Филология факультеті Қазақ филологиясы кафедрасы



бет1/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,52 Mb.
#27559
  1   2   3   4
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бекітемін»

Филология факультеті

..............................

Ж.Ж.Шайекенов

« » .................................. 2010 ж.



Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы


«050205» - филология: қазақ тілі мен қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған


«Терминология»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс – 2


Семестр - 3

Кредит саны – 2

Дәріс – 15 сағат

Практикалық сабақтар (семинар) – 15 сағат

СОӨЖ – 30 сағат

СӨЖ – 30 сағат

Рейтингтік бақылау – 1,5

Емтихан – 1 сағат

Барлығы – 90 сағат

Орал, 2010


1. «Терминология» курсы бойынша б а ғ д а р л а м а

2009-2010 оқу жылы ІІІ семестр 2 кредит

Курс бағдарламасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әзірлеп және ұсынған типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды. Бағдарлама Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесі 22 маусым 2006 жылғы мәжілісінің хаттамасының шешімімен бекітілді және іске қосылды.

Қазақ филологиясы кафедрасы 408-ауд.

Оқу залында №4 ,

Құрастырған: қазақ тілі магистрі, оқытушы Б.Е.Өмірзақов

Қазақ филологиясы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
« » .................................... 2010 ж. № .... хаттама
Келісілді: ОҮҰ және ОӘЖБ жетекшісі А.А.Какимова
Кафедра меңгерушісі................................................... А.Ы.Мамыров

(қолы) (аты-жөні)


Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.

“ ”……………………….. 2010 ж. №.... хаттама
Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы …………………………….…………

2. Курс бағдарламасы (SILLABUS) .

Өмірзақов Бауыржан Есенжолұлы - қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы, қазақ тілі магистрі

№4 ғимараттың 4-қабаты 408-бөлме

Пән туралы мәлімет.

Пән атауы - Терминология

Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 2 кредит сағат саны болуы тиісті, әр кредит сағат саны бір дәріс, бір практика сағаттан және екі сағат СӨЖ, СОӨЖ тұрады.

Кредиттің аптаға бөлінуі:




сабақ

өтетін уақыты

Оқушылардың өзіндік жұмысы

өтетін уақыты

Байланыс сағаты – 1

Дәріс - 1



50 минут

СОӨЖ, СӨЖ «практикалық сабақ».

50+50 минут

Байланыс сағаты – 2

Семинар -1



50 минут

СОӨЖ, СӨЖ «практикалық сабақ».

50+50 минут





Оқу жоспарынан көшірме


курс


семестр

кредит

дәріс

семинар

СОӨЖ

СӨЖ

барлығы

бақылау түрі

4

7

2

15

15

30

30

90

емтихан


Кіріспе «Терминология» пәні студенттердің терминология туралы жүйелі теориялық білім алуына, оны тәжірибе жүзінде жүзеге асыруына негізделеді. Бұл пән – филология мамандығында оқытылатын курстарды жинақтайтын, теория мен практиканы ұштастыра пайдалануды үйрететін басты пәндердің бірі.

Курс мақсаты: - студенттерге терминологияның бағыттары және негізгі ұғымдары туралы, әсіресе терминжасамдық қабаттың мүмкіндіктері туралы білім беру, кез келген терминнің жасалымын ажырата білуге; тіл бірліктерін өз орнына, өзінің қолданылу аясына қарай дұрыс жұмсай білуге, тіл мәдениетін арттыруға үйрету.

Курс міндеті:

  1. Болашақ тіл мамандарын терминология курсының теориялық негіздерімен таныстыру;

  2. Терминологиядағы тілдік нормадан ауытқуды болдырмаудың жолдарын көрсете білуге үйрету;

  3. Ауызша және жазбаша жұмыстарды орындау үстінде тіл тазалығын, анықтығын, дәлдігін сақтауға баулу;

  4. Практикалық, лабораториялық сабақтар мен СОӨЖ, СӨЖ арқылы студенттердің бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру.

  5. Студенттердің терминжасамға қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.

Курс мазмұны:

Құрылымдық стилистика тілдік құралдардың стилистикалық сапа-қасиеттерін нақты қолдану жағдайына қатыссыз тұрғыда зерттесе, қолданымдық стилистика, керісінше, тілдік құралдардың қызмет ету ерекшеліктерін олардың белгілі бір жағдайларда (мысалы, белгілі бір жанрда, ауызшаны, жазбаша тұлғада, әр түрлі салада ) қолдануымен байланыстырып зерттейді. Ал көркем әдебиет стилистикасы тілдік құралдардың көркем шығармадағы өмірін, яғни көркем шығармада өнер тудырушы құбылыс ретіндегі қызметін зерттейді. Практикалық стилистиканың міндеті - стилистикалық тілдік мәдениетті, сөз қолданудың стилистикалық нормаға сай дағдысын қалыптастыру.

Әрбір мәдениетті адам сол өнерді үйренуге, тіл мәдениетін арттыруға талаптанады. Сөйлеудегі, жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, сауаттылық айқындылық, тіл тазалығы, тіл дәлдігі - тіл мәдениетіне тікелей қатысты. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер шешімін табуға тиіс:


  • студенттерге тіл тазалығы, тіл мерейі, мемлекеттік тіл, ана тілдің көркемділігі әдеби тіл нормаларын сақтауға биік талап қойылады;

  • тіл мәдениетіне нұқсан келтіретін орфографиялық, орфоэпиялық қателерді, стильдік қателерді болдырмаудың жолдарын үйрету;

  • мыңдаған сөздерді талғап ойын анық, оны дәл жеткізу үшін басқа сөздермен тіркестіріп, сөйлемдерді дұрыс құрауға дағдыландыру;

  • әдеби тіл нормаларын қатаң сақтауға үйрету.



Оқыту әдістемесі: Оқыту негізінен теориялық біліммен қаруландыратын дәрістерден және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын семинар сабақтар түрінде өтеді. Білімді тексеру семинар сұрақтарын талқылау, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары, тест жұмыстары. өзіндік жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде жүзеге асырылады. Курста түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, жинақтау т.б. әдістері қолданылады.

Пререквизиттер:

Жалпы орта білім беретін мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәні.

Нормативті қазақ тілі.

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы.

Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы.

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы.

Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.

Постреквизиттер:

Тіл мәдениеті.

Көркем мәтінді лингвистикалық талдау.

Шешендіктану.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет