Ғылыми конференциясының материалдары



бет107/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер

1. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. – Алматы: Мектеп, 2010. – 304 б.


2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. – 264 б.
САН ӘЛЕМІ


ГымыңТұмаргүл (Қазақстан)
Әл-ФарабиатындағыҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Смағұл М.Ж.

Сиқырлы сандар әлеміне саяхат жасаған ғұламалар жер жүзінде жеткілікті. Негізі Тәураттан, Забурдан, Библиядан тарап Құранмен негізделеді. Тіл – дыбыс үндестігі. Дыбыс – сан. Оған қазіргі заманда таң қалдыру қиын. Сіздің ұялы «телефондағы» дыбысыңыз дереу сандарға айналып жер әлемінің екінші шетінде оны естіп, көріп отыра береді.


Сандар туралы жазылған кітап та, өлең те көп, тек Құран маңындағы сандар туралы сөз қозғасақта жетер. Құрандағы тақ сандар өсу, көбею белгісін қалыптастырса, жұп сандар жаратушымыздың араласуын, үкім, тұжырымды білдіреді. Сандар туралы жазылған кітап та, өлең те көп, тек Құран маңындағы сандар туралы сөз қозғасақта жетер. Құрандағы тақ сандар өсу, көбейю белгісін қалыптастырса, жұп сандар жаратушымыздың араласуын, үкім, тұжырымды білдіреді. 3 саны ежелден белгілі, оны бүкіл дүние жүзі ғалымдары пайдаланса 5 саны құпия болып Пифагордан бастап Европа елдерінде 5 саны қасиетті киелі сан болып, оны тіптен нотаға да қатыстырмаған, 5 саны бар ноталарды қолдануға тыйым салынған. 5 санын алғашқы болып енгізген ғылыми дәлелдеген Әл-Фараби атамыз. Әл-Фараби оның жалған түсінік екенін дәлелдеп, ноталық сандарды жаңа жолға, бір жолға келтірген, табиғи сандардың үздіксіз санатын қолданған. Осы жаңалық барлық халықтардың музыкалық мәдениетіне әсерін тигізеді.
Осы сияқты Әл-Фараби басқа да жалған ұғымдарға, басқа салаларда да соққы берген. Аспан шырақтарын және жер бетін өлшеу аспаптарын Әл-Фараби атамыз жетілдірген және тыңнан жасаған. Оның күн сағатын жасаған әдісін осы күнге дейін қолдануда. Сәулені шоғырландыру (оптика) әдістерін дыбысқа қолдану сол арқылы музыка саласында жаңадан жол ашу тамаша даналық. Қазақ ғалымдарының дыбыстық зерттеу жүйелері АБЖД ғылымы, ол – абжад есебі. «Ақиқат бастауының» алғашқы кітабында мағлұмат берілді. Сондықтан оған көп тоқталмаймыз. Аспан әлемі туралы зерттеген көріпкелдер, ғалымдар пікірі өзгертілмей жазылды. Бұл кітапта тек Құраннан мәлімет беріледі, салыстырып оқу әр оқырманның өз жұмысы. Негізінен абжад ғылымы ескі алфавитті есте сақтаудың оңай тәсілі. Араб алфавиті осы есепке оңай келеді. Ал қазақ алфавитінде 42 дыбыс жүйесінен тұрады. Құран аяттарында қатар-қатар сап-сап періштелер деген сөздер жиі қолданылады. Сондықтан Ыбырай атамыз тәртіпке келтірген қатар есебін пайдаланып көрейік. Алла сөзі сандар орынымен 1+16+16+1=34 саны шығады. Рахман сөзі 15+26+7+1+13=90. Сол сияқты діни ғұламалардың мешіт имандарымыздың көп қолданылатын сөзі «Аллаһ» деп жеке айтады, сандар тізбегі 1+16+16+1+31=65. Орыс тіліндегі аудармадағы Аллах сөзі орыс алфавитімен =51санын құрайды. Қазақтың қиналғанда әсірелеу сөзі «ойбай» сандық мәні 50-ді құрайды. Дыбыс жиілігі ұқсас келеді. Енді Яссауи бабамыздың пайдаланған зікір сөздерді хай -44 ху-58 жұп сандар жиынтығы болып, әрі өзінің қолдану заңдылығы бар. Яғни басқа тілдегі сөздерді мейлі араб, мейлі орыс, қазақ тіліне дұрыс аудармасы болмаса, толық сөйлем мағынасымен пайдалану керек. Оған әлі алда түр (рең), өріс туралы ұғымдарда тоқталамыз. Сондықтан дін танушы, діни сауатты бауырларымыз мүмкін есептеп көрер.
Құранда тақ және жұп сандар мәніне өте қатты мән берілген. Көркем сөйлеу, көркем жазу өз ана тіліңді дыбыс үндестігімен ғана іске асады. Құранда «ассалаумағалейкум» деген сөз де көре алмайсың «Сәлем дейді» деген жаннаттықтар. Көп діни газет-журналдарды оқу мүмкін емес. «Пайғамбар деген сөздің артынан мөр басады немесе Ғ.С.Р.А. деген болмаса жаны жаннатта болсын деп тілек айтумен мақаланы аяқтайды. Құранда пайғамбарлар жаны жаннатта» деген жаратушымыз. Ол, мейірімді. Бұл мысалдарды келтіріп отырған себебім алда жалда жақшаның ішіндегі көп сөздерді алып тастап қазақшаласам дінтанушы ағайын ренжімесін деп алдын ала кешірім сураймын. Жалпы Құранда төрт қиямет уақыты бар; қиямет сағаты, қиямет күні, қиямет мезгілі соңғы аллаға тірелу қиямет-қайым болып есептеледі. Тербеліс есебі үшеу. Үш қиямет (тербеліс) сағатын өткізген жаратылыс иесіне енді қиямет күні болады. Сол сияқты үш қиямет күнінен кейін ғана қиямет мезгілі басталады. Яғни төртінші шешімді тек алла тағала үкімімен өзгеріске ұшырап отырады. Осылай сап-сап тізбек болып тіршілік жалғаса бермек, Жаратылыс есебі 1күн=50000 жыл болса. Уақыт есебі сағат, күн, ай, жыл.. Ахирет есебі 1тәулік=1000 жыл біздің дүние жыл санауымызбен. Осы жүйе арқылы жердегі өмірді, жанның келіп, кету, тағдыр тербелістері шығады. Жалпы 40,30,10,9,7,5,3, т.б. қазақ дәстүріндегі кездесетін қасиетті киелі сандар мәндері түгел Құраннан шығып отырған. Қазақ дәстүріндегі бос сөздер санға байланысты жоқ деседе болады. Және бүкіл сандар жиынтығы 11 жұлдыз және күн мен айға, ғалам тербелісіне тікелей қатысты. Жыл басын санау арқылы ауа райын болжаудан аталарымыз жаңылыспаған. Себебі қыстың қатал болуы жер бетінде ауысу заңдылығы болған. Аталарымыз дәл болжап қыстау ауыстырып жан сақтау тәсілдерін меңгерген. Астрономия ғалымдарының қателіктері жер күнді айналады және өз орнында айналады деп есептеген, сонан көптеген қателіктер туындап отырады. Оған мұсылман жыл санауы куә. Ғалам зерттеушілері қайта бетбұрыс жасайтын уақыты жеткен тәрізді!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет