18
4
QAZAQ TILI EMLE EREJESINIŃ JOBASY
Орфографиялық ереже, орфографиялық нормалардың жазба тілді
реттеудегі қызметі мен маңызы. Қазақ тілі емлесінің жаңа ережелері:
құрылымы, жаңалығы.
1) Емле (орфографиялық ереже) дегеніміз не? Орфографиялық норма дегеніміз не? Жаз-
ба тілді реттеудің маңызы қандай?
Емле дегеніміз
ауызша сөзді (сөздер мен грамматикалық формаларды) хатқа түсірудің
бірізді тәсілдерін анықтайтын ережелер жүйесі. Бүгінгі емле ережелері қазақ тілінің орто-
логиялық лексикографиялық еңбектері (сөздіктер) мен құралдарын (анықтағыштар) әзір-
леудің базалық көзі болып табылады. Осы ереже бойынша оқушылар мен талапкерлерге
арналған барлық оқулық, оқу құралдарының мәтіндері әзірленеді.
Орфографиялық ере-
же – дұрыс жазу үлгісінің (орфограммалардың) таңдалу шарттары көрсетілген нұсқаулық.
Таңдалу шарттарына сөздің белгілі бір жағдайда қалай жазылу керектігін анықтайтын фо-
нетикалық, сөзжасамдық,
морфологиялық, синтаксистік және мағыналық ерекшеліктер
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: