Абстрактылықтан нақтылыққа көшу әдісі. Әрбір теорияның негізгні тұжырымдары, яғни оның постулаттары, принциаптері мен акциомалары осылардан туындайтын бүкіл білімнің іргетасын құрайды. Сондықтан да бұл тұжырымдарға енген абстракцияларды фундаменталды (іргелі) деп атайды. Тарих тура жолдармен емес, бұралаң жолдармен жүреді, кей жағдайларда көптеген тарихи үдерістер тұмшаланып,бұрмаланып жатады. Мұндай жағдайларда логикалық талдау жасап, оның фундаменталды абстракциялармен қоса теориясын жасауға болады. Ол ғасырлар бойы тұмшаланып жатқан ақиқаттарға жарық беріп, олардың жалғастығын анықтайтын заңдылықтарын бекітеді. Бұл абстракциялаудан нақтылыққа көшу деп аталынады.