Әдістеме мазмұны
Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.
Қазақ халқында балалардың тілін сындыру, сауат ашу, шешен сөйлеуге баулу әдістемелерінің ұлттық дәстүрлері ежелден болған. Алайда ғалымдар ғылымы әдістеме тарихын Ыбырай Алтынсарин еңбектерінен бастап жүр. Оның “Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы” деп аталатын еңбегі қазақ топырағында туған тұңғыш әдістемелік еңбек болып табылады. 20 ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы осы дәстүрді тереңдетіп, “Баяншы”, “Тіл жұмсартар” деп аталатын әдістемелік кітаптар жазды.
Осы кезеңнен бастап, қазақ әдістеме ғылымы жан-жақты дамып, сан салалы зерттеулерге ұласты. Жеке пәндерді оқытудың әрбір кезеңдегі (бастауыш кластар, орта мектеп, жоғары оқу орындары т.б.) әдістемелері жасалып, олардың жеке бөлімдері бойынша берілетін білім мен дағдыларды меңгертудің тиімді жолдары зерттеле бастады.
Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім — дилактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады.
2. Тақырып таңдау мазмұны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын орындау ережесінде (ҚР МЖМБС 5.03.005 -2009) көрсетілгендей (4т.4.1т.), диплом жұмысы жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, егер де бұл мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған болса, жоғары оқу орнында білім алушылар оқудың соңғы аяқтау кезеңінде орындайды. Демек, диплом жұмысы студенттің маманданып жатқан саласы бойынша оқу-зерттеу жұмысының шегін білдіреді. Бұған дейін студент мамандыққа байланысты пәндерден теориялық-практикалық білім алу барысында, курстық, семестрлік жұмыстарды орындауда, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуда және оның нәтижелері бойынша тіл үйірмесінде, студенттік ғылыми конференцияларда баяндамалар жасап, талқылауларға қатысуда ғылыми зерттеулер жүргізуге, өз көзқарасын дәлелдеу мен қорғауға дағдыланады, оның әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сондықтан диплом жұмысы оның бұған дейін ғылыми жетекшінің бағыттауымен жүргізген зерттеу жұмыстарының заңды жалғасы болуы да мүмкін. Ережеге сәйкес, диплом жұмысын орындатудағы мақсат: студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлық жағдайындағы өзбеттілік жұмысқа дайындығын анықтау. Студент диплом жұмысын ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындайды. Осы талаптар қазақ тілінен диплом жұмысын орындауда да ескеріледі. Нұсқаулық қазақ тіліне қатысты әзірленіп отырғанымен, оның жалпы талаптарын қазақ әдебиетінен диплом жұмысын дайындауда да пайдалануға болады.
Мақала жазудың үлгісі
Мақаланың не туралы жазылатынын, не мақсатта жазылатынын анықтап алыңыз. Аудиторияны анықтап алу керек. Жазудан бұрын кім үшін, қанша жастағы оқырман үшін жазатыныңызды анықтап алыңыз. Мәселен, ғылыми мақала мен балаларға арналған мақаланы шатастырмау керек. Аудиторияға сәйкес, дайындығыңыз да өзгеріп отыруы керек. Оқырманға не керектігін іздеңіз. Оқырмандар не туралы білгісі келеді? Олар іздеген мәліметті беруге сіздің білім қорыңыз жеткілікті ме? Бұл арқылы мақала жазуға сюжет табу оңай болады. Бірақ өз білім қорыңызбен ғана шектелмей, жаңа деректер іздеп, оларды меңгеру арқылы пайдалы мақала жаза аласыз. Жазатын мақалаңыз еш жерде талқыланбаған, жаңа, өзекті болсын. Ал егер сіз жазғыңыз келген тақырып жауыр болса, оның берілу форматын өзгертіңіз, яғни өзге бір қырынан беруге тырысыңыз. Бар дүниені қайталап жазып шығу емес, ең болмағанда сол ақпаратты толықтыру сіздің мақалаңыздың өзектілігін арттырады. Бұл арқылы оқырманның назарын аударасыз әрі олар әр жазған мақалаңызға қайта оралып оқитындай болады. Жазатын тақырыбыңызды өзге ешкім, ешқашан жазбаған болсын. Мақалаға өзгеше реңк, жаңа тұрпат беріңіз. Тақырыпқа жаңа ойлар қосыңыз. Өз ұсыныстарыңызды немесе өзге авторлардың мақаласында жоқ деректерді қосыңыз. Бұл – оқырманның бүгінгі ақпарат тасқынында дәл сіздің мақалаңызды таңдап оқуға себеп болады. Қызықтыра жазыңыз. Оқырман ғана емес, жазып жатқан тақырыпқа өзіңіз де аса үлкен мән беретініңізді көрсетіңіз. Сіздің қызығушылығыңызды көрген оқырман да мән бере бастайды. Тіпті оқырманның ой қорытуына, сараптауына мүмкіндік беретіндей етіп жазыңыз.
Таңдалған тақырыпты зерттеңіз
Негіздерін біліңіз. Жазғалы жатқан мақалаңыздың жалпы сипатын ойластырыңыз. Бұл арқылы көп тақырыптың ішінде адаспай, айтқыңыз келген ойды жинақтауға мүмкіндік болады. Әрине, жазғыңыз келген тақырып төңірегінде ақпарат болмауы мүмкін, сондықтан тақырыпты білетін адамдардан, газет-журналдан, интернет басылымдарынан, кітаптардан іздеп, тапқан жағдайда оларға сілтеме беру арқылы қолдана аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |