Ғылыми стиль ғылыми еңбектерде



Pdf көрінісі
Дата06.12.2022
өлшемі18,1 Mb.
#161462
түріОқулық
Байланысты:
Қазақ тілі
Рецензия Дильнара, 1553599788


Дайындаған
:
Маргулан
Алина
Тексерд
:
Аида
Руслановна
Топ
:
П
-231




Ғылыми стиль ғылыми еңбектерде,
баяндамаларда, оқулықтарда қолданылады.
Ғылыми стильде ғылыми терминдер
қолданылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі-ой
күрделі баяндалып, анықтама дәлелдеме
фоомулаларға негізделеді. Аталған стилде
сұраулы, лепті сөйлемдерге қарағанда көбіне ой
хабарлы сөйлем түрінде баяндалады. 
Мысалы: Фотосинтез- жасыл жапырақ
органоидтері,яғни хлорапласт арқылы Күн сәулесі
энергиясының химиялық байланыс энергиясына
айналуы 


Ресми-іс қағаздар стиліне анықтама, мінездеме,
шақыру билеті, шарт, бұйрық, міндеттеме жатады.
Аталған стиль ерекшелігі факт дәл көрсетіліп,
алдын ала дайындалған бір үлгіге сай жазылады. 
Мысалы: тағайындаймын, міндеттеймін, осы
анықтама беріледі, жарлық етемін, түсніктеме
сынды сөздер мен сөз тіркестері ресми-іс қағаздар
стиліне тән. 


Публицистикалық стиль- (латынша- көпшілік, әлеумет)
қоғам үшін маңызды оқиғаларды жариялауда
қолданылады, негізгі мақсаты халықты қоғамдық мәні
бар іске қатыстыру, жұртшылықтың санасына ықпал
ету. Көбінесе бұйрық рай тұлғасындағы сөздер
(орындаймыз, табысқа жетеміз, оңды нәтиже күтеміз
т.б) қолданылады. 
Публицистикалық стильдің барлық түрлеріне ортақ
лингвистикалық ерекшеліктер: 
-қоғамдық-саяси терминдер (хабар, репортаж,
демократия, диктор) 
-бағалаушылық мәніндегі лексикалық бірліктер
(ұлтжандылық, көшбасшы, бәсекеге қаблетті,
ақпараттар ағыны) 
-эмоционалды-экспресивті сөз орамдары перефразалар
(ақ халатты абзал жан, қара алтын, былғары қолғап
шебері, халық қалаулылары). 


Әдеби шығармаларда кездесетін стиль түрі. 
Көркем әдебиет стилі проза, поэзия, драматургия
саласында жазылған, оқиғаны сурет бейнесінде
баяндайды, танытады, кейіпкердің бейнесі, әрекеті,
сөзі, мінезі қатысып баяндалады. Стиль ерекшелігі
экпрессивті,синоним сөзде көп қолданылады. 
Мысалы: "Бұл қағазда Ғайша жүрегінің қайғысы мен өз
өмірінің өкінішті арманын түгендеп жазып еді."
М.Әуезов 


Ауызекі сөйлеу- адамдардың күнделікті қарым-қатынаста қолданатын
стиль түрі. Ауызекі сөйлеу стилінің басты ерекшелігі- сөйлеудің алдын
ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас (ым ишара қолдану) жасау
барысында жүзеге асады. 
Ауызекі тілде тіл нормаларына сай емес сөздер мен сөз тіркестері
жаргондар, диалектілер кездеседі. 
Мысалы: 
-Сәуле, қалайсың! ҰБТ- ға дайындығың қалай 
-Оу, сені көрмегелі.. Дайындығым күшті! Смело 140 деп отырм, сенші? 



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет