Ғылымның тарихы мен философиясының пәні



бет82/137
Дата13.12.2021
өлшемі335,4 Kb.
#125866
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   137
Байланысты:
ûëûìíû òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû ï í³

Поппер Карл Раймунд (28.7.1902, Вена — 1994, сонда) — ағылшын философы және социологы. Поппер оқытушылық қызметін Жаңа Зеландияда бастап, өмірінің көп бөлігін Лондонның экономика және саяси ғылым мектебінде өткізді. Негізгі еңбектері: “Ғылыми зерттеудің логикасы” (1935), “Ашық қоғам және оның жаулары” (1945, қазақ тілінде 2004), “Болжам және теріске шығару” (1963), “Объективті білім” (1972), т.б. Оның ғылыми жұмыстары негізінен фальсификация принциптері, ашық қоғам тұжырымдамасы, сондай-ақ әлеуметтік инженерияның жекелеген мәселелерін қамтиды. Поппердің іліміне сәйкес білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейлері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Кез келген ғылыми білімге болжалдық сипат, қателесушілік тән. Ғылыми білімнің дамуы батыл болжамдар ұсынып, оларды жоққа шығарудан тұрады, сол арқылы ғылыми мәселелер шешіледі. Әлеуметтік философия саласында Поппер марксизм ілімін сынға алып, қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын және әлеуметтік болжам мүмкіндіктерін теріске шығарды. Поппер “Ашық қоғам және оның жаулары” атты еңбегінде Платон, Гегель, Маркс идеяларын сынға алып, оларда нақтылық пен білімді жетілдіруге деген ұмтылыс жоқ деп тапты. Ақиқатқа монополия жасау әрекетіне қарсы шығып, толеранттылық (төзімділік) пен либералды позицияларын ұстанды. Поппер ашық және жабық қоғамдарды қатар қарастырады: алғашқы қоғам тұрпатына батыс демократиясын, ал екіншісіне социалисттік мемлекеттерді жатқызады. Соңғыларына тоталитарлық, яғни қоғамның индивидтен жоғары тұруы, жеке жауапсыздық, қасаң қағидашылық тән. Оның пікірінше, бұл “трайбалистік”, яғни өзінің құрылымы жағынан алғашқы қауымдық құрылыстағы тайпа тәрізді, өзін басқаларға қарама-қарсы қоятын қоғам. “Ашық қоғам” мүшелеріне рационалдық бағдар, әлеуметтік дамуды мақсатты түрде саналы басқару, мемлекеттік институттарды азаматтардың қажеттілігіне сай біртіндеп қалыптастыру тән. Поппер өзінің ұстанымын “сыншыл рационализм” деп анықтайды. Оның пікірінше, ғалымдар белгілі бір нәрсені үйрену үшін ашық және еркін рационалды пікірталасқа баруы қажет. Мұнда ғалымдар ұсынылған тұжырымды теріске шығару тәсілдерін табуға да, оппоненттің көзқарасын қолдауға да дайын болуы шарт. Поппердің еңбектері кезінде көптеген пікірталастар мен даулар туғызғанымен, қоғамдық ғылымдар дамуының бүкіл кезеңінде зор мәнге ие болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет