М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің кеңейтілген ректораты
21 қаңтар 2011 ж.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Филология факультетінде оқу-тәрбие және ғылыми зерттеу жұмыстарында инновациялық технологияларды қолдану туралы. Ж.Ж.Шайекенов - факультет деканының есебі
Сарапшылар
А.Б.Медешова – п.ғ.к., жаратылыстану-математикалық факультет деканы м.а.
Ш..Т.Мұқанбетова – п.ғ.к., ЖОО-дан кейінгі даярлық бөлімінің жетекшісі
А.Ғ.Сейтімов – филос.ғ.к., көркем-қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру кафедрасының меңгерушісі
Университет жанындағы қоғамдық ұйымдар мен үйірмелердің тәрбие беру үрдісіне қосар үлесі туралы. М.Исатаев - тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім жетекшісінің ақпараты
Ағымдағы мәселелер
Филология факультетінің оқу-тәрбие және ғылыми зерттеу жұмыстарында инновациялық технологияларды қолдану туралы
Е С Е Б І
I. Оқу-әдістемелік жұмыстарда инновациялық технологияларды пайдалану
Оқытушының еңбегі оқушының оқуына, сол оқығанын көңіліне ұғынуына арналуы шарт. Ал қандай әдіспен оқыту тиімді – оны әр оқытушы өз тәжірибесі мен ыңғайына, оқу материалының сипатына, студенттердің жалпы дайындығының деңгейіне қарай өзі белгілейді. Бір қатар оқытушылар белгілі материалды студенттің жете игеруі үшін бір ғана әдісті пайдаланады. Қайсы бір пән маманы бұл мақсатта бірнеше тәсілді қатар қолданады. Егер де сабақ нәтижесінде студент өзінің білім қорын, рухани әлемін байытып, белгілі бір практикалық мәселені шешуге машықтанып, ізденіп, еңбектеніп тапқан білімін өзінің және өзгелердің игілігі үшін тиімді пайдалана алса, онда ол сабақ, қандай әдіспен өтсе де, бүгінгі күннің талаптарына толық жауап бере алады.
Ал, бүгінгі күннің талабы – күн санап өмірімізге еніп отырған жаңа технолоогиялар легіне ілесе білу. Яғни, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды қажетінше пайдалануды ұйымдастыру.
Бұл тұрғыдан келгенде филология факультетінде де біршама жұмыстар атқарылуда.
Алдымен факультеттегі материальдық-техникалық базаға тоқталып өтсек. Ол төмендегі кестедегідей:
№
|
|
Қазақ филология
|
Жалпы тіл білімі және аударма ісі
|
Шет тілдерін оқытудың теориясы мен практикасы
|
Тілдерді оқып үйретудің практика
лық курсы
|
Факультет
|
1
|
Компьютер
|
3
|
2
|
2
|
5
|
2+12
|
2
|
Компьютер класс
|
425-10, 424-10, 412-7, 222-13, 223-11
|
3
|
Интерактивті тақта
|
1-425
|
|
|
|
|
4
|
Лингофон кабинет
|
1-422
|
|
|
|
|
5
|
Оқу-лингвистиқалық зертхана
|
423 каб, 2 - муз орталық, 1- DVD , 1- Видеопроектор,
1 -видеомагнитофон,
2- телевизор,
|
7
|
Мобильді класс
|
423 каб, 1-11 ноутбук
|
Интернетке факультеттегі компьютерлердің барлығы қосылған. Интранетті (іnside.wksu.kz) факультеттегі және университеттегі қызмет аясында қолдануда құжаттармен электрондық нұсқада жұмыс істеуге мүмкіндік туғызылса, Net speakerphone программасы негізінде құжат дайындау мен қажетті ақпаратты жедел тасымалдауға жол ашылды, студенттер үшін емтиханға дайындықтың деңгейін арттырды.
Оқу-лингвистикалық зертханада (меңгерушісі В.В. Скачкова) 40-тан астам аудиоматериал, 30-дан астам видеоматериал оның 15-і ағылшын тіліндегі көркем фильмдер, компакт-дискідегі 30-дан астам компьютерлік материалдар жинақталған. Бұл зертхана негізінен «Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтарының оқу үрдісін қамтамассыз етеді. Бұл мамандықтар бойынша шетелдерде шыққан жаңа буын оқулықтары пайдаланылады. Бұл оқулықтардың негізгі ерекшеліктері- СД RОМ- бағдарламаларымен жазылған. Яғни, оқу үрдісін компьютерлендіруге мүмкіндік береді, студенттер мен оқытушылардың интернетке шығуына жағдай жасайды. Әр түрлі тақырып бойынша интернет-ақпараттар жинауға тапсырмалар берілген. Бұл студенттердің өз бетімен ізденуіне, тіл үйренуге, танымдық білімін кеңейтуге көмектеседі.
Соның нәтижесінде студенттер де интерактивті инновациялық технологияларды тиімді пайдаланып отырады. Екі-үш мысал келтіріп өтсек. 10 қарашада (2010ж) «Шет тілі:екі шет тілі» мамандығының 03401-топ студенті Г.Рсалина интерактивті тақтаны пайдалана отырып «Италиядағы жоғары білім атты баяндама жасаса, осы топ студенттері С.Мұрат пен А.Қабашева «Канададағы жоғары білім», «Түркиядағы жоғары білім» сияқты баяндамалар жасады. Соңынан талдауға арналған пікірталас дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Бір сөзбен айтқанда «Шет тілдерін оқытудың теориясы мен практикасы» кафедрасында жаңа технологияларды пайдалану оңды жүріп келеді.
«Қазақ филологиясы» кафедрасы да инновациялық технологиялармен жұмыс жасауда. Атап айтқанда, «Жоғары оқу орнында қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі курстарын жаңа инновациялық- педагогикалық технологияларды пайдалана оқыту» онкүндігі оздырылды.
№
|
Оқытушының аты- жөні
|
Сабақ тақырыбы
|
Өткізілу үлгісі
|
Өткізілу уақыты
|
Өткізілетін оқу тобы
|
1
|
Ержанова Ұ.Р.
Ф.ғ.к., доцент
|
Сөз тіркесінің белгілері мен байланыстары
|
Интерактивті дәріс
|
04.10.10
10:00.
401- ауд.
|
2301 - 2305 -топ күндізгі бөлім
|
2
|
Өмірзақов Б.Е
оқытушы - магистр
|
Қазақ тілінің сөз құрамы
|
Интерактивті семинар
|
11.10.10
10.00
402-ауд.
|
2301-топ
|
3
|
Сисенбаева Р.Ж -
оқытушы
|
Нормативті қазақ тіліндегі сөз мағыналары
|
Интерактивті семинар
|
19.10.10
10.00
402-ауд.
|
2102 -топ
|
4
|
Ниязғалиева А.Ә
ф.ғ.к., аға оқытушы
|
Мағыналар классификациясы
|
Интерактивті дәріс
|
21.10.10
11.00
404-ауд.
|
2101-2103-топтар
|
5
|
Аронов Қ.Ғ -
ф.ғ.к., аға оқытушы
|
Фразеология ғылымының зерттелуі
|
Интерактивті дәріс
|
27.10.10
11.00
404-ауд.
|
2201-2203-топтар
|
6
|
Әжіғалиев М.Қ
оқытушы - магистр
|
Грамматикалық ұғымдар
|
Интерактивті семинар
|
30.10.10
11.00
403-ауд.
|
2301 - топ
|
7
|
Дүйісмағанбетова Ә.М.- оқытушы-магистр
|
Есімше-көсемше категориялары
|
Интерактивті семинар
|
30.10.10
09.00
407 ауд
|
2101-топ
|
«Тілдерді оқып үйретудің практикалық курсы» кафедрасында да оқытушылар өз сабақтарында оқытудың әр түрлі әдістемелерін қолданып отырады. Атап айтқанда рольдік ойындар, шығармашылық тапсырма, электронды оқу құралдарын пайдалану, видеоматериалдар, видео, телесабақтар құрастыру. Мысалы оқытушы А.Т. Калиева «Жұмыс аптасын жоспарлау» А.С. Ниетова «Танысу» , Н.А. Алмағанбетова «Қазақстан Республикасындағы мерекелер» атты телесабақтар жазып құрастырды. Бұл сабақтар Республикалық «Мемлекеттік тілге оқытудың медиасабақтары» атты фестивалінде жүлделі орындарды иеленді А.Т. Калиева I орын, Ниетова А.С. II орын , Н.А. Алмағанбетова III орын (11.11-15.11.2010).
Опря О.В. «Жастардың көкейтесті мәселелері» атты сабағын түрлі слаидтар көрсету арқылы, темекінің, нашаның денсаулыққа зиянды екенін түсіндіріп, пікірталас ұйымдастырды. Өз сабағында бұл оқытушы компакт-диск арқылы мұражайлар мен көрме залдарына саяхаттар жасап отырады.
«Третьяков галереясы» дискісі арқылы «Өнер сабағы» сабағы өткізілді Сол сияқты оқытушы студенттердің өздеріне тапсырмалар беріп, жаңа технологияларды тиімді пайдалануға баулиды. Мысалы, 2-курс студенттері ғылыми стильде өздерінің электронды «Адам өміріндегі роботтар» атты
таныстыруларын жасады
Сондай-ақ 2 курс студенттері арқылы «Мәнерлеп оқу миды өзгертеді» атты 3 минуттық фильм жазылды. Ол фильм 27 қарашада 11203-тобында көрсетілді. Сондай-ақ студенттер Мая Плисецкая туралы «Дарвинизм ардақтылары» атты фильмді көрді . Сондай-ақ О.В.Опря өз сабақтарында «Орал өңірінің сөз шеберлері» атты (Мастера словесности Приуралья) (құрастырушылар Г.М.Умарова, О.В. Опря) электронды оқу құралын пайданып, А.И.Левшин туралы, Қ.Мырзалиев, А.Бақтыгереева, Х.Есенжанов шығармашылықтары жөнінде қызғылықты сабақтар өткізді.
Оқытушы А.С.Өтебаева неміс тілі сабағында «Танысу», «Шет тілдері» тақырыбында ассоциограммалар-ойындарды қолданып, студенттердің сөйлеу дағдыларын арттыруға күш салады. Оқытушы Г.С. Умарова өзінің оқулығы арқылы Орал қаласындығы, жалпы облыстағы муражайлар туралы видеоматериалдарды көрсету арқылы студенттердің танымдық білімін толықтырып отырады.
Сондай-ақ, ағылшын тілінің оқытушылары Б.Б. Қуанғалиева, Н.И.Қасымбекова, Д.С.Саркуловалар өз сабақтарында рөлдік ойынды тиімді пайдаланып келеді .
«Жалпы тілі білімі және аударма» кафедрасы бойынша да оқу-әдістемелік жұмыста жасалып , пайдаланып келе жатқан бірнеше жаңа технологияларды айтып өтуге болады:
-Курстық, дипломдық, конкурстық жұмыстар жазу үстінде қолданылатын жобалық қызмет;
-Лексикалық фразеологиялық материалдарды кешенді сипаттауда қолданылатын «Матрица» әдісі;
-Тілдік құбылыстарды лингвоөлкетану жағынан түсіндіру әдісі;
-Тіл, әдебиет сабақтарында интерактивті түрлер (электронды хрестоматиялыр мен таныстыру (презентация) бағдарламарын қолдану).
Сабақтарда көбіне-көп әдеби-шығармашылық жобалары көп қолданылады. Студенттердің бұл жобалар қызметінің нәтижелері қол жазбалар жинағын құрастырумен аяқталады. Бұл материялдар 2010 ж. доцент Н.М.Щербановтың «Мал Золотник, да дорог» атты Орал өнірінің мақал, мәтелдерін жинақтаған кітабында жарияланды. Доцент Н.А.Выдрина «Әдістемелік өрнек» (Методическая мозайка) әдісін тиімді пайдаланып отырады. Студенттерге сабақтың конспектісінің жекелеген үзінділерін беріп, қолған тұстарын студенттердің өздеріне толтыруға береді, ойландырады. Оқытушы А.С.Дейнеко өз сабақтарында («Аударма ісі») интерактивті дәрістер әдістемесін қолданады.Г.А.Донскова «Қеңес қоғанының тілі» , оқытушы С.Б.Бекмұхамбетова «Париждің көз тартар тұстары» («Достопримечательность Парижа») сияқты сабақтарында жаңа технологияларды қолданып отырды. Сол сияқты доцент Н.С. Жигалин ғылыми-әдістемелік семинарда «100 баллдық жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау» тақырыбында танымдық баяндама жасады.
II. Ғылыми-зерттеу жұмыстарында инновациялық технологияларды пайдалану
Қазіргі таңда ғылыми-зерттеу жұмыстарды ойдағыдай табысты жүргізу интернет-ресурстарды қолданусыз мүмкін емес. Факультет профессор-оқытушылар құрамы да осы интернет күшін пайдалануға баса назар аударып келеді. Соның нәтижесінде «Шет тілдерін оқытудың теориясы мен практикасы» кафедрасының оқытушысы магистр И.Н. Қасымова Чехия, Польша, Болгария елдерінде үш ғылыми мақалаларын жариялады. Осы кафедраның магистр-оқытушысы А.Е.Ғабдешева 9-10.06.2010ж Ақтобе қаласында өткен «Оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу» атты ғылыми конференцияда «Шет тілінің теориясы бойынша мультимедиялық дәрістер курсының әдістемелік нұсқасы» атты баяндама жасады.
Осы бағытта «Қазақ филологиясы» кафедрасының оқытушылары да конференцияларда баяндама жасады:
- Әдебиет сабақтарында интернет ресурстарын пайдаланудың тиімділігі. Баяндамашы: доцент Шарабасов С.Ғ.
- Технология талаптары және қазіргі әдебиет сабағының үлгілері. Баяндамашы: доцент Мүтиев З.Ж.
- Студенттерді сөзжасамдық талдауға үйрету жолдары. Баяндамашы: оқытушы Сисенбаева Р.Ж. т.б.
III. Тәрбие жұмысында инновациялық технологияларды пайдалану
Бұл сала бойынша да жаңа технологияларды қолдану-кураторлық сағаттар, түрлі кездесулер, дөңгелек үстелдер т.б өткізу кезінде қажетті құбылысқа айналды. Атап айтсақ, 2010ж қазан айында «Шет тілін оқытудың теориясы мен практикасы» кафедрасының ұйымдастыруымен «БҚМУ-ға 78 жыл» - атты танымдық кеш ұйымдастырылды университет ардагерлері Р.А. Абузяров М.В. Чечетка сияқты оқытушылар шақырылып, факультет, университет жайында видеопроектор арқылы фильмдер көрсетілді, түрлі слайттар арқылы кафедра, университет тарихы жайында әңгімелер айтылды.
Сол сияқты осы бөлімнің 03402-тобында «Менің отаным-Қазақстан» атты кураторлық сағат та интерактивті тақта пайдалану арқылы өтті жауыптылар А.Мусакаева, Л.Скородумова..
«Жалпы тілі білімі және аударма» кафедрасының оқытушысы А.С.Дейнеко 1,2,3 курс студенттерді арасында филологиялық және жалпы мәдениеттілік білгірлікті дамытуға арналған интелектуальды ойындар өткізді.
«Қазақ филологиясы» кафедрасында да көптеген тәрбиелік шаралар өткізілді:
- «Тіл – ұлттың тірегі» интеллектуальдық сайысы (1 курс студенттерінің арасында) (2301), /29.09.10/;
- «БҚМУ дарабозы» (факультеттегі атаулы шәкірақы иелері мен 1 курс студенттерінің үздік студенттері арасында) интелектуальдық сайыс /26.11.10/;
- «Жарқ еттің жарық жұлдызындай» (академик Зейнолла Қабдоловты еске алу) кеші (02301) /19.12.10/.
- «Жанымда жүр жақсы адам» (Ұстаздар Р.Мұханбетқалиева, Қ.Аронов, З.Мүтиев, А. Бисекеновалардың мерейтойларына байланысты) атты сазды-құттықтау кеші (02101) /08.12.10/. т.б
Қорытынды мен ұсыныстар:
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы инновациялық технологияларды біршама тиімді пайдаланып келеді. Әсіресе , бұл үрдіс «Шет тілдерін оқытудың теориясы мен практикасы» «Жалпы тіл бөлімі және аударма» кафедраларында белсенді түрде көрініс тапқан. Ал қалған кафедраларда бәсеңдеу. Оқу-әдістемелік жұмыста көбіне-көп компьютерлер, мультимедиялық дисководтар, музыкалық орталықтар кезінен пайдаланылады. Оқытушылар мен студенттер сабаққа дайындалуда интернет-ресурстармен белсенді жұмыс жасап отырады. Сол сияқты электронды оқулықтарды да тиімді пайдаланады. Алайда факультеттің оқытушылары электрондық оқулықтарды және оқу-әдістемелік құралдарды жасау және құрастыру үшін қолда бар ғылыми потенциалды, әдістемелік жұмыс тәжірибесін жеткілікті деңгейде қолданбай келеді. Болашақта осы істерді жандандыру қажет, сондай-ақ факультеттегі компьютерлік база да жаңартуды қажет етеді. Жедел жадының көлемі, процессордың жұмыс жылдамдығы бүгінгі күн талабына толық сай келе бермейді. Сайтқа ақпарат жариялау ісі де баяу жүреді. Профессор-оқытушылар құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру қажеттілігі де байқалады, бұл оқытушылардың инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігін арттыруға ықпал етер еді.
Ұсыныстар:
Оқу үрдісінде яғни теориялық дәріс курстарын және семинар сабақтарын жүргізу барысында инновациялық технологияларды белсенді түрде пайдалану;
Электронды оқу құралдарын дайындау мен телесабақтар, видеодәрістерді көбейту;
Жаңа ашылған мамандықтарға арналған оқулықтар мен оқу құралдарымен, зертханалық жабдықтармен қамтамассыз ету жұмыстарын күшейту;
Желілік оқыту технологиясымен on-line арқылы дәріс оқуды факультетте халықаралық байланыс шеңберінде тәжірибеден өткізу;
Қазақ филологиясы бөлімінде 412-ші дәрісхананы оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми зерттеу жұмыстарында инновациялық технологияларды қолдану базасы ретінде жасақтау;
Инновациялық бағыттағы іс-шаралар жоспарын іске асыру және оны
материялдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдану.
Қаулы жобасы:
Оқу үрдісінде, тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстарында инновациялық технологияларды белсенді түрде пайдалану жүзеге асырылсын.
Уақыты: оқу жылы бойы
Жауапты: кафедра меңгерушілері
Бақылау түрі: факультет деканына ақпарат
Факультеттегі компьютерлік техника базасын жаңарту АТО мен байланыстыра жүргізу жоспарлы түрде іске асырылсын.
Уақыты: II семестр
Жауапты: факультет деканы, Габдуллаев Д.Г
Бақылау түрі: оқу ісі жөніндегі проректорға ақпарат
Электронды оқу құралдарын дайындау мен телесабақтар, видеодәрістерді жасақтау жұмысы белсенді жүргізілсін.
Уақыты: оқу жылдың соңына дейін
Жауапты: кафедра меңгерушілері
Бақылау түрі: факультет деканына ақпарат
4. Желілік оқыту технологиясымен on-line арқылы. дәріс оқуды факультетте халықаралық байланыс шеңберінде тәжірибеден өткізуге дайындық жұмыстары жүргізілсін.
Уақыты:II семестр 2010-2011 оқу жылы
Жауапты: кафедра меңгерушілері, халықаралық байланыс бөлімі, IТ бөлімі.
Бақылау түрі: ҒЖ және ХБ жөніндегі проректорға ақпарат
5. Факультеттегі ПОҚ-тың инновациялық технологияларды пайдаланудағы кәсіби шеберліктерін жетілдіру шаралары белсенді жүргізілсін.
Уақыты: 2010-2011 оқу жылы бойы
Жауапты: кафедра меңгерушілері, факультет деканы, IТ бөлімі біліктілікті арттыру бөлімі
Бақылау түрі: ҒЖ және ХБ жөніндегі проректорға ақпарат
6. Оқу-лингвистикалық зертханадағы аудио, видео, компьютерлік оқу материалдары жаңартылып, толықтырылсын. Мамандыққа сәйкес электронды кітапхана қорын жасақтау ісі қолға алынсын.
Уақыты: 2010-2011 оқу жылы бойы
Жауапты: кафедра меңгерушілері, факультет деканы, IТ бөлімі біліктілікті арттыру бөлімі
Бақылау түрі: оқу ісі жөніндегі проректорға ақпарат
Факультет деканы Ж.Ж. Шайекенов
Филология факультетінде оқу-тәрбие және ғылыми зерттеу жұмыстарында инновациялық технологияларды қолдану жөніндегі сарапшылардың анықтамасы
Сарапшылар құрамы: А.Б.Медешова, Ш.Т.Мұханбетова, А.Г.Сейтимов
Филология факультетінің оқытушыларының оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстарда инновациялық технологияларды қолдану туралы ақпарат компьютерлік (412, 222, 223,) және оқу-лингвистикалық зертхана (424, 425 кабинеттерде 1 лингвистикалық кабинет, 2 компьютерлік класс, 1 мобильдік класс-16 ноутбук, 2 бейнепроектор, 1 интерактивті тақта, 2 магнитофон, 1 музыкалық орталық) кабинеттеріндегі шараларды, интерактивті оқыту әдістерін қолдануды талдау хаттамалары мен ғылыми әдістемелік семинар құжаттарын, өзара сабаққа қатысу журналдарын қарау және әңгімелесу барысында жинақталды.
Факультет Кеңесінде педагогикалық технологияларды пайдалану жөніндегі мәселе желтоқсан айында жоспар бойынша қаралған.
Электрондық оқу басылымдарын пайдалануға көңіл аударылатыны компьютерлік кабинеттерде орнатылған оқыту бағдарламалары мен дәстүрлі оқулықтардағы оқу материалдарының практикалық маңыздылығын арттыратын қосымша компьютерлік дискі материалдарынан көрінеді. Компьютерлік кабинеттерде көбінесе информатика сабақтары өткізілген, кабинет журналында С.Кадыргалиеваның (қараша), М.Әжіғалиевтың (қыркүйек) ғана сабақтары тіркелген.
Интернет, интранет ресурстарды қолдануға әріптестерді баулу барлық кафедраларда орын алған. Электрондық оқулықтар дайындау бойынша 2010 жылы С.Н.Жигалиннің «Синтаксис современного русского языка», А.Б.Қайыров, А.С.Ниетова, Г.Ә.Еркеғалиевалардың «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» оқулығы жарық көрген және А.С.Ниетованың «Танысу», А.Т.Қалиеваның «Жұмыс аптасын жоспарлау» бейне сабақтары мен Н.А.Алмағамбетованың «Ұлттық мерекелер» тақырыбындағы теле сабағы түсірілген, жоспарға сәйкес Опря О.В., Умарова Г. «Русская литература» қазақ топтарына арналған хрестоматиясының материалдарын программалық жасақтама бөліміне тапсырған. А.С.Ниетованың «Іскери қазақ тілі» оқулығы дайындалып жатыр маусым айында баспаға тапсыру жоспарланған.
Лингафондық кабинеттерді (Скачкова В.В.) шетел тілдерін оқытудың теориясы мен практикасы жалпы тіл білімі және аударма кафедрасының оқытушылары пайдаланылады.
Тілдерді оқытудың практикалық курсы кафедрасының оқытушылары А.С.Ниетова, А.Т.Қалиева, Н.А.Алмағамбетова «Мемлекеттік тілді оқытудың медиа-сабақтары» атты республикалық фестивальға (11-15.11.10, Астана қ.) қатысып, жүлделі орындарды иеленген.
Интерактивті дебат, диспут, тұсаукесер, эссе, РАФТ стратегиясы, конференция, дөңгелек үстел, сырттай экскурсия, жобалау, т.с.с. әдістер барлық кафедралар сабақтарында қолданылады. Мәселен, жалпы тіл білімі және аударма кафедрасында жобалау әдісін қолданудың нәтижесінде альбом, альманах, жинақ, газет дайындалады. Мұндай инновациялық әдістерді пайдалана оқыту қазақ тілі мен оны оқыту әдістемесі бойынша қазан айында айлық өткізілген (ҒӘС), қазақ әдебиеті бойынша ақпанға жоспарланған. жалпы тіл білімі және аударма кафедрасында 29.11-5.12 әдістемелік апталығы өткізілген. Шетел тілін оқытудың теориясы мен практикасы кафедрасында «Инновациялық технологияларды оқу процесінде қолдану ерекшеліктері» тақырыбы 05.10.2010 ж. өткен отырысының күн тәртібінде қарастырылса, «Сырттай оқу бөлімінде жаңа технологияларды қолдану» сұрағы кафедраның сәуір айындағы отырысына жоспарланған.
Шетел тілдерін оқытудың теориясы мен практикасы кафедрасының магистрі А.Е.Габдешова «Методические разработки мультимедийного курса лекций по теории иностранного языка» деген тақырыпта Ақтөбеде өткен ғылыми конференцияның пленарлық мәжілісінде баяндама жасаған.
Түрлі кездесулерді ақпараттық технология арқылы ұйымдастыру дәстүрге айналса, қазақ филологиясы кафедрасында «БҚМУ дарабозы» интеллектуалдық сайысы (26.11.10) инновациялық тұрғыдан өткізілген.
Олқылықтар
Факультетте электрондық оқулықтар дайындау төмен деңгейде жүргізіліп отыр.
Лингвистикалық зертхана кабинеттерінде оқытушылардың өткізген сабақтарын тіркейтін журнал жоқ. Шын мәнінде қандай оқытушы қанша сабағын зертханада өткізетінін қадағалау мүмкін емес. Тек сабақ кестесіне қарап, білуге болады.
Кейбір оқытушылар интерактивті тақтаны пайдалануда оны тек слайд көрсету үшін пайдаланады.
Магнитофон саны аз. Оның біреуі дұрыс жасамай тұр.
Ұсыныстар
Инновациялық технологияларды қолдануды студенттерге оқытатын таңдау курстарын ЭПК (КЭД) –ға қосу
Компьютерлік кабинетті пайдалануды ұтымды ұйымдастыру
Спутниктік теледидар материалдарын пайдалануға мүмкіндіктер қарастыру, магнитофонның санын көбейту, құндақтағы жазбаларды компьютерлік дискіге көшіру (цифрлау)
Компьютерлік кабинеттерді пайдалануда диспетчерлік бөлімге факультеттің ұсыныстарын ескеру
Интерактивті тақтаның функцияларын қолдану үшін арнайы оқыту семинарлары қажет.
Комиссия төрағасы: А.Б.Медешова
Комиссия мүшелері: Ш.Т.Мұханбетова
А.Г.Сейтимов
«Университет жанындағы қоғамдық ұйымдар мен үйірмелердің тәрбие беру үрдісіне қосар үлесі» тақырыбындағы
АҚПАРАТ
Құрметті Кеңес төрағасы, құрметті Кеңес мүшелері! Назарларыңызға университеттің жанындағы қоғамдық ұйымдар мен үйірмелердің тәрбие беру үрдісіне қосар үлесі жайындағы ақпаратты ұсынамыз.
Университетте тәрбие жұмысын жүргізу үрдісіне жоспарланған жұмыстар, дәстүрлі іс-шаралармен қатар, қоғамдық негізде студент жастарды тәрбиелеуге өз үлестерін қосып келе жатқан қоғамдық ұйымдар мен үйірмелер де бар. Олардың негізгі мақсаты – студент-жастардың бос уақытын тиімді өткізу, тұлғалық дамуына атсалысу, көшбасшылық қасиетін дамыту, шығармашылығын шыңдау, еңбекке баулу және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Осындай мақсаттардың негізінде оқу орнымыздағы оқытушылардың жетекшілігімен қоғамдық негізде тәрбие беру үрдісіне үлес қосып келе жатқан жастар ұйымдары мен үйірмелер аз емес.
Аталмыш қоғамдық ұйымдар мен түрлі үйірмелердің атқарып келе жатқан жұмыс ауқымы мен деңгейіне байланысты оларды университет деңгейіндегі және факультет деңгейіндегі ұйымдар мен үйірмелер деп екіге жіктеуге болады. Университеттегі осы қоғамдық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің атқарып жатқан жұмыстарының сапалық жағына да тоқталып өтейік.
І. Университеттегі жастар қоғамдық ұйымдарының жұмысы
1.1. Студент-жастардың студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына қатысуы.
Студент-жастардың басын біріктіріп, олардың белсенділігін арттыруға және сабақтан тыс уақытта қоғамдық жұмыстармен айналысуына үлкен септігін тигізіп келе жатқан 2005 жылы құрылған университеттің студенттік өзін-өзі басқару ұйымы. Бұл ұйым жыл сайын тұрақты түрде 75 студентті қоғамдық жұмыспен қамтып, белсенділіктерін шыңдап келеді.
Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы биылғы оқу жылы 5 жыл толуына орай республикалық деңгейдегі «Жоғары оқу орындарында студенттік өзін-өзін басқару ұйымын құрудың тиімділігі, тәжірибесі, проблемалары мен перспективалары» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырып, өткізді.
Конференцияда жастар - Елбасының саясатын жүзеге асыратын негізгі күш, өзін-өзі басқару жүйесінің патриотизмді дамытудағы рөлі, болашаққа құзіретті кадрларды даярлаудағы жоғары оқу орнындағы өзін-өзі басқару жүйесінің маңызды тақырыптарындағы үш бағыт бойынша жұмыс жасалып, барлығы 96 баяндама тыңдалды.
Осындай университет деңгейіндегі белсенді қоғамдық ұйымдардың қатарына бүгінгі таңда нақты жұмыстарымен көрініп, облыстағы және университеттегі жастар саясатының жүзеге асуына, тәрбие жұмыстарының жүйелі жүргізілуіне үлкен үлестерін қосып келе жатқан ұйымдардың үш жылдық құрамдық сараптамасы төмендегі кестеде көрсетілген.
Кестеге көз жүгіртсек, кейбір ұйымдардағы студенттердің саны артып, ал біреулерінде кемігендігі байқалады. Бұл - әр жыл сайын қабылданатын талапкерлердің санының әртүрлілігіне де тікелей байланысты болып отыр. Сонымен қатар, университетке қабылданған студенттердің белсенділігі де өткен жылдармен салыстырғанда төмендегені байқалады.
№1 кесте
-
№
|
Қоғамдық ұйымдар
|
2007/2008
|
2008/2009
|
2009/2010
|
2010/2011
|
|
Жастар даму орталығы (студенттік өзін-өзі басқару ұйымы)
|
75
|
75
|
75
|
75
|
|
«Нұр Отан» Халықтық Демоқратиялық Партиясы
«Жас Отан» ЖҚ
|
222
|
228
|
230
|
230
|
|
«Қазақстан Студенттер Альянсы» ЖҚБ
|
250
|
300
|
376
|
300
|
|
«Ақиқат» пікір – талас орталығы ЖҚБ
|
35
|
50
|
55
|
58
|
|
«Жас экономист» ЖҚБ
|
22
|
26
|
30
|
33
|
|
Студенттік кәсіподақ ұйымы
|
1700
|
1760
|
1821
|
1036
|
|
БҚМУ жас ғалымдар кеңесі
|
43
|
96
|
120
|
130
|
|
«Достық» студенттік клубы
|
30
|
50
|
54
|
59
|
|
Полицияға жәрдемдесетін студенттік жасақ
|
-
|
26
|
29
|
29
|
|
Студенттік құрылыс жасақтары және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары
|
193
|
196
|
192
|
200
|
|
2570
|
2807
|
2982
|
2150
|
1.2. Студенттердің «Жас Отан» жастар қанаты жұмысына қатысуы.
Студент-жастарды тәрбиелеудегі басым бағыттардың бірі – жас маманның дүниетанымын қалыптастыру, идеологиялық бағытта саяси сауатты болуына жағдай жасау болып табылады. Осы бағыттарды жүзеге асыру мақсатында 2006 жылдан бері өз белсенділігін шыңдап, жүйелі түрде қызмет етіп келе жатқан М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі «Жас Отан» жастар қанатының орны ерекше.
Бүгінгі таңда «Жас Отан» жастар қанатында 230-ға жуық белсенді студенттер мүшелікте.
«Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының бастамасымен «Өрле, ауылым!» жастар керуені әр жыл сайын дәстүрлі түрде өңіріміздің елді-мекендерінде болып, ауыл жастарымен кездесулер ұйымдастырды. Керуен құрамына облыстық жастар мәслихатының депутаттары, ЖҚБ-ның төрағаларымен бірге университетіміздің студенттік белсенділері тартылып, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуына өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, 2009 жылдан бастап «Жас Отан» Жастар қанатының бастамасымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен басталған «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында да жастарымызды ауылға тарту бойынша біздің белсенді студенттер үгіт-насихатшылар тобының құрамына еніп, нәтижелі жұмыстар атқаруда.
«Жастар – Отанға!» республикалық жоба аясында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған «Парыз» жұмыс тобының құрамына енген біздің студенттер құқықбұзушылық, нашақорлық, таксикоманияның және тағы да басқа жағымсыз үрдістермен күрес жүргізуде өкілетті органдарға көмектесті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында өткізілген «Сыбайлас жемқорлық – жастарға жат қылық» атты жас ақындар мүшәйрасы, «Болашаққа баянды бастама» атты облыс жастарының форумы, «Сенің жемқорлыққа жоқ дегенің маңызды!», «Таза сессия» акциялары, «Жемқорлықсыз сынақ кітапшасы» тақырыптарындағы іс-шараларын ұйымдастырып өткізуде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері зор ықпалын тигізді.
Профессор-оқытушылар құрамы мен студент-жастарды идеологиялық бағытта біріктіріп, ел Президентінің сарабдал саясатын қолдап, жүзеге асыратын осындай саяси ұйымның біздің университетте де нәтижелі қызмет етуі - университет ректоры, партия мүшесі Тұяқбай Зейітұлының тікелей қолдауымен болып отырған іс екендігін атап өткіміз келеді.
1.3. БҚМУ-дағы Қазақстан Студенттер Альянсы жастар ұйымы.
«Қазақстан Студенттер Альянсы» жастар республикалық қозғалысының университеттегі ұйымы республикалық және облыстық деңгейлерде өткен акциялар мен шараларға белсенді қатысып келеді. Атап айтсақ, «Бұл – біздің ту», «Бұл – біздің әнұран», «Никотин на витамин», «Жағдайың қалай, студент?», «Операция сессия» және т.б. Студент жастар аталған акциялар бойынша қол жеткізген нәтижелері мен ұсыныстарын ҚР Білім және ғылым министрлініне жіберіп, республикалық студенттер штабымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқаруда.
Университет студенттері үшін бұл ұйым жастар арасындағы байланыс орталығы ретінде жүзеге асуда. Өйткені, студенттер тек университет қабырғасында жүріп қоғамдық жұмыстар атқарып қана қоймай, басқа жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, бірлескен шараларды ұйымдастыруда. Бұл ұйым университет студенттері үшін қарым-қатынас мәдениетін дамытуға, толеранттылыққа тәрбиелеуге өз септігін тигізіп отыр.
1.4. «Ақиқат» пікір – сайыс орталығы.
Университеттің «Ақиқат» пікір – сайыс орталығының құрылғанына алты жыл толып отыр. Осы кезге дейін қоғамдық бірлестік көптеген қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі жобаларды жүзеге сәтті асырды. 2010 жылғы «Ақиқат» пікір – сайыс орталығының ірі нәтижелері ретінде Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына және Халықаралық студенттер күніне арналған көлемі 500 мың теңгені құрайтын пікір-сайыс ойындарына арналған облыстық жобаларын атап айтуға болады.
Аталмыш орталық студент-жастар арасында үлкен беделге ие. Бұл орталықта студенттерді шешендік өнерге баулып, дұрыс көзқарас пен жүйелі сөйлеуге үйретеді. Атап өту қажет, университетте дебат қозғалысы жақсы қарқынмен дамып келеді. «Ақиқат» пікір – сайыс орталығы өз кезегінде дебаттық сайыстар арқылы университет студенттерінің алған білімдерін облыстық, республикалық деңгейдегі турнирлерде көрсетуге өз септігін тигізіп жүр.
1.5. «БҚМУ жас ғалымдар кеңесі» - ғылымға бастар жол.
«БҚМУ жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірлестігі - бүгінгі таңда ғылым саласы бойынша университеттің жас ғалымдары мен ғылымға қадам басқан студент-жастарын біріктіріп отырған орталық. Бірнеше инновациялық және әлеуметтік салалар бойынша гранттық жобаларды ұтып алып жүзеге асырды.
Облыс, республика көлеміндегі бірнеше іс-шараларды өткізуде белгілі бір дейгейдегі тәжірибеге ие бұл ұйымның ірі шараларының қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- «Бүгінгі Қазақстандағы дін мен қоғам» атты республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференция (21.05.09.);
- Үкіметік емес ұйымдардың облыстық конгресі (20.08.09.);
- «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты өзге ұлыс өкілдері арасындағы тіл
біліктілігі байқауы (11.09.09.);
- Орал қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері мен жоғарғы сынып оқушылары арасында «Ұлы Отан соғысы жас ұрпақтар есінде» атты Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция және «Ер жүрек Мәншүк» атты аймақтық патриоттық әндер байқауы өткізілді. (21-21.04.10.)
Жас ғалымдар кеңесі республикалық студенттер олимпиадасының жүлдегерлерімен, белсенді студенттермен жүйелі түрде баспасөз мәжілістері мен ғылыми жиналыстар өтіп тұрды.
Дәстүрлі шараларының ішінде студенттердің арасындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясын және ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурстарын атап өтуге болады. Аталмыш ұйымның бастамасымен университет бас ғимаратынан «БҚМУ жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық ұйымының арнайы жабдықталған кабинеті ашылды. Бұл – университетіміздің жас ғалымдары үшін ректорат тарапынан көрсетілген үлкен ықылас деп танимыз.
1.6. Студенттік кәсіподақ ұйымының студенттер мүддесін қорғау мен тәрбие беру үрдісіне қосатын үлесі.
Студенттік кәсіподақ ұйымы оқу орнымыздағы студенттердің әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету, олардың бос уақытын тиімді пайдалану ісі бойынша нәтижелі жұмыстар атқаруда. Ұйымдастырылған іс-шараларға қатысатын студенттерді ынталандыру және шараның сапалылығын арттыру мақсатында көптеген тәрбиелік жұмыстарға демеушілік жасап, қаржыландырып келеді. Төменде көрсетілген кестеде студенттік кәсіподақ ұйымының тарапынан тәрбие жұмысы бағытында атқарылып жатқан мәдени-көпшілік іс-шараларға атсалысып, қаржыландыру мөлшерлері де артып келе жатқандығын көруге болады.
Мысалы, өткен оқу жылы студенттік іс-сапарларды қаржыландыру 193472 теңге болса, биылғы оқу жылының жартысында бұл көрсеткіш 130000 теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, спорттық шараларға 81000 теңге, мәдени-көпшілік іс-шараларға 339778 теңге бөлініп, білім алушылардың мүдделері үшін пайдаға асырылды.
Студенттік кәсіподақ ұжымының жаңа жұмыс бағыттары ретінде соңғы екі жылда тәжірибеге енген студенттердің іс-сапарларын қаржыландыруын атап өтуімізге болады. Бұл ұйымда белсенді жұмыс атқарып жүрген студенттер студенттік шақтан бастап қайырымдылыққа, әлеуметтік жауапкершілікті сезінуге тәрбиеленеді. Сондықтан да, студент жастарды тәрбиелеуге өзіндік үлесін қосып келе жатқан осы қоғамдық ұйымның жұмысын болашақта дамытып, білім алушылардың әрі қарай әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуіміз қажет.
Студенттік кәсіподақ тарапынан студенттерге көрсетілген әлеуметтік көмек
Достарыңызбен бөлісу: |