Сөзалды сыңарлары бар күрделі сөздер емлесі Біріккен сөздердің ерекшеліктері:
- мағынасы әртүрлі, жеке айтылғанда бір-біріне қатысы жоқ сөздерден құралады;
- жеке тұрғанда бір ұғымды береді;
- мағынасы жеке компоненттерінің мағынасына сай болмайды.
Біріккен сөздердің екі түрі бар:
а) құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталған
(бұзаубас, қарақұрт); ә) құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталмайтын:
биыл - бұл жыл (немесе бұлар
кіріккен сөздер аталады).
Сөздердің бірігуі арқылы: аң, құс, өсімдік, географиялық атаулар, кісі аттары, дене мүше-
лері атаулары, ауру атаулары, ойын атаулары, ән, күй, өлең, жыр атаулары, қоғам, күнделік-
ті тұрмыстық атаулар, мезгіл атаулары, белгісіздік, болымсыздықты білдіретін атаулар жа-
салады. Біріккен сөздер тарихи құбылыс, олардың компоненттері әртүрлі сөз таптарынан,
тіпті сөзалды сыңарлардан (қосымшалардан) да болады.