Өзін-өзі бекіту сұрақтары:
Даралап, саралап оқытудың тиімділігі неде?
Деңгейлік тапсырмалар қалай бөлінеді?
Дәріс №14 Интеграциялық оқыту технологиясы
Сабақтың мақсаты: Интеграциялық оқыту технологиясы жайлы мәлімет беріп, оның мәні мен мағынасын түсіндіру.
Тірек сөздер: интеграция, көркемдік мәдениет, шығармашылқ белсенділік т.б.
Негізгі сұрақтар:
1.Интеграциялық оқыту технологиясы.
2.Интеграциялық оқытудың ерекшеліктері.
Қысқаша мазмұны:
Интеграциялық сабақтың тиімділігі – оқушының шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал жасайды. Интеграциялық сабақта оқушыға өзі өмір сүріп отырған әлем туралы, құбылыс пен заттардың арасындағы өзара байланыс туралы, көркемдік мәдениет әлемінің сан-салалары туралы кең және нақты түсінік беріледі.
Интеграциялық сабақтың ерекшелігі – үйренуге мүмкіндік туғызады, танымдық көзқарастарын қалыптастырады, құбылысты бірнеше жағынан қарастырады.
Оқушылардың сөйлеу қабілеті жетіледі, ойлауын, салыстыруын, қорытынды жасауын қалыптастырады. Пән туралы танымын тереңдетіп қана қоймай, ой-өрісін кеңейтеді, жеке басының дамуын қалыптастырады. Интеграциялық сабақтар екі немесе бірнеше сабақтар үшін маңызды проблемаларды ашатын сабақ түрінде және пәнаралық байланыс арқылы да жүргізіледі.
Оқытудың тағы бірі-саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты – өздігінен білім алып, дамуға ұмтылатын жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау. Сондықтан оның өзіндік іс-әрекеті белгілі-бір дәрежеде белсенді жүреді. Бұл әдіс білім беру принциптерін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында қабілеті әр түрлі оқушылардың өздігімен дамуына жағдай жасайды. Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының артықшылығы:
1. тақырып бойынша модуль құру;
2. әр модульдің соңғы сабағында қорытынды, өзіндік жұмыс, бақылау жұмысы және қатемен жұмыс, мұғалім мен оқушының шеберлігін ұштайды.
Сабақтың әр кезеңінде, мұғалім өз іс-тәжірибесінде түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланады.
- оқушының өз білімін өзі бағалауға, күнделікті еңбегінің нәтижесін көруге мүмкіндігі бар;
- оқушы өзінің мүмкіндігі мен қабілеттеріне қарай жұмыс істей алады;
- дарынды оқушылар стандартпен бекітілген міндетті деңгейді меңгеріп қана қоймай, одан әрі қабілеттеріне қарай деңгейлік тапсырмалар орындайды.
І деңгей- тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білу.
ІІ деңгей – тақырып бойынша ақпаратты талдай білу керек.
ІІІ деңгей – сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |