Филология кафедрасы



бет41/75
Дата05.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#1348
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75
І. Тұрақты жұп
ІІ. Өзгеріп, ауысып отыратын жұп.
ІІІ. Варициялық жұп (ерекше жұп).
Ұжымдық оқыту технологиясы арқылы оқушыларды ғылыми ізденіске, зерттеу жұмыстарына баулуға болады. Ал енді ҰОТ бір сатысы жұптық жұмыс әдістемесіне қысқаша түсінік берейік.
І кезең. Дайындық кезеңі.Оқушылар сынып санына қарай топқа бөлінеді. Мұғалім тапсырмалармен таныстырады, көмек- нұсқау жазылған үлестірме қағаз таратады. Шешілетін проблемаға назарларын аударады. Топ спикері түсінік береді.
ІІ кезең. Жұптағы, топтағы жұмыстардың жүруі. Оқушылар тапсырманы жеке- жеке орындайды. Кезектесе отырып бір- бірінің жұмысын тыңдайды, ортаға салады, бір- біріне сұрақ қояды, қорытындылайды. Бағалайды, коррекциялық жұмыстар жүргізеді, бір-бірін оқытады, бір- бірінен үйренеді, бір- біріне түсіндіреді.
ІІІ кезең. Жұмыстарын, қорытындыларын, жасаған жобаларын спикер хабарламасы арқылы мұғалім тыңдап танысады. Жауаптарының дұрыс- бұрысын сараптайды, саралайды.
ІV кезең. Мұғалім ұжымдық жұмыстың орындалу сапасымен таныстырады. Ұжым таңдайды, талқылайды, пікірлеседі( дауласады, пікір таласы, келісу- келіспеушілік).
V кезең. Бақылау жұмысы. Жұмыс оқушылардың алған білімін, ұғымын тексеру мақсатында жүреді. Бақылаудың түрі көп, тиімді дегенін мұғалім таңдап алады. Соңында мұғалім бақылау жұмысының қорытындысын хабарлайды. Коррекциялық жұмыстар жүргізеді. Кемшіліктерді түзету үшін жаңа мақсаттар белгілейді. Топтың спикерін де мұғалім дайындайды, олар да ауысып отырады. Спикерлер ең алдымен мұғалімнің де, достарының да көмекшісі қызметін атқарады. Олардың өз қызметін толық түсінуі әрі ұжымды жемісті еңбекке жұмылдыруы үшін төмендегідей көмек нұсқау берудің тиімділігі бар.
Көмек- нұсқау.

Тапсырманың мақсатқа жету, жетпеуі, сәттілігі өзіңнің де ұйымдастырушылық қабілетіңе байланысты. Топтың әр мүшесімен достық қарым- қатынаста бол. Ескертулеріңді байыппен, орнықты етіп жаса. Әділетті бол, іс- әрекетің қысқа, тұжырымды, түсінікті, дәлелді болсын. Өзімшіл болма «менікі ғана дұрыс» деген қорытынды жасама. Көмекші, ақылшы бола біл. Достарыңның жауабын көңіл қойып тыңда, керекті жерінде ғана пікір қос.

Жұп мүшелері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет