З.Х.

Зертханада 4 курс студенттерінің дипломдық жұмыстарының тәжірибелік бөлімі орындалады, сонымен қатар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) және студенттердің индивидуалдық жұмыстары (СИЖ) жұмыстары жүргізіледі.

Сыңақ зертхана базасында 01405 т. 050608 «Экология» мамандағының 4 курс студенттері 23.04-05.05.2012 уақыт аралығында өндірістік сараманнан өтті.

2011-12 ж. сынақ зертхана базасында келесі келісім шарт жобаларының жұмыстары орындалды:



  • «Проведение научно-исследовательской работы по определению состояния дубрав». ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Астана қ. Жетекші - б.ғ.д., проф. Дарбаева Т.Е.

  • «Комплексное изучение состояния бассейна реки Урал Западного Казахстана». ЖШС «Атмосфералық ауаны қорғау» Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы, Павлодар қ. Жетекші - б.ғ.к., доц. Қайсағалиева Г.С.

  • «Исследование электрохимических реакций на d-элементах (титан, молибден, вольфрам), разработка на их основе индикаторных электродов и использование их в эколого-аналитическом контроле». ҚР Білім және ғылым министрлігі, Астана қ. Жетекші - х.ғ.д., проф. Мендалиева Д.К.

  • «Разработка методологии использования и переработки «карбонатного» бурового шлама бурового раствора на нефтяной основе (КБШ)». КПО б.в. Жетекші - х.ғ.д., проф. Д.К. Мендалиева.

  • «Разработка химико-технологических основ переработки и определения вариантов дальнейшего использования нефтяного шлама месторождений ЗКО». ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті, Астана қ. Жетекші - х.ғ.д., проф. Д.К. Мендалиева.

2012 жылы профессор Д.К. Мендалиева жобаларының қаржылығы есебінен зертханаға 12 млн. теңгеге жуық соммасына құрал-жабдықтар сатып алынды (7-кесте).

7-кесте

2012 жылы зертханаға сатып алынған құрал-жабдықтар




Құрал-жабдықтың атауы

Өндірушіңің фирмасы және елі

Құрал-жабдықтың құны, тенге

1

Ашық тигельде тұтану температурасын аңықтайтын құрал

Промхимприбор,

Россия, Москва



254600,0

2

Жабық тигельде тұтану температурасын аңықтайтын құрал

Промхимприбор,

Россия, Москва



307700,0

3

Термоблок

Daihan Scientific, Корея

479999,0

4

Гидравликалық пресс ПГР - 2 дана

ОМА, Италия

615856×2=1231712,0

5

Аралыстырғыш құрал

Daihan Scientific, Корея

220034,0

6

Фотоэлектрлі концентрационды колориметр

ОАО «Загорский оптико-механический завод», Россия

150000,0

7

рН-метр МИ-150

ООО «Измерительная техника», Россия,

Москва


80720,0

8

рН-метр милливольтметр

ОАО «Гомельский завод измерительных приборов», Беларусь, Гомель

52440,0

9

Зертханалық су моншасы

ОАО «Ветзоотехника», Россия, Старолетово

30000×2=60000,0

10

Потенциостат-гальваностат

Metrohm Autolab, Нидерланды

1859555,0

11

рН-метр

Metrohm AG, Швейцария

1046075,0

12

Жалынды фотометр

ОАО «Загорский оптико-механический завод», Россия

968000,0

13

Газдық хроматограф

Жоспарлануда

5000000,0




БАРЛЫҒЫ

11710835,0

№АР/Y/11/2108, №990, №1518 жобалары барысында сатып алынған құрал-жабдықтар жоспарланған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін, сонымен қатар болашақта зертхананың аккредиттеу аймағын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін Экология және Жайық-Каспий департаменттермен сөйлесулер жүргізіліп, 2013 ж. ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарлануда.


5. Өткізілген ғылыми-теориялық пен ғылыми-тәжірибелік конференциялар
2012 жылы университет қабырғасында түрлі деңгейде ғылыми-теориялық пен ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, биылғы жылы университетімізге 80 жыл толуына байланысты шаралар өткізілді. Жыл бойы университетте 5 халықаралық, 4 республикалық, 1 аймақтық, 7 облыстық конференция өтті. Олардың ішінде жоспардан тыс, жергілікті әкімшілік пен түрлі ұйымдар тарапының ұсынысымен оздырылған 1 халықаралық, 2 республикалық, 6 облыстық конференция өтті.

2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар көп ұйымдастырылған (3-сурет). Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, орташа есеппен 8 конференция ұйымдастырылып отыр.


3-сурет. 2007-2012 жж. аралығындағы халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларды өткізіу динамикасы

Төменде 2012 жылы өткізілген конференциялар келтірілген (8-кесте).
8-кесте

2012 жылғы өткізілген ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференциялар тізімі





Атауы

Дәрежесі

Өту мерзімі

1

Қазіргі экономиканың мәселелері

халықаралық

26-27 сәуір

2

Тайманов оқулары - 2012

халықаралық

20-21 сәуір

3

Әлем мәдениеті контексіндегі білім жүйесіндегі жалпыадамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелері

халықаралық

16 мамыр

4

Алаш қозғалысы және қазақтың ұлттық идеясы

халықаралық

27 қыркүйек

5

Жоғары оқу орнындағы білім, ғылым және инновация: кешегісі, бүгіні және келешегі

халықаралық

23-24 қараша

6

«Х. Доспанова – қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы»

республикалық

4 мамыр

7

Алаш Орда және тәуелсіздік

республикалық

30 қазан

8

IV Махамбет оқулары

республикалық

8 қараша

9

Мәмбетов мұрасы және қазіргі қазақ режиссурасының өзекті мәселелері

республикалық

18 қыркүйек

10

Қазіргі кезеңде шет тілін оқыту: мәселелері мен келешегі

аймақтық

28 наурыз

11

Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруының негізгі жолдары - әлеуметтік дамудың басты кепілі

облыстық

17 қазан

12

Оқу орны кітапханаларының оқу үрдісіндегі рөлі, даму кезеңдері мен бағыт алысы

облыстық

19 қазан

13

Шетел тілдерін интерактивті әдістер арқылы оқыту: қазіргі ахуалы мен келешегі

облыстық

31 қазан

14

Елбасы Н.Ә. Назарбаев және жаңа әлемдегі Қазақстан

облыстық

29 қараша

15

Оқытудың ақпараттық технологиясының білім сапасын арттырудағы орны

облыстық

7 желтоқсан

16

Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор Зейнолла Қабдолұлының туғанына 85 жыл толуына орай

облыстық

12 желтоқсан

17

«Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

облыстық

20 желтоқсан

Университетте ұйымдастырылған бес халықаралық конференциялар: олар 2012 жылдың 20-21 сәуірінде М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 80 жылдығына және физика-математика ғылымдарының докторы, академик А.Д. Таймановтың 95 жылдығына арналған «Тайманов оқулары - 2012» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияның пленарлық мәжілісіне М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик Иманғалиев Асхат Сәлімұлы қатынасты. Конференцияда физика-математика ғылымдарының докторы, академик А.Д. Таймановтың өмірі мен қызметіне арналған бейнефильм көрсетілді. Конференция жұмысында С.Л. Соболев атындағы РҒА СБ математика институты академигі, физика-математика ғылымдарының докторы И.А. Таймановтың, С.Л. Соболев атындағы РҒА СБ математика институты профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Я.В. Базайкинның, Білім беру бағдарламаларының Привольже орталығы профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Е.Я. Коганның, Польшаның Туризм және мәдениет халықаралық институты профессоры Р. Гжембовсканың, Қалмақ мемлекеттік университеті доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Е.В. Сумьянованың және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры, доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты Ғ.Қ. Жүсіпқалиеваның баяндамалары тыңдалды. Конференцияның қорытындысы бойынша 73 мақала құралған жинақ шығарылды.

26-27 сәуірде «Қазіргі экономиканың мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция оздырылды. Конференцияға Самара мемлекеттік экономика университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Ю.В. Матвеев, «Жайықжылуқуат» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Ш. Хамитов, Польшаның Быдгощ қаласының Экономика университеті профессоры ғылым докторы Ц. Косчеляк, Ресей халықтар достастығы университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Е.В. Маслов, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты М.М. Даришев, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Ш.О. Шаяхметова және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті профессоры, экономика ғылымдарының докторы Л.И. Мергалиева шақырылды. Конференция жұмысы үш секция бойынша жүргізіліп, онда 68 баяндама тыңдалды.

Есептік жылдың 16-шы мамыры күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультеті «Тілдерді оқытудың практикалық курсы» кафедрасының ұйымдастыруымен елімізге белгілі ғалым, әдіскер-ұстаз, қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Разак Абдрахманұлы Абузяровтың 80 жасқа толу мерейтойына орай «Әлем мәдениеті контексіндегі білім жүйесінде жалпыадамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияның негізгі мақсаты Елбасының ислам ынтымақтастық ұйымына төраға болуына байланысты исламдық жаһандану ренессансын дамыту, жастарға рухани-құндылық тәрбие берудегі исламдық жаһандану ренессансы, ислам ренессансы ғалымдарының жетістіктері негізінде қазіргі жастардың рухын қалыптастыру.

Конференцияға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.К. Сүлеймен, Башқұртстан мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Л.Г. Саяхова, Мәскеу қаласынан Білім беруді дамыту федералдық институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор З.Г. Сахипова, Қазан федералды университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Р.К. Ганиева, Татарстан ғылым академиясы Г.Ибрагимов атындағы тіл, әдебиет және өнер институты текстология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы З.З. Рамеев және Ғабдолла Тоқай Еуразиялық орталығының өкілі Ш.Т. Фаткуллин (Татарстан), Алматы қаласынан Қазақстан Республикасы Татар және башқұрт этномәдени бірлестігі қауымдастығының президенті, саясаттанушы, жазушы Т.А. Каримов және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Г.А. Қажығалиева, сонымен қатар Қазақстанның өзге де аймақтарынан ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, арнаулы орта және орта жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен студенттер қауымы қатысты.

Конференция жұмысы жастарға рухани-құндылық тәрбие берудегі исламдық жаһандану ренессансы және тілдерді оқытудың лингвомәдени аспектілері атты секцияларында жалғасын тапты.

Конференцияға Украинаның Донбасс қаласынан А.Р. Габидуллина, О.С. Шлапаков, Бердянск қаласынан А.Г. Чикибаева, Ресейдің Москва қаласынан З.Г. Сахипова, Қазан қаласынан Ф. Галимуллин, З.З. Рамеев, Р.К. Ганиева, Уфа қаласынан Т.Р. Салихов, Л.Г. Саяхова, Р.Т. Сулайманова, Қырғызстанның Бішкек қаласынан Т.М. Аюпов, Қазақстанның Ақтау қаласынан О. К. Бeгeндикoв, А.К. Исмуханов, Г.А. Куатова, A.К. Кaлaбepгeнoвa, Д.М. Татанова, Р.М. Усембаева, Алматы қаласынан Г.Ж. Кажигалиева, Г.Т. Хайруллин, А.Д. Маймакова, А.Н. Шманова, Атырау қаласынан Ж.М. Абдрахманова, Г.М. Амангалиева, Б.Ж. Джумамухамбетова, В.И. Ермольчева, Р.С. Уталиева, Көкшетау қаласынан Ж.Д. Баймакова, Ә. Гуламов, А. Джұмағалиев, С.К. Касимова, А. Құрманова, Қарағанды қаласынан Б.К. Бегахметова, Б.М. Ибраева, И.С. Рыхликова, Г.Ш. Оразгалиева, М.А. Тугамбекова, Семей қаласынан Г.А. Бадамбаева, О.Т. Солтанбекова, Тараз қаласынан Г.М. Иманбекова, С.А. Омаров, И.А. Яхияев, Шымкент қаласынан Г.А. Жапбарова және т.б. ғалымдар мен озат мұғалімдер қатынасты. Конференцияда 17 ғылым докторы, профессор, 31 ғылым кандидаты, доцент, 29 магистрдің баяндамасы тыңдалды.

27 қыркүйек 2012 жылы Жаһанша Досмұхамедовтың 125 жылдығына арналған «Алаш қозғалысы және қазақтың ұлттық идеясы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияға Батыс Қазақстан облысы әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев және «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Хатшысы Ерлан Тынымбайұлы Карин қатынасты. Пленарлық отырыста РФ туризм және мейманжайлық институтының қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Д.А. Аманжолованың, Х.А. Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасы доценті, тарих ғылымдарының докторы Т.М. Хазретәлінің, Өзбекстан Ғылымдар Академиясы Қарақалпақстан бөлімінің тарих және археология институтының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты А.М. Жұмашевтың, Батыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі, 2 ші саннаттағы заңгер, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Р.С. Мажитовтың, гуманитарлық ғылымдар оқу-ғылыми-зерттеу орталығы директоры Е.Е. Сайлаубайдың, Оңтүстік Орал тарих және этнография Ғылыми зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Т.И. Тугайдың, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры М.Н. Сдықовтың, «Костанайские новости» газетінің бөлім меңгерушісі, тілші Л.И. Фифелованың, ғалым, алаш қозғалысының тарихын зерттеуші С. Аққұлының, тарихшы, өлкетанушы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Ақбай Жайсанның, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы Ұ.Т. Ахметованың, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті БҚО бойынша басқармасы бастығы, 3-ші дәрежелі мемлекеттік заң кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты С.С. Үмбеталиевтің, Еуразия академиясының аға оқытушысы С.С. Ерғалиевтың, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті профессоры, тарих ғылымдарының докторы А.М. Нұрғалиеваның, мәдениеттанушы, өлкетанушы А.Т. Сафуллиннің, Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетінің доценті Д.Д. Сүлейменованың және Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі директорының орынбасары А.Ж. Қайырғалиеваның баяндамалары тыңдалды. Жиын Сырым ауданында мерекелік шарамен жалғасты.

23-24 қараша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 80 жылдығына байланысты «Жоғары мектептегі білім, ғылым және инновация: кешегісі, бүгіні және ертеңі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияда жоғары мектеп жүйесіндегі білім, ғылым және инновацияның маңызды мәселелері мен оларды қазіргі кезеңдегі жетістіктерді есепке ала отырып шешудің жолдары талқыланды.

Конференция аясында келесі секциялық мәжіліс өткізілді.

1. Әлеуметтік-гуманитарлық және құқықтық білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер.



  1. Педагогикалық білім берудің қазіргі таңдағы даму үрдістері

  2. Экономиканың даму басымдықтары.

  3. Жоғары білім беру жүйесіндегі музыка мәдениеті мен өнер саласының аймақтық дәстүрлі интеграциясы.

  4. Жаратылыстану-математикалық ғылымдардың білім беру үрдісіндегі дамуы.

  5. Әлемдік деңгейдегі Махамбет тұлғасы және рухани құндылықтар.

Көрсетілген секция жұмыстарына (сырттай қатысқандарды қоса есептегенде) барлығы 285 адам қатысты, оның ішінде 45 ғылым докторы, 111 ғылым кандидаты, сонымен қатар магистрлер, магистранттар және колледж бен жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері бар.

Конференция жұмысына Польшадан, Германиядан, Мимар Синан көркем өнер университетінен (Түркия), Қалмақ мемлекеттік университетінен (Ресей), Краснодар мемлекеттік мәдениет және өнер университетінен (Ресей), Самара мемлекеттік өнер және мәдениет академиясынан (Ресей), Астрахань мемлекеттік университетінен (Ресей), Пятигор мемлекеттік университеті (Ресей), Донбасс мемлекеттік педагогикалық университеті (Украина), Башқұрт мемлекеттік университетінен (Ресей), Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлтық өнер академиясынан, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар университетінен, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінен, Қазақ гуманитарлық заң университетінен, Қаржы полиция академиясынан, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтынан, Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінен, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтынан белгілі ғалымдар қатынасты.

2012 жылы төрт республикалық конференция оздырылды, соның ішінде 4 мамыр күні «Х. Доспанова – қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияда продюсер әрі авторы М. Жәкібаевтың «Хиуаз Доспанова» атты деректі фильмі көрсетілді. Ғылыми конференция М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик Иманғалиев А.С, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сүлеймен С.К. және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия кеңесшісі Әлпейісова Қ.Ә. құттықтау сөздерімен басталды. Сонымен қатар, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы А.Қ. Ахметтің, Ұлы Отан соғысы ардагері, тарих ғылымдарының кандидаты, ұстаз П.Р. Букаткиннің, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ә.И. Исмаиловтың және Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Б.С. Боранбаеваның баяндамалары тыңдалды. Конференцияның үш секциясына бойынша 39 мақала жиналды.

18 қыркүйекте Халық Қаһарманы, КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қоғам қайраткері, режиссер, профессор Әзірбайжан Мәмбетовтың 80 жылдығына арналған «Мәмбетов мұрасы және қазіргі режиссураның өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияның жұмысында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері А. Мұхамедұлының, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Өнертану, Кино және ТВ» факультетінің деканы, өнертану докторы Б.К. Нұрпейістің, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, «Театр тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі, өнертану кандидаты,театр сыншысы С.Д. Қабиеваның, филология ғылымдарының докторы, профессор К.И. Молтобарованың баяндамалары тыңдалды.

30 қазанда М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы, Ж. Жосмұхамедов атындағы педагогикалық колледж және «Батыс Қазақстан облысы Жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруларымен Жаһанша Досмұхамедовтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Алаш Орда және тәуелсіздік» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы оздырылды. Оған Конференция М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик А.С. Иманғалиев және Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.К. Сүлеймен, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы А.Қ. Ахмет, Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Алашорда жетекшісі С Д. Д.үлейменова, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Р.С. Мажитов, ҚР Президенті жанындағы мелекеттік басқару академиясының қылмыстық құқық және процесс кафедрасының меңгерушісі А.Ш. Маликова, Ресейдің Уфа қаласынан тарих ғылымдарының кандидаты Р.Р. Газизов және Башқұрт мемлекеттік университеті «Башқұртстан Республикасы және этнология тарихы» кафедрасының ассистенті, тарих ғылымдарының кандидаты Т.Т. Ильясов секілді белгілі ғалымдар қатынасты.

Қараша айының сегізінші жұлдызында «ІV Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның жұмысы «Махамбет және қазіргі қазақ тілі мен әдебиетінің теориялық, әдістемелік мәселелері», «Қоғамдық, әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар ерекшеліктері», «Жаратылыстану, экономика, өнертану ғылымдарының мәселелері» секциялары бойынша жалғасты.

Онда Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы С.Ж. Сапанов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты С.С. Дүтбаева, Махамбеттанушы А. Бек-Құрақ, Өлкетанушы Ғ.Өтебәлі, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Е.Ш. Нұрымбетов, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының докторы Ғ.Қ. Хасанов және т.б ғалымдарымыз қатысты.

2012 жылдың 28 наурызында «Шет тілін оқытудың теориясы мен практикасы» кафедрасы ұйымдастыруымен «Қазіргі кезеңде шет тілін оқыту: мәселелер мен келешегі» атты бір аймақтақ ғылыми-тәжірибелік конференция оздырылды. Конференция жұмысында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының әдіскері С.Б. Брекеева, Донбасс мемлекеттік педагогикалық университетінің шет тілдер институты, тіл практикасы мен ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы Я.Н. Бельмаз, Гуттенберг атындағы университеті ағылшын тілі және лингвистика кафедрасының докторанты, филология магистрі В.С. Зубков, филология ғылымдарының кандидаты А.Г. Абуханова, С. Баишев атындағы Ақтөбе университетінің доценті, педагогика ғылымдарының докторы А.М. Токжанова және қалалық білім бөлімінің ағылшын тілі бойынша әдіскері С.М. Абулхатина баяндамаларын оқыды. Конференция аясында екі секция жұмыс жасады. Онда 72 баяндама тыңдалды.

Университетте облыстық деңгейде ғылыми конференциялар көптеп ұйымдастырылады. Соның ішінде есептік жылдың 19 қазанында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 80 жылдығына орай, ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен білім беру мекемелеріндегі кітапхананың орны мен қазіргі таңдағы инновациялық даму бағыттары мақсатында «Оқу орны кітапханаларының оқу үрдісіндегі ролі, даму кезеңдері мен бағыт алысы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция барысында негізгі қаралған тақырыптар:



  1. Орта және арнаулы оқу орындарының кітапханашыларының кәсіби біліктілігі, оқырмандармен жүргізетін тәрбие жұмыстары.

  2. Оқу орындарында инновациялық іс-қызметті кітапханалық-библиографиялық жұмыста қолдану кезеңдері.

  3. «Университет інжу-маржаны»: 80 жылдық тарихы бар ғылыми кітапхана өмірі мен даму барысы.

  4. Кітапханалардағы оқу процесіне қатысты электронды ресурстарының жасақталуы, жетілдіру жолдары.

  5. Білім беру орындарындағы кітапханалардың оқу процесіне сай оқулық әдебиеттермен, әдістемелік құралдармен жабдықталуы.

  6. БҚО кәсіптік және техникалық оқу орындары кітапханаларының өзара байланысуы, ақпараттандыру, кітап қорын қалыптастыру, пайдаланушыларға қызмет көрсету, инновациялық жұмысты енгізу мәселелерін шешудегі М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасы әдістемелік орталығының орны.

Конференцияда Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғылыми кітапханасы директоры А.Б. Есенаманованың, БҚО ӘББ Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің кітапхана меңгерушісі К.Ж. Умбетованың, Орал қаржы экономикалық колледжінің кітапхана меңгерушісі В. Искакованың баяндамалары тыңдалды.

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруының негізгі жолдары - әлеуметтік дамудың басты кепілі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция 17 қазанда ұйымдастырылды. Конференцияда дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушысы М.Б. Гайсинаның, дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Б. Сүлейменованың, дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты А.С. Аманбаевтың, менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Г.Н. Сүлейменованың, менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Б.Қ. Сағынованың және екінші курс студенті М. Бертаевтың баяндамалары тыңдалды.

31-ші қазанда өткен «Шетел тілдерін интерактивті әдістер арқылы оқыту: қазіргі ахуалы мен келешегі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның басты мақсаты мектеп пен жоо-да шетел тілдерін интерактивті әдістер арқылы практикалық оқытудың заманауи тәсілдерін пайдалану болып табылады. Шараға АҚШ елшілігі ағылшын тілі аймақтық кеңсе бағдарламасының қолдауымен және оның аймақтық директоры Дженнифер Ухлер, АҚШ-тан келген оқытушы, магистр Давид Нортон және конференцияның құрметті қонағы Германия профессоры, филология ғылымдарының докторы Карл Кайнер қатынасты. Конференция жұмысында отыз баяндама тыңдалды. Давид Нортон қазіргі кезде Университетімізде шет тілін оқыту мен аударудың теориясы және практика кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарады.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлескен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Елбасы Н.Ә. Назарбаев және жаңа әлемдегі Қазақстан» атты ғылыми-теориялық конференция 29 қараша күні ұйымдастырды. Конференция жұмысында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы Ә.С. Тасмағамбетовтың «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы және республикадағы білім жүйесінің дамуы» тақырыбындағы баяндамасы, сонымен қатар, конференцияда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті академиялық мәселелер департаментінің директоры, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.С. Қайсағалиеваның «Модернизация деятельности вуза и индустриально-инновационное развитие региона», Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ә. С. Байболсынованың «Елбасы және интеграциялық мәселелер», Дүниежүзілі тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Б. Сүлейменованың «Роль Н. Назарбаева в развитии теории Еразийства» және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ІV курс студенті Д. Мергеневаның «Н.А. Назарбаев: стратег, дипломат, политический деятель» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды.

2012 жылдың 7 желтоқсан күні оқытудың ақпараттық технологиясының дамуын білім сапасын арттыруды қамтамасыз ететін бағыттардың бірі ретінде талқылау мақсатында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Оқытудың ақпараттық технологиясының білім сапасын арттырудағы орны» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияның негізгі бағыттары информатиканы оқытудың қазіргі проблемалары мен оны шешу жолдары, кәсіптік білім беру сапасын арттыруда ақпараттық технологияны қолдану және білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары.

Конференция жұмысына Батыс Қазақстан облысының ауылдық және қала мектептерінің мұғалімдері, информатика және ақпараттық жүйелер мамандығының бітіруші студенттері қатысты. Пленарлық отырыста төмендегідей тақырыптардағы баяндамалар тыңдалды: «Құзыреттілікке бағдарланған оқытуды сапалы жүргізу жолдары» (баяндамашы - Медешова А.Б, доцент, п.ғ.к.), «Химия сабағында АКТ пайдаланудың білім сапасын арттырудағы рөлі» (баяндамашы - Аманғалиева А.М. химия пәнінің мұғалімі, №30 ОЖББМ, Орал қ.), «Использование ИКТ в урочной и внеурочной деятельности учащихся» (баяндамашы - Жигалина С.В., информатика пәнінің мұғалімі, №35 мектеп-лицей, Орал қ.), «C++ BUILDER ОБП тілінде мультимедиалық жоба жасау» (баяндамашы - Мухамбетова Ғ.Г., информатика кафедрасының аға оқытушысы).

Сонымен қатар, электронды оқу-әдістемелік басылымдардың, дидактикалық материалдардың, оқу-әдістемелік қамтамалардың, инновациялық технологиялардың және әдістемелердің көрмесі ұйымдастырылды. Конференцияға қатысушылардың сұрауы бойынша бірнеше электронды оқу-әдістемелік құралдарының жұмысы интерактивті тақта арқылы көрсетілді. Жалпы, конференция барысында – пленарлық және секциялық отырыстарда, ақпараттық технологиясының білім сапасын арттырудағы орны туралы өзекті сұрақтары бойынша қызықты пікірлер және ұсыныстар айтылды. Үш секция жұмысы бойынша 47 баяндама тыңдалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет