10. Ғылыми білім түрлерінің алуан түрлілігі.
Ғылыми білім қиын құрылыстан тұратын, дамуға бейімделген біртұтас жүйе. Құрылыс болған соң жүйенің элементтерінің арасында тұрақты байланыс бар екендігі анық. Ғылым философиясында дəстүрлі түрде таным мен білімді эмпириялық, теориялық деңгейлер мен типтерге бөледі. Эмпириялық білім дегеніміз - абстарктілі эмпириялық объектілер туралы көп түрлі пікірлер. Бірақ оны бақылаудың тікелей нəтижесі деп түсіну дұрыс емес, себебі, айналмалы түрде «өзіндік заттар» идентификация мен интерпретация жолынан өтіп нақты дүние туралы білімді ашады. Эмпириялық білімнің құрылысы. Сезімдік пен эмпириялық білімдердің онтологиялық пен сапалық түрде мазмұндарыда өзгеше болып табылады; біріншісі, көп түрлі сезім бейнелері болса, ал екінші, көп түрлі эмпириялық пікірлер; олар логикалық тұрғыдан бір-бірінен ештеңе шығармайды. Сонда, эмпириялық білімді бақылау мен эксперименттердің логикалық нəтижесі деп түсіну ол, қателесу. Теориялық білім – сананың конструктивті бөлігі - ақылдың іс-əрекетінің нəтижесі. В.С. Швыревтің пікірінше, ақылдың қызметі сананың сыртқы жағына емес, яғни сыртқы болмысқа емес, сананың ішкі, өзіндік мазмұнын ашуға бағытталады. Ақылдың қызметінің мəнін өзінде, өзі үшін еркін когнитивті шығармашылық. Интеллектуалды интуициямен бірге теориялық ойлаудың негізгі логикалық операциясы идеалдандыру, оның мақсаты мен нəтижесі - өзгеше пəндік түрді шығару - «идеалды объектілерді». Осындай объектілер əлемі ғылыми білімнің теориялық түрінің өзгеше онтологиялық негізін құрайды.
Дегенмен эмпириялық және теориялық білімнің айырмашылығы терең және жан-жақты. Эмпириялық білімді байқау мен эксперимент бақылай алады, ал теориялық білімді логика мен интуиция ғана тексере алады. Теориялық білім мағынасы толық сана қызметімен байланысты, ал эмпириялық білім бір жағынан, сана қызметіне тәуелді, екінші жағынан оған бағынбайтын материалды әлемге де бағынышты. Ғылыми білімнің құрамында эмпирия мен теориядан жоғары метатеориялық деңгей бар. Оның өзі жалпы ғылыми білімнен және ғылымның философиялық негіздерінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |