2. Курс бағдарламасы (SILLABUS) . Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы – қазақ филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к, доцент.
Қазақ филологиясы кафедрасы №1 ғимараттың 4-қабаты, 409-бөлме
«ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті»
Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптада 2 кредит сағат саны, әр кредит сағат саны (дәріс, практика) екі байланыс сағаттан және 2 сағат СӨЖ, 2 ОЖСӨЖ тұрады.
Кредиттің аптаға бөліну кестесі (2 кредит мысалында келтірілген):
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты 1
(1 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 2
(1 практикалық сабақ)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Кредит саны – 2 Өту орны: № 1- оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинарлар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
3
|
5
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
|
емтихан
|
Пән бойынша мағлұмат: “ ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті ” атты теориялық курс филология факультетінің “ Қазақ тілі мен әдебиеті ”, “ Филология ” мамандықтары бойынша білім алатын ІІІ курс студентеріне оқытылады. “ ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті ” пәні аясында студеттерге, болашақ филилог мамандарға аталмыш кезеңдегі ұлттық әдебиеттің, көркемдік - эстетикалық ой-сана дамуының жайынан мәлімет беріледі. Атап айтқанда, осы тұста қазақ әдебиеті тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік жағынан айрықша ілгерілеу процесін бастан кешірді. Әдебиеттің барлық жанрларында жаңашыл сипаттағы тың тыңысты шығармалар өмірге келді. Аса талатты қаламгерлер шоғыры бой көрсетті. Бұл кезең әдебиетіне ұлы Абай іргетасын қалаған реалистік әдебиет дәстүрі басты негіз болды. “ ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті ” атты пән қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тұтас тарихын қамтитын жалпы теориялық курстың құрамдас бір бөлігі болып табылады. Ол қазақ тілі ме әдебиеті мамандығы бойынша білім алатын студенттерге “ ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті ” курсынан кейін оқытылады. Өтілетін теориялық курс ауқымында осынау тарихи кезеңдегі қазақ даласында қалыптасқан саяси және қоғамдық ахуал жағдайындағы әлеуметтік, мәдени процестер, қазақ халқының рухани өміріндегі әр салалы өзгерістер, ұлттық исөз өнерінің дәстүрлі негізде және жаңа үрдісте алға басуында түрткі болған жағдайлар, ең бастысы аталмыш дәуірдегі көркем әдебиеттің өзінің алдындағы дәстүрлі үрдістерді негізге ала отырып, тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан жаңа биіктерге көтерілу құбылыстары туралы сөз болады.
Курс мақсаты: Бұл пәнді оқытудың мақсаты ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің күрделілігімен тығыз байланысты болып келеді. Ендеше ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихын терең оқып үйрену – филология бөлімінің студенттері үшін аса маңызды саланың бірі. Өйткені бұл кезең бұрынғы әдебиет пен бүгінгі әдебиеттің арасындағы алтын көпір іспетті. Осы кезең тұсындағы әдеби бағыттар мен оның көрнекті өкілдерінің шығармашылық ізденістері өткен әдебиеттің жеткен жетістіктері мен болашақ әдебиеттің биік деңгейінің болмыс - бітімін айқындайды. ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-саяси өзгерістер әсерінен нәр алған қазақ әдебиетіндегі идеялық-көркемдік ізденістер ұлттық әдебиеттің даму барысын жүйелеуге негіз болады. Бірақ қазан төңкерісінен кейін орныққан саяси-идеологиялық билік қазақ әдебиетінің даму үрдісін басқа арнаға бұрып жіберді. Міне, осының себеп салдарын ашу ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңінің табиғатын терең танып - білуге септігін тигізеді.
Курс міндеті:
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің тарихы, қоғамдық-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ұлт ой-санасын оятудағы міндетін айқындау.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиетпен байланысын, дәстүрлі әдебиет үлгісін дамыту мен өзіндік ізденістерден туған жаңашылдықтың белгілерін тану.
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі ірі әдеби тұлғалардың роматизм мен реалистік әдіс-тәсілдерді қатар ала жүріп, өмір шындығын ашудағы өзіндік қолтаңбасын бағамдау.
Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін нақтылап, белгілі өкілдерінің шығармашылығы арқылы творчестволық жетістіктер мен кемшіліктерді саралау.
ХХ ғасыр басындағы жаңа жанрлардың пайда болуы мен өркендеуінің мән-маңызын ашу.
ХХ ғасыр басындағы аударма саласындағы қол жеткен жетістіктерді саралау.
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің өркендеуіне негіз салға қоғамдық-санаткерлік, көсемсөздік міндеттердің нәтижелерінің салыстырмалы түрде қарастыру.
Бұрын қарастырылмай, немесе біржақты қарастырылып келген әдебиеттің айтулы тұлғаларының шығармашылығын бүгіңгі көзқарас тұрғысынан бағалау.
ХХ ғасыр басындағы әдебиетке азаттық сарын, азаматтық рух алып келген ақын-жазушылар шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі асыл арналарын жүйелеу.
Кеңестік әдебиеттің алғашқы кезеңіндегі әдебиетке кері әсер еткен тапшылдық идеология мен кейбір теориялық тұжырымдардың кемшілігін ашып көрсету.
Пререквизиттер: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті пәнін оқып үйренудегі қажетті алғы пәндер: халық ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір, хандық дәуір, XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті болыа табылады. Осы пәндерден дәріс тыңдаған студенттер ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі дамудың дәйекті өзгерістерін түсінуге толық мүмкіндік алады. Постреквизиттер: ХХ ғасыр басыдағы қазақ әдебиетін оқып үйренген студенттер сөз өнеріне тән шеберліктің қыр сырын үйреніп шығады. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің тұлғаларының шығармаларын терең танып білу, олардың шығармашылықтары туралы өзіндік жұмыстар, ғылыми жұмыстар жүргізуге дағдыландырады. Студенттердің әдебиет, әдеби шығарма, творчестволық тұлға жайлы таным түсінігінің кеңеюі әдебиет тарихы атты үнемі даму үстіндегі жанды процесті жете игеруге мүмкіндік ашады. Оқыту әдістемесі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, дебат, айтыс түрлерінде өткізу.
Сабақ мазмұны мен кестесі 1 - апта 1 - кредит сағат № 1 - дәріс Тақырып: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы. Кіріспе.
Достарыңызбен бөлісу: |