19.03.2021 ж. Жазушының «Ақбілек» романын мектепте оқытуда тиімді жаңа
әдістер қолданылды.
Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заманауи тенденцияларға негізделген. Өйткені білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болып, оқытудың парадигмасы өзгерді. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Білім беру жүйесін заманауи талаптарға сай жетілдірудің басты бағыттарының бірі – жас ұрпақтың бәсекеге бейімділігін дамытуға, тұлғалық-интелектуалдық әлеуетін көтеруге, сын тұрғысынан ойлауын дамытуға басымдылық беру.
Жалпы білім беретін мектепте жаңартылған білім беру мазмұнына көшу үрдісі 2016-2017 оқу жылынан басталғандықтан осы уақытқа дейінгі оқытылған көркем шығармалардың көбісі бағдарламадан шетінен ығысып шыға берді. Жүсіпбек Аймауытовтың шығармалары бойынша тек 10-сыныптың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы Қазақ әдебиеті оқулығында (2019 ж.) ғана беріліп, «Ақбілек» романы [Аймауытов Ж. Ақбілек. Алматы: Атамұра, 2003.– 280 б.] оқытылып келеді [Зайкенова Р., Нұрланова Л.Н. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбының қоғамдық-гуманиталық бағытына арналған оқулық. – Нұр-Сұлтан: Арман-ПВ, 2019. – 160 б.; Ақтанова А.С.,Жүндібаева А.Қ, Жұмекенова Л.К. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманиталық бағытымен оқитын 10-сынып мұғалімдеріне арналған. – Алматы, Атамұра, 2019. – 165 б.]. Екінші тоқсанда өтілетін жазушының бұл шығармасына 8 сағат беріліп, мұнда «Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылық жолы» 1 сағат, «Ақбілек» романы. Бірінші бөлім» 2 сағат, «Шығармадағы кейіпкерлер» 2 сағат, сондай-ақ «Қайғы», «Шығарманың композициялық құрылымы», «Ақбілек тағдыры» 3 сағатқа топтастырылған. Осы мақалада біз «Шығармадағы кейіпкерлерге» тоқталамыз. Бұл сабақты оқытуда қойылатын оқу мақсаты: «көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау». «Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау; шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілермен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау». Яғни, әрбір сабақтың күнделікті қысқа мерзімді жоспары жасалғанда осы мақсаттар басшылыққа алынып отырады.
Жазушы тебірене жазған шығарманың осындай көркем тілі, сұлу Алтай, сол Алтайды мекен қылған сұлу арулар тағдыры кімді болса да қызықтырары сөзсіз.
Шығарма басты-басты төрт бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім Ақбілектің ақтар қолына түсіп, одан құтылып шығуы, одан әрі Ақбілектің айттырған жігіті Бекболаттың жаралану жайы, емделуі, болашақта Ақбілектің жолы түсетін қала жайы сөз болады. Одан кейінгі бөлімде Ақбілек елге оралғаннан соңғы ауыл күйі, күйеу жігітімен тағдыр қосуы, Бекболаттың суыну жайы, әкесінің төсек жаңғыртуы, Қарамұрттан жүкті болып қалған Ақбілектің психологиялық қиналысы суреттеледі.
Романның құрылымдық жүйесі Жүсіпбек шеберлігінің бір ерекшелігі ретінде танылады. Автор бірде баяндай отырып кейіпкерін сөйлетіп, шешуі қиын жұмбақтың сырын тарқатса, енді бірде тыңнан қосылған жаңа сарынды сюжет дамуының жаңа бір белесіне айналдырып жібереді. Оның бәрі бас кейіпкер Ақбілектің тартысты тағдырының үш кезеңімен жымдасып бүтіндік табады. Сондықтан шығарманың жалпы даму желісінде бірде-бір оқшау оқиға, қисынын таппай тұрған тосын сюжеттер жоқ. Осыдан кейін ақ Ақбілектің өмірге деген көзқарасы өзгереді. Аға-жеңгесінің айтуымен Семейдегі алты айлық курсты да, Орынбордағы оқуды да тәмамдайды, білім алады. Осыдан соң Ақбілектің тұрмысы да, оқуы да жөнделеді. Театрға, киноға барып, ойын-сауыққа қатысады. Өзіне тең оқыған жігіт Балташпен тағдырын қосады.
Ақбілек» әлемі – халқымыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен әйелінің тағдырын кең көлемде суреттеген тағылымды туынды.
Достарыңызбен бөлісу: |