ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
|
УМКД
|
УМКД 042-16.1.21/03-2014
|
УМКД
«Когнитивтік лингвистика »
пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
|
______2014 жылғы
№ 3 басылым
|
6М020500 - «Филология» мамандығына арналған
«Когнитивтік лингвистика»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2014
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық сабақтар
4 Магистранттың өздік жұмысы
ГЛОССАРИЙ
1.Когнитивтік лингвистика (лат cognition – білім, түсінік, көзқарас) ‑ тіл біліміндегі бағыт. Тілді игеру. Табиғи тіл механизмін түсіндіру үшін білім жинау, қолдану және оны түсіну моделін құру тұрғысынан зерттеу.
2.Антропоцентризм.(гр.anthropos-«адам»,лат.centrum-орталық)-адам феноменін Ғаламның басқа да феномендеріне қарсы қоя отырып,адамды ғаламның орталығы ретінде танытатын,дүниедегі болып жатқан процестердің мақсатын адам факторымен байланыстыратын ғылыми бағыт.
3. Когниция – адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі.
4. «Фондық білім» дегеніміз-тілдік ойлау әрекетіндегі (речемыслительная деятельность) тәжірибенің вербалданған көрінісінің (фрагментінің) коммуникативтік бірліктердің (мәтіндердің) кейбіреулерімен байланысы.
5.Концепт – ұжымдық білімнің бірлігі, сана (жоғары рухани құндылықтарға жол ашушы) этномәдени ерекшелігі бар тілдік бірлік ретінде таңбаланады.
6. «Ғаламның тілдік бейнесі»дегеніміз - « ... тірі (табиғи, ұлттық) тілдер арқылы бекіген ішкі және сыртқы дүние туралы бүкіл ақпарат».
7. Фрейм-санада концепт түзеуші оқиға бірліктерінің бірінен кейін бірінің жүйелі, тәртіпке сай өтілуін қадағалайтын ақпараттар жинағы, концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым нобай.
8. Схема – когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен ішкі сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды бір құрылымда таныту тәсілі.
9.Сценарий. Концепт қалыптастырудағы оның қарапайым танымдық элементтері фрейм болса, әрбір фрейм тармақтарының төңірегінен оқиғалар мен жағдаяттар жүйесін жинақтауға болады.
10. Скрипт –қалыптастыратын басты элемент фрейм. Скрипттің санадағы көрінісі – сценарий құрылымының кеңейтілген формасы, концептілік, мәтіндік құрылымның бір типі.
11. Ойсурет – концепт қалыптастыру операциясының ең күрделі формасы.Концепт құрайтын элементтерді санада метафоралау,яғни суреттеу тәсілі.
12. Ассоцицация-дүниені тануда адам санасындағы алғаш пайда болатын діндік сигналдар,білім берудің бір түрі.Ассоцицация арқылы тану-бұрынғы тәжірибелер мен жаңадан қабылданған түсініктер арасындағы байланыс.
13. Стереотип-нақты бір феноменге қатысты концептіні түсіндірудегі оның ішкі валенттілік байланыстарын жинақтап ұйымдастыратын ментальді-тілдік құрылым.Демек,стереотип-адам санасында туындайтын дүние бейнесінің бір үзігі.Яғни әрбір тіл бірлігінің бойынан стереотиптік таңбаны тануға болады.
ДӘРІСТЕР
№1 модуль Когнитивтік лингвистика-жеке ғылым саласы .
№1 дәріс тақырыбы: Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.
Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.
2. Когнитивтік лингвистика жеке ғылым саласы
3. Когнитивтік лингвистикаға қатысты ғалымдардың пікірлері.
XX ғасыр ғылымының тарихында аса маңызды да, қызықты да құбылыстардың бірі – когнитология немесе когнитивтік ғылым болып табылады. Бұл ғылым сананың барлық жақтарын зерттеуге арналған ғылым. Ол ХХ ғасырдың орта шенінен бастап бір емес бірнеше негізгі ғылымдардың арасында байланыс құра бастаған. Оған жасанды интеллект, тіл білімі, психология мен неврология, физиология, психолингвистика мен математика жатады. Когнитивтік ғылымның негізгі пәні – адам санасы мен оның технологиялық ойлауы.Бұл пәнаралық ғылым адам санасының белгілі бір жақтарын, ең алдымен оның жүйелі түрде ойлауымен және дүниені тану үдерістерімен байланысын зерттеуге арналған.
Когнитивтік лингвистика – тілдің танымдық теориясы мен танымдық қызметін зерттеп, адамзат білімінің түзілуі мен оның қызмет болмысын қарастырады.Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанына сондай-ақ концептілер жатады. Олар концептілік жүйе құрап, өзіндік белгілермен ерекшеленетін концептуальды кеңістікті құрайды.
Дәрісті қорытындылау:
1.Когнитивтік ғылымның негізгі пәні – адам санасы мен оның технологиялық ойлауы.
2. Когнитивтік лингвистика – тілдің танымдық теориясы мен танымдық қызметін зерттеп, адамзат білімінің түзілуі мен оның қызмет болмысын қарастырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанына, мақсаты мен міндеттеріне не жатады?
2. Когнитивтік лингвистиканың жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшеліктерін неден көреміз?
3. Когнитивтік лингвистика пәнін зерттеу нысанын айқындауға қатысты қатысты ғалымдардың пікірлері мен көзқарастары қандай ?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Жаманбаева Қ.Ә.Тіл қолданысының когнитивтік негіздері.-А.,1998
2.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері.Тілтаным., 2004.№1
3.Маслова В.А. Когнитивная лингвистика.-М,. 2003.
№2 дәріс тақырыбы: Когнитивтік лингвистиканың зерттелу тарихы.
1. Тіл біліміндегі антропоөзектік бағыт.
2. Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қайнар көзі, шығу арнасы.
3. Когнитивтік лингвистиканың пайда болуының алғышарттары.
4. Когнитивтік лингвистика бағытына қатысты алғашқы еңбектер мен зерттеулерге шолу.
Антропоцентризм (гр.anthropos-«адам», лат.centrum-орталық) - адам феноменін ғаламның басқа да феномендеріне қарсы қоя отырып, адамды ғаламның орталығы ретінде танытатын, дүниедегі болып жатқан үдерістердің мақсатын адам факторымен байланыстыратын ғылыми бағыт.
Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қайнар көзі, шығу арнасы Еуропада В.Гумьболдтың линго-философиялық тұжырымдамаларынан, ал Америкада Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорфтардың көзқарастарынан бастау алады.
Ресейлік филологиялық және тілтанымдық дәстүрді жалғастырушы Н.И.Толстой,Н.Топоров, В.В.Воробьев,А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, А.Д.Арутюнова,В.М аслова т.б ғалымдардың зерттеулерінде ақиқат шындық болмыс, халық тарихы, ел тарихы, дүниетаным, рухани және материалдық мәдениеттің құрамдас бөліктерін құраушы ұлттық құндылықтар жүйесі тіл құрылымының танымдық астарымен,таңбалық сипатымен,тілдік бірліктердің ұлттық-мәдени семантикасымен тығыз байланыста сарапталады.
Когнитивті лингвистика бірнеше факторлардың әсер етуінен пайда болды. Когнитивті лингвистиканың пайда болуына когнитивті психологияның да әсері болды.Когнитивті лингвистиканың пайда болуына лингвистикалық семантиканың да әсері болды.
«Когнитивті грамматика» термині 1975 ж. Дж.Лакофф пен Г.Томпсонның «Когнитивтік грамматиканы ұсынамыз» атты мақаласында қолданылған. 1990 ж. орта шеніңде Еуропада алғаш рет когнитивті лингвистика оқулықтары шыға бастады. Ф.Унгерер мен Х.И Шмидтің «Когнитивті грамматикаға кіріспе»,(1996 ж), Б. Хайне «Грамматиканың когнитивті негіздері» (1997 ж.). Орыс тіл білімінде когнитивті грамматика ұғымы В.И Герасимованың (1985 ж) мақаласында беріледі.
1995ж. «Язык и интеллект» аударма жинағы басылып шықты. Орыс тіл білімінде когнитивті лингвистикаға өзіндік үлес қосқан ғалымдар, зерттеушілер Н.Д Арутюнова, Е.С. Кубрякова, Ю.С. Степанов болды.
Дәрісті қорытындылау:
1. Антропоөзек - адамды ғаламның орталығы ретінде танытатын, дүниедегі болып жатқан үдерістердің мақсатын адам факторымен байланыстыратын ғылыми бағыт.
2. Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың шығу арнасы Еуропада В.Гумьболдтың линго-философиялық тұжырымдамаларынан бастау алады.
3. Ресейлік тілтанымдық дәстүрді жалғастырушы Н.И.Толстой,Н.Топоров, В.В.Воробьев,А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, А.Д.Арутюнова,В.М аслова т.б ғалымдардың зерттеулерінде ақиқат шындық болмыс, халық тарихы, ел тарихы, дүниетаным т.б. сарапталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивтік лингвистикадағы адамның рөлі мен маңызы қандай?
2. Тіл біліміндегі антропоцеөзектік бағыт дегеніміз не?
3. Когнитивтік лингвистиканы зерттеген ғалымдар кімдер?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Жаманбаева Қ.Ә.Тіл қолданысының когнитивтік негіздері.-А.,1998
2.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері.Тілтаным., 2004.№1
3.Маслова В.А. Когнитивная лингвистика.-М,. 2003.
4.Маслова В.А. Лингвокультурология.-М., 2001.
№3дәріс тақырыбы: Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі.
1.А. Байтұрсыновтың таным негіздеріне қатысты ой тұжырымдары.
2. М.Жұмабаевтың тіл, ой, сана арқылы адамзаттың даму үдерісін сипаттауы.
3. Қ.Жұбановтың тіл адамды, өмірді зерттеп танудың көрсеткіші екендігі жөніндегі пікірлері.
4. С.Аманжолов және оның таным үдерісі туралы көзқарастары.
Ахмет Байтұрсынұлы өзінің филология саласындағы еңбектерін әдебиет танытқыш және тіл танытқыш деп үлкен екі салаға топтастырған. Алдыңғы топқа қазақ әдебиеті туралы еңбектері, ал соңғысы қазақ тілі жөніндегі жазғандары кірген. Ол қазақ тілін жеке пән, ғылым ретінде қалыптастыру, жүйелі түрде оқыту, қалыптастыру мақсатымен үш кітаптан тұратын «Тіл құрал» атты оқулықтар сериясын жариялады. Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл құрал» дейтін жалпы атпен үш кітап жазды. Олар: «Дыбыс жүйесі мен түрлері», «Сөз жүйесі мен түрлері» және «Сөйлем жүйесі мен түрлері».
XX ғасырдың 20-30 жылдарында педагогика, психология саласында өзінің соны да сындарлы пікірлерімен көрінген ағартушы, ақын, жазушы, аудармашы Мағжан Жұмабаевтың орны ерекше. Ағартушы Мағжан Жұмабаев «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілі», «Сауатты бол» т.б. оқулықтарын жазды.
Қазақ тіл білімінің негізін салушы аса көрнекті ғалым, тұңғыш қазақ филолог–профессоры , ірі педагог–ағартушы 1936 жыл Қ.Жұбановтың аса мол жемісті жылдарының бірі болды. Бұл жылы оның «Қазақ тілінің грамматикасы. І бөлім. Жалпы морфология» деп аталатын кітабы жарыққа шықты. Білім аясы кең, қазақ тілінің шын жанашыры болған Қ.Жұбановтың қаламына әдеби тіліміздің даму мәселелері де үйірілмей қалмады. Бұған бір–екі мақаласы куә. Оның бірі – «Абай қазақ әдебиетінің классигі». Бұл еңбегі аяқталмай қалған. Ол -Абай туралы жазылған тұтас кітаптың үзіндісі.
С.Аманжоловтың ғылыми мұрасы қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамуына зор үлес қосты. Атап айтқанда, «морфология, синтаксис», «Қазақтың әдеби тілі», «Қазақ әдеби синтаксисі», «Қазақ әдеби курсы», «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» т.б.
Сәрсен Аманжоловтың да тілтанымдық зерттеулері лингвистиалық талдаулардың өзгеше амалын құрайды, себебі автор тілдік құралдар табиғатын анықтауда құрылымдық мәнбілерді адамның ішкі ойлау, қабылдау, тану мүмкіндіктерімен, сыртқы қоғамдық–мәдени негіздерімен шебер сабақтастыра білді .
Дәрісті қорытындылау:
1. А. Байтұрсынұлы «Тіл құрал» дейтін жалпы атпен үш кітап жазды. Олар: Дыбыс жүйесі мен түрлері, сөз жүйесі мен түрлері және сөйлем жүйесі мен түрлері.
2. Ағартушы М.Жұмабаев «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілі», т.б. оқулықтарын жазды.
3. Қ.Жұбановтың 1936 жылы«Қазақ тілінің грамматикасы. І бөлім. Жалпы морфология» деп аталатын кітабы жарыққа шықты.
4. С.Аманжоловтың ғылыми мұрасы қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамуына зор үлес қосты.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ лингвистикасындағы когнитивтік парадигманың даму тарихы қашан басталған?
2.А.Байтұрсыновтың таным негіздеріне қатысты ой-тұжырымдары мен көзқарастары туралы не білесің?
3.М.Жұмабаевтың еңбектерінде тіл, ой, сана арқылы адамзаттың даму үдерісін сипаттауы қалай көрінеді?
4. Қ.Жұбановтың тіл адамды, өмірді танудың көрсеткіші екендігі жөніндегі пікірлері қандай?
5.С.Аманжоловтың таным үдерісі туралы көзқарастары қалай берілген?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Байтұрсынов А.Тіл тағылымы,-А,1992.
Жұбанов А.Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер,-А,1966.
Аманжолов С.Қазақ тілі теориясының негіздері,2002.
Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, «Ана тілі», 1992.
Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
№4дәріс тақырыбы: Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі.
1.Қазіргі когнитивтік лингвистиканың дамуы жайлы ғылыми еңбектерге шолу.
2. Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері.
Қазіргі жаһандану үдерісі когнитивтік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуына әсер етті. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Қ.Жаманбаева т.б.). Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоөзектік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда. Осымен байланысты Г.Снасапова, Ш.Елемесова, М.Күштаева, Н.Аитова, А.Әмірбекова, Қ.Жаманбаева Э.Оразалиева, А.Ислам, Ә.Айтпаева тәрізді жас ғалымдардың жұмыстарында тілтаным кілті деп қаралып, когнитивтік лингвистика мәселелері этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланыста зерттелген.
Когнитивтік бағыттағы негізгі зерттеулердің бірі ретінде Г.Гиздатовтың «сөйлеу қызметіндегі когнитивтік модельдер типологиясы мен динамикасы» атты докторлық диссертациясын атауға болады.
М.Т.Күштаеваның «Тары концептісінің семантикалық құрылымы мен лингвомәдени мазмұны» атты зерттеуі «Тары» сөзіне қатысты тұрақты тіркестер, коннотациялық мағыналарды, концептілердің өрісін айқындауға негізделіп, тілді ұлттық психологиялық таныммен сабақтастыра қарастыруға бағытталған еңбек болып саналады.
Келесі еңбектің бірі - Ә.Әмірбекованың «Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша)» атты диссертациясы. Ғалым өз жұмысына концептілік құрылымдарға және ақын М.Мақатаевтың танымдық болмысын «Өмір» концептісінің негізінде талдау жасап, «Көркемдік сана», «Когнитивтік модель», «ассоцация», «бейне» т.б. ұғымдарға поэтикалық мәтіннен мысалдар келтіре отырып саралады.
2007 жылы Э.Н.Оразалиеваның «Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы» атты монографиясы жарық көріп, зерттеуші өз еңбегінде қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптасу, даму алғышарттарын ғылыми теориялық тұжырымдарға сүйене отырып қарастырады.
Дәрісті қорытындылау:
1. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді.
2. Тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоөзектік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда.
Бақылау сұрақтары:
1.«Тілтану» ұғымының қалыптасу парадигмасын қалай топтастыруға болады?
2.Қазіргі кездегі когнитивтік лингвистиканың дамуы мен қалыптасуына қатысты қазақ ғалымдарының қандай ғылыми еңбектері мен диссертациялары бар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
Ақбердиева Б.Когнитивтік лингвистика,-А,2009.
Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері. А., 1998.
№2 модуль. Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистика.
№5дәріс тақырыбы: Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистика.
Психолингвистика және когнитивтік лингвистика.
Антропоөзектік парадигма өз шеңберінде лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология сияқты жаңа бағыттарға жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер төмендегідей когнитивтік құрылымдарға ерекше мән беред і: қабылдау, ойлау, тіл, есте сақтау т.б.
Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы салалардың әрқайсысының өзіндік зерттеу нысаны, тәсілдері, қолданылу аясы бар. Қазіргі тіл білімінде әлеуметтік лингвистика (тіл мен қоғам арақатынасын зерттейтін сала), психолингвистика (индивидтің тұлғалық мінез-құлқы мен ұғымды қабылдау, оны санада өңдеу қасиеттерінің тілде көрініс табуы), лингвомәдениеттану (тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы негізінде ұлт мәдениетінің тілде сақталуы, тілде көрініс табуы, тіл арқылы ұлтты, оның мәдениетін таныта білу ерекшеліктері), этнолингвистика (тілдегі ұлттық бірліктердің мазмұны мен мәнін ұлттың тарихынан, халықтың рухани мәдениетінен, халықтың менталитетінен, халықтың шығармашылығынан іздеу) салалары тілді антропологиялық бағытта қарастыруда.
Соңғы онжылдық ішіндегі психолингвистикалық еңбектерді талдай келе, психолингвистиканың когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект, сонымен қатар, прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады.
Дәрісті қорытындылау:
1.Антропоөзектік парадигма өз шеңберінде лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология сияқты жаңа бағыттарға жол ашады.
2. Соңғы онжылдық ішіндегі психолингвистиканың когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистиканың өзара байланысы жайлы не білеміз?
2. Психолингвистика мен когнитивтік лингвистиканың байланысы неден
көрінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
2.Ақбердиева Б. Когнитивтік лингвистика,-А,2009.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері . А., 1998.
4.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері //Тілтаным, 2001, № 1.
№6 дәріс тақырыбы: Когнитивтік лингвистика және терминология.
1.Когнитивтік лингвистиканың жаңа саласы - когнитивтік терминология.
2. Терминдердің концептуалдық құрылымы.
Атаудың танымдық – қызметтік табиғатын терең тану үшін, оның теориялық негізін қалаушылардың ғылыми пайымдауларының маңызы зор. Ғалым А.А.Потебня еңбектерінде антропологиялық тіл білімі адамның шығармашылық рухы туралы әлемдік ілімнің ең ірі бөлігі ретінде концептілік негізде зерттеулерге бастау болғандығы белгілі.
Терминдер ұлттың, халықтың тәжірибесін,қоғамдағы адамдардың бір – бірімен байланысын, шаруашылығын, рухани, метериалды мәдениетін т.б. концептуалдық ғылым кешенін де өз бойына жинақтайды.
Ғылымның қай саласына назар аударсақ та, сол саланың қаншалықты деңгейге жетіп, қаншалықты дәрежеге көтерілгені терминологиялық жүйесінен көрініп тұрады. Терминдік ұғым, терминологиялық жүйе, терминологиялық өріс, жоғарыда айтқандай, көптеген басқа ұғымдармен, тәсілдермен бірге зерттеліп жүр. Соның ішінде термин мен концепті, терминология мен когнитивтік лингвистика ұғымдарының бір қатарда қаралуы, жаңа көзқарасты талап етеді.
Терминдердің концептуалдық құрылымын анықтауда ұғым мен мазмұн мәселесінің маңызы зор. Себебі терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз – белгілі бір ұғымдық сала иелерінің коммуникативтік байланысын қамтамасыз ететін референциялардың инвариантты жүйесі, концептуалды құрылымды тіл жүйелері мен арнайы ұғымдар арасын байланыстыратын негізгі буын деп қарастыруға болады. Егер терминді тек жеке сөз ретінде ғана қабылдамай, оны белгілі бір терминологиялық жүйе бірлігі ретінде қабылдайтын болсақ, онда ол өзінің негізінде бүкіл сол жүйенің құрылымдық және мазмұндық жақтарын сипаттауымен қоса, онымен семантикалық қатынаста болуы тиіс. Яғни, бір жеке терминнің концептуалдық құрылымын айқындау арқылы сол терминологиялық жүйенің де концептуалдық құрылымын анықтауға болады.
Дәрісті қорытындылау:
1. Терминдер ұлттың, халықтың тәжірибесін,қоғамдағы адамдардың бір – бірімен байланысын, шаруашылығын, рухани, метериалды мәдениетін т.б. концептуалдық ғылым кешенін де өз бойына жинақтайды.
2. Терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз – белгілі бір ұғымдық сала иелерінің коммуникативтік байланысын қамтамасыз ететін референциялардың инвариантты жүйесі.
Бақылау сұрақтары:
1.Терминдерде әлем түсінігі жайлы арнайы білім, ұғымдар қалай қамтылған?
2.Когнитивтік лингвистиканың тірек терминдеріне қай терминдер жатады?
3.Терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998.
№7 дәріс тақырыбы: Когнитивизм және когнитология.
1. Когнитивизм ғылыми бағытының алғашқы нышандары.
2. Когнитивизмнің ғылыми негіздері, оның қазіргі тіл біліміндегі орны.
Бүгінгі таңда тіл біліміндегі когнитивтік бағыт тілдік мәселелерге мүлде өзге қырынан келуді алға тартып отыр. Когнитивизм саласы ғылымның философия, логика, лингвистика, психология, мәдениеттану, интеллект сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелерді шешуді ұсынады. Осының салдарында тілді «өз ішінде және өзі үшін» қарастыратын зерттеулер жеткіліксіз болып, оны ой-санамен тығыз байланыста қарастыру қажеттігі туындап отыр. Демек, бұл адамды тіл арқылы және керісінше, тілді адам арқылы анықтау.
Когнитивизм ғылымының құрамына енетін когнитивтік лингвистика адамның дүниетанымы туралы ғылым. Когнитивизм негізінен адамзаттық когнитацияны зерттейді. Адамның когнитивті дүниесі оның ойлау әрекетінен көрінеді десек, сол әрекетті танытатын негізгі белгі оның тілі болып табылады. Тіл – адамның қабылдаған ақпаратын өңдеп санада реттелген нәтижесін көрсететін құрал.
Когнитивизмнің зерттеу нысаны- когнитивтік тіл білімі когнитивизм ғылымымен тікелей байланысты .Оның зерттейтін нысаны – адамзаттық когниция екендігі, ол – ақиқат дүние туралы санада қалыптасқан білімді ішкі рухани танымы мен моделі арқылы, заңдылығын, теориясын зерттейтін ғылым. Когнитивтік лингвистикада когниция ұғымына ерекше назар аударылады. Когниция – адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі. Адам баласына дүниедегі мәліметтердің лингвистикалық арналар арқылы жетуі адамды концепт әлеміне жетелейді.
Зерттеуші В.А.Маслова «... елестету, схема, картина, фрейм, сценарий (скрипт), гештальт» сияқты бірліктерді адам танымындағы ақпараттарды сыртқа шығаруда қолданылатын тілдік құрал деп есептеген.
Дәрісті қорытындылау:
1. Когнитивизм ғылымының құрамына енетін когнитивтік лингвистика адамның дүниетанымы туралы ғылым.
2. Когнитивизм негізінен адамзаттық когнитацияны зерттейді.
3. Когниция – адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі.
Бақылау сұрақтары:
1.Когнитивизм нені зерттейді?
2. Когнитивизмнің зерттеу нысанына не жатады?
3. Когниция немесе когнитивтік әрекеттер дегеніміз не?
4.Когнитологияның қарастыратын мәселелеріне не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
4. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4
№8 дәріс тақырыбы: Когнитологияның жеке тармақтары.
1. Когнитивтік психологияның зерттеу нысаны.
2. Когнитивтік әлеуметтанудың тілдік табиғаты.
3. Когнитивтік антропологияның қарастыратын мәселесі.
Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. «Когнитивтік психология» деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Психологияның танымдық бағыты субьектілердің қабылдау, ойлау, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның ішкі, көзге көріне бермейтін әрі нақты механизмдер мен үдерістер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды.
Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әсері тән болса, екіншісі лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы грамматиканың басым болуымен байланысты. Когнитивтік кезең Н.Хомский жариялаған грамматиканың негізгі қызметінен бас тартып, оның семантикамен, ал тілдің-тілді меңгеру мен пайдалану үдерісіне қатысатын басқа да когнитивтік және жүріс-тұрыстық жүйелерімен байланысын мойындаумен сипатталады. Психолингвистика дамуының ағымдық кезеңі когнитивтік әдістің психолингвистикалық білімдер, ділдік репрезентациялық табиғатын орнатумен байланысты зерттеуге әкеліп соғады.
Когнитивтік психология («тіл біліміндегі психологизм» туралы) дегеніміз- адамдардың дүние, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен адам осы ақпаратты қалай ұғынады, ақпарттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологтяның бір саласы.
Когнитивтік әлеуметтану. Когнитивтік әлеуметтану социолингвистика мен когнитивтік лингивистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады. Бүгінгі таңда әлеуметтік лингивистика тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін, қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым.Социолингивистика тілдің негізгі қызметі коммуникативтік,яғни тілді азаматтық қарым-қатынас құралы деп есептейді. Когнитивтік антропология. Антропология – адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым. Ғасырлар тоғысында адам ғылыми зерттеулердің ең өзекті мәселесіне айналды.
Дәрісті қорытындылау:
1. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды.
2. Психолингвистика дамуының ағымдық кезеңі когнитивтік әдістің психолингвистикалық білімдер, ділдік репрезентациялық табиғатын орнатумен байланысты зерттеуге әкеліп соғады.
3. Когнитивтік әлеуметтану социолингвистика мен когнитивтік лингивистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады.
4. Антропология – адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым.
Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивтік психологияның нені зерттейді?
2. Когнитивтік әлеуметтанудың қарастыратын мәселесіне не жатады?
3. Когнитивтік антропология нені зерттейтін ғылым?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
4. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4
№3 модуль. Тіл білімінде танымдық бағыт.
№9 дәріс тақырыбы: Тіл мен таным бірлестігі.
1.Тіл – ойлау мен таным құралы.
2. Ой мен сана әрекеттері, олардың тіл арқылы көрінісі.
3. Ойлау мен таным үдерістерінің өзара байланысы.
Ғаламдағы заттар мен құбылыстарға атау берумен қатар, олардың ерекшелігін танып білуде таным үдерісінің екі жолы мен оның қызметін зерттеушілер былайша түсіндіреді.: «Таным үдерісінің негізгі екі жолы бар. Біріншісі – сезім түйсіктерінің қызметі арқылы тану болса, екіншісі – ойлау арқылы жүзеге асатын логикалық таным. Бұл жолдың екеуі де бір – бірімен тығыз байланысты және бірін – бірі толықтырып байытып отырады.
Тіл білімінде танымдық бағыттың бастау көзі ғалымдардың атасы саналатын Аристотель, Платон, Әл–Фараби еңбектеріндегі тіл философиясынан алады.
Адам қоршаған ортаны ой қабілеті арқылы танып біледі. Ал тіл ой қызметін бейнеге, модельге түсіреді. Адамзат баласының шындық болмысты танып білуі барлық халықта бірдей екендігі анық. Яғни таным – түсінік арқылы емес, ми қызметі арқылы жүзеге асады. Ми қызметі арқылы адам дүниені таниды. Ал осы танымның нәтижелері тілдік таңбалар арқылы тілден көрініс табады. Олай болса, тіл – ойлаудың құралы, ал ойлау, яғни таным – шындық дүниенің бейнесі.
Танымның жоғары сатысы болып табылатын психикалық үдеріс – ойлау сезімдік танымға негізделеді, санадағы бейнелерге сүйенеді. Дүниедегі құбылыстарды қабылдай отырып, адам оларды ойша өңдейді, олардың әрқайсысының мәнісі мен қасиетін, өзара байланысын танып біледі.
Дәрісті қорытындылау:
1.Таным үдерісінің негізгі екі жолы бар. Біріншісі – сезім түйсіктерінің қызметі арқылы тану болса, екіншісі – ойлау арқылы жүзеге асатын логикалық таным.
2. Адам қоршаған ортаны ой қабілеті арқылы танып біледі. Ал тіл ой қызметін бейнеге, модельге түсіреді.
Бақылау сұрақтары:
1.Тіл білімінде танымдық бағыттың бастау көзі неден басталады?
2.Тіл – ойлау мен таным құралы, ойлау мен таным үдерістерінің өзара байланысы қалай көрінеді?
3. Ой мен сана әрекеттері, олардың тіл арқылы көрінісі жайлы не білесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
4. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4
№10 дәріс тақырыбы: Тіл мен сана.
1. Тіл мен сананың өзара байланысы.
2. Сананы қалыптастыратын факторлар.
3. Тіл және ойлау.
Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі — адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан болып жатады. Өйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сияқты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек. Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психикалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол "сана" деп аталады.
Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды.
Ойлау — адам санасының маңызды ерекшелігі. Ұжымдық еңбектің пайда болуы мен дамуы бір-бірінен ажырамайтын ойлау мен тілдің болуын қажет етті. Сана мидан бөлек болмайды, тек ми ғана сана органы болып табылады. Ал сана адам миының функциясы. Адамның миы биохимиялық, физиологиялық және жүйкелік үдерістер жүріп жататын күрделі материалдық құрылым. Сана әрқашанда мида болып жатқан үдерістермен байланысты, одан тыс өмір сүрмейді. Бірақ олар сананың мәнін құрай алмайды. Материя— объективті, ал сана — субъективті шынайылық. Сонымен, сана дегеніміз — тек адамға ғана тән, оның тілімен байланысты, адам миының жоғары функциясы. Сананың мазмұны — сыртқы дүниені адамның мақсатты бағытталған бейнеленуі негізінде алынған ақпарат. Бұл — сананы қарастырудың гносеологиялық аспектісі болып табылады.
Сананың өмір сүру тәсілі және сана үшін өмір сүретін нәрсе — білім. Сондықтан сананың құрылымында адамның дүниеге қатынасының танымдық байланыстары ерекше қарастырылады. Олар білім алуға, қоршаған дүние туралы алдымен жаңа білімдер алуға бағытталған. Таным мен заттардың танылуы, объектіге терең үңілуі, түсінудің органдарына өсер етуінің негізінде пайда болады.
Дәрісті қорытындылау:
1. Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады.
2. Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды.
3.Ойлау — адам санасының маңызды ерекшелігі.
Бақылау сұрақтары:
1. Таным дегеніміз не?
2. Неліктен сана — қоғамдық құбылыс дейміз?
3. Тіл мен сананың өзара байланысы неден көрінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
4. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4
№11 дәріс тақырыбы: Тілдік таным және ғаламды зерделеу.
1.«Ғалам бейнесі», «ғаламның тілдік бейнесі», «ғалам моделі» ұғымдары туралы түсінік.
2. В.фон Гумбольдтың «тілдік әлемді қабылдау» тұжырымдамасының «аралық әлем және ғаламның тілдік бейнесі» деп қарастырылуы.
3.«Ғалам бейнесінің вербальдық сипатына қатысты ғалымдардың тұжырымдары.
Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз – адамды қоршаған обьективті шындық. Ол танымға тәуелсіз өмір сүреді. Ал табиғи тіл біздің ғалам туралы біліміміз толық қамтып бейнеленген негізгі форма.
Көптеген ғылыми еңбектерде ғалам бейнесі ғаламның тілдік бейнесінің орнына қолданыла береді. Мәні бойынша бұл екі ұғым, екі нәрсе болғандықтан ажыратып қолдану қажет. «Ғаламның тілдік бейнесі» термині философия мен логикада Л.Витгенштейн енгізген. Қоршаған шындық болмыстың адам тілінде бейне құрап, адамның дүниені, әлемді көзі, тілі арқылы тани алатынын тұтас теория ретінде алғаш ұсынып, антропология, семиотика, лингвистикаға енгізген неміс ғалымы Л.Вайсгербер болатын. Ол мұны «ғаламның тілдік құрылуы» деп атады. Ғаламның тілдік құрылуы деп туған тілдегі барлық әрекет ететін бағытталған рухани энергия түсініледі, онда тілдік бірлестік арқылы ғаламның қайта құрылуы жүзеге асырылады.
Когнитивтік ғылым мен жасанды интелектінің маңызды ұғымы «ғалам моделі» немесе «когнитивтік моделмен» тікелей байланысты. Ғалам моделі – концептуалды табиғатқа ие құрылым. Ғалам моделінде субъектінің ақиқат шындық туралы түсініктері, нақты деректер, оқиғалар туралы концептуалды білім тіркелді.
Е.С.Кубякова, Б.А.Серебренников, А.А.Уфимцова т.б. ғалымдар ғаламның концептуалдық бейнесін тілдік бейнеге қарағанда әлдеқайда бай деп есептейді. Ғалымдардың пікірінше, ғаламның ғылыми бейнесін құруға ойлаудың түрлі типтері бейвербалды түрлері де қатысады.
Тіл тұтынушы дүниенің тілдік бейнесі арқылы және оның тілдік жүйеде таңбалануы арқылы өлшеусіз құнды ақпарат ала алады. Бұл арада тілдік таңбалар – ақиқат дүние мен одан туатын бейненің арасын дәнекерлеуші. Демек, дүниенің тілдік бейнесі – адамның әлем туралы жинақтаған ой жүйесінің, танымының сөздегі суреті.
Дәрісті қорытындылау:
1. Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз – адамды қоршаған обьективті шындық.
2.«Ғаламның тілдік бейнесі» термині философия мен логикада Л.Витгенштейн енгізген.
3.Дүниенің тілдік бейнесі – адамның әлем туралы жинақтаған ой жүйесінің, танымының сөздегі суреті.
Бақылау сұрақтары:
1. Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз не?
2. «Ғаламның тілдік бейнесі» терминін философия мен логикада енгізген қай ғалым?
3. Ғаламның тілдік құрылуы дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
4. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4
№4модуль. Когнитивтік лингвистиканың теориялық мәселелері.
№12 дәріс тақырыбы: Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары.
1. Когнитивтік лингвистиканың тіл білімінің салаларымен байланысы.
2. Лексикалық жүйе когнитивтік жүйенің құрамдас бөлігі.
Когнитивтік лингвистиканың негізі толық қаланып болмаса да, бүгінгі таңда бір жағынан онда көбінесе когнитивтік грамматика, когнитивтік лексикология айқындалса, екінші жағынан, семантика саласында когнитивтік фактілердің түрлі варианттары – прототиптік семантика, концептуальды семантика, фреймалық семантика, процедуралық семантика орын алады.
Теориялық және қолданбалы лингвистиканың жаңа саласы ретінде когнитивтік лингвистика бір жағынан когницияның лингвистикалық жағынан зерттелуімен байланысты болса, екінші жағынан когнитивтік жақтарды, яғни лексикалық, грамматикалық және басқа да құбылыстарды қарастырумен байланысты. Когнитивтік лингвистика когнитивтік психологиямен, оның ішінде вербальды ес құбылысымен, ішкі лексиконмен, сонымен қатар тілді қабылдау мен түсінуді талдаумен байланысты. Және де когнитивтік лингвистика дүниені сипаттау мен сипаттау әдістерін қарастырумен байланысты.
Білімнің әрбір жаңа парадигмасы жаңа мәселелерді ғылыми таным нысанына алудың өз үлгісін, өз моделін және оны шешу жолының да өзіндік әдістерін ұсынатыны белгілі. Когнитивтік лингвистика құрылымдық тіл білімімен «сөз таластыра», “білім жарыстыра отырып» қалыптасса да, структуралық (құрылымдық) тіл білімінің ұстанымдарымен қайшылыққа түспейді, қайта оны өз керегіне пайдаланады”. Осыған орай когнитивтік лингвистиканың негізгі мәселесі – таным мен тіл мәселесі.
Когнитивтік жүйе лексикалық жүйеге және жалпы тілдік жүйеге қарағанда толығырақ, байырақ болып көрінеді, лексикалық жүйе когнитивтік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Дәрісті қорытындылау:
1. Когнитивтік лингвистика бір жағынан когницияның лингвистикалық жағынан зерттелуімен байланысты болса, екінші жағынан когнитивтік жақтарды, яғни лексикалық, грамматикалық және басқа да құбылыстарды қарастырумен байланысты.
2. Когнитивтік лингвистиканың негізгі мәселесі – таным мен тіл мәселесі.
Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивтік лингвистиканың тіл білімінің салаларымен байланысы қандай?
2. Когнитивтік лингвистиканың когнитивтік грамматика, когнитивтік лексикологиямен байланысы қандай?
Ұсынылатын і әдебиеттер:
1.Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие. – Минск: Театра Системе, 2004г.
2.Бабушкин А.К Типы концептов в лексико – фразеологический семантике языка их личная и национальная специфика. Дис... док филиал, наук. Воронеж, 1998г
3.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007ж.
4.Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері. А.,2007.
№13дәріс тақырыбы: Тіл біліміндегі концепт теориясының негіздері мен зерттелу тарихы.
1. Тіл білімінде концепт мәселесінің зерттелуі.
2. «Концепт» ұғымына қатысты ғалымдардың пікірлері.
Концепт– адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі. Тұжырым жасау арқылы адам ойлау әрекетін ғана жүзеге асырып қана қоймайды, ол әлемді танудың негізін құрайтын тәжірибе мен білім жүйелерін талдауды, олардың болмыс-табиғатын пайымдауды міндет етеді. Осыған орай, адамның танымдық ерекшелігін сипаттар концепттік жүйе қазіргі лингвистикалық ғылымда 3 түрлі негізде айқындалады:
1. Адам ойының негізгі мәдени көрсеткіші ретінде; яғни барлық мәдени құндылықтар жекеленген концепттер мен олардың қарым-қатынасының жиынтығы деп танылатын тұжырым арқылы дәйектеледі (Ю.С.Степанов);
2. Тілдік таңбаның семантикасы концепт мазмұнын айғақтайтын бір ғана құрал деп есептеледі, сондықтан ғалымдар аталмыш терминді когнитивті семантика элементі есебінде қарастырады (Н.Д.Арутюнова, Т.В.Булыгина, А.Г.Шмелев, Д.С.Лихачев, Е.С.Кубрякова сынды ғалымдар концепт сөз мағынасынан туындамайды, ол адамның жеке және халықтық тәжірибесінің сөз мағынасымен «қақтығысуының» нәтижесі болып табылады деп дәлелдейді.
1928 ж. С.А.Аскольдов концепт терминін алғаш қолдана отырып, оның табиғатын ой құрылымы деп қарастырса, қазіргі таңда бұл ұғымның аясы кеңейе отырып, анықтама шеңберінде адамның барша психикалық ресурстары, сана қызметі, жинақталған тәжірибені танытар құрылымдар сөз болуда. «Концепт – жадының, концептуалды жүйенің, адам психикасында көрініс тапқан әлемдік бейненің, ментальді қордың оперативті бөлшегі» болғандықтан, оның негізінде тіл біліміне концептуалды жүйе, концепттік ая сынды ұғымдар да қалыптасып, кеңінен қолданыс тауып отыр. Тілшілер концептуалды жүйені „адам ақылы меңгерген барша тұжырымдар жиынтығының ментальді деңгейі” деп сипаттаса, концепттік ая деп белгілі бір тілде сөйлеуші тұлғаның дүниетанымын қалыптастыратын, универсалды немесе жалпыхалықтық ілімдер мен жеке индивидуалды танымның сабақтасуынан жинақталатын тұжырымдарды атайды .
Е.С.Кубрякова тілдік құрылымдар арқылы айқындалатын концептілер тізбегін 2 түрлі бағытта қарастыруға болады деп атап көрсетеді:
дүние туралы мағлұматтарды ұсыну, көрсету бағытында;
адам санасында белгілі бір мазмұнға сәйкес және әр түрлі жағдайларға қатысты деректерді жинақтау бағытында.
Ол адам ойын тек тілдік құралдар ғана емес, бейвербалды қимыл-әрекеттер де білдіре алады, себебі олар адамның логикалық заңдылықтарға бағынған әрекеттерінің нәтижесі болып табылады деп есептеді.
Қорыта келгенде, концепт – ұжымдық санадағы кодталған мәдени ен таңба. Лингвомәдени ерекшелікті басшылыққа алатын болғандықтан да, ұлттық мәдени концептінің қалыптасуының когнитивтік негізін анықтап алу да аса маңызды.
Дәрісті қорытындылау:
1. Концепт– адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі.
2. 1928 ж. С.А.Аскольдов концепт терминін алғаш қолдана отырып, оның табиғатын ой құрылымы деп қарастырған.
Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімінде концепт мәселесінің зерттеген кімдер?
2. «Концепт» ұғымына қатысты ғалымдардың пікірлері қандай?
3. «Концепт» дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие. – Минск: Театра Системе, 2004г.
2.Бабушкин А.К Типы концептов в лексико – фразеологический семантике языка их личная и национальная специфика. Дис... док филиал, наук. Воронеж, 1998г
3.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007ж.
№5модуль. Когнитивтік ұғымдар жүйесі.
№14 дәріс тақырыбы: Когнитивтік ұғымдардың ерекшелігі.
1. Танымдық тіл білімінің құралдары.
2. Когнитивтік лингвистиканың терминологиялық жүйесі.
Басты танымдық ұғымдардың қатарында когнитивистер логикалық таным мен когницияның ара-жігін ажырату қажеттігін ескертті, сөйтіп, екеуінің өзіндік белгілері мен байланысқа түсер мүмкіндіктерін ғылыми негізде жіктеп зерделеген дұрыс деген қорытындыға келді. Когниция - бұл танымның өзгеше сипаты, ол адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, эмоция, жады, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс ретінде айқындалады.
Ғалымдар танымдық тілдік зерттеулердің ұғымдық, терминдік аппаратын қалыптастыру және оның ғылыми-теориялық ұстанымдарын айқындау аса маңызды міндеттердің бірі болып табылады деп есептейді. „Танымдық тіл білімінің құралдары ретінде жадының оперативті бірліктері – фреймдер немесе стереотипті жағдайлар, сценарийлер; концепттер яки сөз арқылы қамтылатын барлық мағыналар жиынтығы; гештальттар, яғни әлемнің нақты ұғымдар пайда болғанға дейінгі бейнелері және т.б. – танылып келеді, себебі аталмыш лингвистикалық зерттеулер әлемнің суретті бейнесін жасауға, тілдік сананың қалыптасу өзгешелігін саралауға бағытталады. Когнитивтік лингвистиканың терминологиялық жүйесі жоқтан емес, тіл білімінде бұрыннан қолданылып келе жатқан және өзге ғылымдар жүйесінен алынған ұғымдардан құралатындығын” атай отырып, В.А.Маслова оқу құралында оның ұғымдық бірліктері қатарында ақыл-ой, білім, концепт, концептуалды жүйе, когниция, әлемнің тілдік көрінісі немесе бейнесі, когнитивтік база, ментальді көзқарастар, танымдық модель немесе үлгі, категоризация, вербалдану, мәдениет константтары, концепттік ая, ұлттық мәдени кеңістік және т.б. сөздер сөз тіркестерін қарастырады.
Дәрісті қорытындылау:
1. Когниция - бұл адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, эмоция, жады, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс.
2. Танымдық тіл білімінің құралдары ретінде– фреймдер немесе стереотипті жағдайлар, сценарийлер; концепттер, яки барлық мағыналар жиынтығы; т.б. – танылып ке леді.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі лингвистикада «концепт» терминіне қатысты пікірталастар қандай?
2. Концепт санада танылу деңгейіне қарай қандай топтарға бөлінеді?
3. Зерттеуші В.А. Маслова концептілерді қандай топтарға бөлген?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.
2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .
3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, Алматы, 2002ж. ‑ №4
№15 дәріс тақырыбы: Концептуалдық талдаудың өзіндік ерекшелігі.
1. Концептуалдық талдау мақсаты.
2. Пропозиция –ұғымды түсінудің ерекше құрылымы.
Концептуалдық талдау мақсаты – концептінің ақпараттық, мәдени, бейнелі маңыздылығын айқындау және оның концептосферасындағы (концептілік орта) бейнеленуін, яғни концептінің ментальді өрісін құрайтын компоненттердің суреттелуін анықтау.
Концептуалдық талдау – бұл концепт пен репрезентацияның (ішкі танымның) және олардың мазмұнының көріну тәсілі.Бірақ әзірге тіл білімінде бұл талдауға толық дәрежеде түсініп берілген емес.
Ғалым Б.Е.Хұсайынов: «Концептуалдық талдау барысында нені ескеру қажет? Алдымен концептінің көп компонентті екенін және білім өрісін, түсінік,ұғым, ассоциациясын, олардың ядролары мен периферияларын ескеру қажет. Мәтіннің концептуалдық кеңістігі концептінің ортақ қасиеттерінің топтасуы, бірігуі, бір-біріне тартылуы дәрежесінде ортақ семантикалық өріс құруынан көрінеді. Ал тірек концепт бір автордың шығармасында байқалатын индивидуальді – авторлық әлемдік бейненің ядросын танытады.Концептуалды талдау барысындағы ең тиімді тәсіл – когнитивті пропозиционалдық құрылымды қолдану.»,-дейді.
Пропозиция –ұғымды түсінудің ерекше құрылымы. Базалы концепт көркем әдеби шығарманың когнитивтік құрылымының негізі болып табылады және ол мәтінде айқындалған автор танымын, оның көркем эстетикалық сипатын танытатын жүйеленген құрылым ретінде қызмет атқарады.
Р.М.Фрумкина концептуалды талдаудың 4 түрлі типін көрсетеді. Концепт талдау субьектісі ретінде түсіндіріледі: 1. Талдауға алынған материалға әр түрлі шығармадан контекст алынады. Мағынаны түсіндіруде автордың жеке тәжірибесі сол мәдениетті тасымалдаушы, философиялық дәстүрді тасымалдаушы ретінде таратылады. 2. Нысана ретінде пропозицияның модальды шылау, кванторлар предикатты лексиканың кейбір типтері алынады. Лингвистика дәстүріне сай тәсілдер қолданылады, мағына интерпретациясы негізгі назарға алынады. 3. Кез-келген кең контекссіз лексика алынады. Зерттеудің интроспекция тәсілі талдауға қолданылады, формаландырылған семантикалық метатілдегі концептерді түсіндіру жазбасы нәтиже болады. 4. Бағыты жөнінен айырмашылығы бар және мәдени, философиялық, не әлеуметтік жоспардағы жұмысты біріктіреді [13.35].
Дәрісті қорытындылау:
1.Концептуалдық талдау мақсаты – концептінің ақпараттық, мәдени, бейнелі маңыздылығын айқындау және оның концептосферасындағы бейнеленуін, яғни концептінің ментальді өрісін құрайтын компоненттердің суреттелуін анықтау.
2. Пропозиция –ұғымды түсінудің ерекше құрылымы.
3. Р.М.Фрумкина концептуалды талдаудың 4 түрлі типін көрсетеді.
Бақылау сұрақтары:
1.Концептуалдық талдау жүргізудің өзіндік ерекшелігі неде?
2.Концептуалдық талдаудың мақсатына не жатады?
3. Р.М.Фрумкина концептуалды талдаудың 4 түрлі типін көрсетеді. Концепт талдау субьектісі ретінде түсіндіріледі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. Тілтаным.
2.Маслова. В.А.Когнитивная лингвистика., – Минск., 2004.
3.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А.,2007.
4.Хұсайынов Б.Концептуалды талдаудың рөлі// Тілтаным.№1.
5.Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша). Филол. ғыл. канд. дисс. автореф.,-А.,2006.
Тәжірибелік сабақтар
|
Сағат
саны
|
Пайдаланатын әдебиеттер
|
1.Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.
Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.
Когнитивтік лингвистика жеке ғылым саласы.
|
1
|
1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
2.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .
3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002. ‑ №4
|
2.Когнитивтік лингвистиканың зерттелу тарихы.
Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қайнар көзі.
|
1
|
1. Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998.
|
3.Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі.
А. Байтұрсыновтың таным негіздеріне қатысты ой тұжырымдары.
М.Жұмабаевтың, Қ.Жұбановтың тіл, ой, сана арқылы адамзаттың даму үдерісін сипаттауы.
С.Аманжолов және оның таным үдерісі туралы көзқарастары.
|
1
|
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы,-А,1992.
Жұбанов А.Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер,-А,1966.
Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, «Ана тілі», 1992.
Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
|
4.Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистика.
Психолингвистика және когнитивтік лингвистика.
|
1
|
1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
2.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .
3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002. ‑ №4
|
5.Когнитивтік лингвистика және терминология.
Когнитивтік лингвистиканың терминологиялық жүйесі мен терминнің концептуалды құрылымы.
|
1
|
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
4. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4
|
6.Когнитивизм және когнитология.
Когнитивизм ғылыми бағытының алғашқы нышандары.
Когнитивизмнің ғылыми негіздері, оның қазіргі тіл біліміндегі орны.
Когнитивтік лингвистика жеке ғылым саласы.
|
1
|
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
|
7.Когнитологияның жеке тармақтары.
Когнитивтік психологияның зерттеу нысаны. Когнитивтік әлеуметтанудың тілдік табиғаты.Когнитивтік антропологияның қарастыратын мәселесі.
|
1
|
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
|
8. Тіл мен таным бірлестігі.
Тіл – ойлау мен таным құралы.
Ой мен сана әрекеттері, олардың тіл арқылы көрінісі.
Ойлау мен таным үдерістерінің өзара байланысы.
|
1
|
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
|
9. Тіл мен сана.
Тіл мен сананың өзара байланысы.
Сананы қалыптастыратын факторлар. Тіл және ойлау.
|
1
|
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
|
10.Тілдік таным және ғаламды зерделеу.
«Ғалам бейнесі», «ғаламның тілдік бейнесі», «ғалам моделі» ұғымдары туралы түсінік. «Ғалам бейнесінің вербальдық сипатына қатысты ғалымдардың тұжырымдары.
|
|
1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
2.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .
3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002. ‑ №4
|
11.Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары.
Когнитивтік лингвистиканың тіл білімінің салаларымен байланысы.
|
1
|
1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
2.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .
3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002. ‑ №4
|
12.Тіл біліміндегі концепт теориясының негіздері мен зерттелу тарихы.
Тіл білімінде концепт мәселесінің зерттелуі.
«Концепт» ұғымына қатысты ғалымдардың пікірлері.
|
1
|
1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
2.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .
3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002. ‑ №4
|
13.Когнитивтік ұғымдардың ерекшелігі.
Танымдық тіл білімінің құралдары.
Когнитивтік лингвистиканың терминологиялық жүйесі.
|
1
|
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
|
14.Тілдік тұлғаның когнитивтік дәрежесі.
Тілдік тұлға мәселесінің зерттелуі жайлы түсінік. Тілдік тұлға және оның құрылымдары.
|
1
|
1. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4
|
15.Концептуалдық талдаудың рөлі.
Концептуалдық талдау жүргізудің өзіндік ерекшелігі.
Концептуалдық талдау мақсаты.
|
1
|
1. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4
|
15 сағат
|
|
|
5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
СӨЖ
|
Тексеру формасы.
|
1.С.Аманжоловтың «Сөйлесу мен ойлау» туралы пікірлері экстралингвистика нысаны ретінде.
|
Конспект
|
2. Тіл біліміндегі антропоөзектік бағыт.
|
Конспект
|
3Когнитивтік лингвистика: зерттеу нысаны мен мақсаты.
|
Конспект
|
4. Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектеріне шолу жасау.
|
Презентация. Слайд
|
5. Тілтану мәселелері пәнаралық байланыс негізінде.
|
Презентация. Слайд
|
6. Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистика.
|
Конспект
|
7. Когнитивтік лингвистиканың тірек терминдері: сана, зерде, ой, білім, концептуалдық жүйе, когниция, дүниенің тілдік бейнесі.
|
Презентация. Слайд
|
8. Көркем шығарма тілінің танымдық сипаты.
|
Реферат
|
9. Тіл және таным.
|
Конспект
|
10. Мақал-мәтелдердің танымдық ерекшелігі.
|
Презентация. Слайд
|
Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстары
1.
|
Тіл бірліктеріндегі мифтік жүйеің орны.
|
2.
|
Теологиялық танымның тілдік сипаты.
|
3.
|
Этнографиялық фразеологизмдердің когнитивтік аспектісі.
|
4.
|
Діни лексиканың танымдық ерекшелігі.
|
5
|
Когнитология ғылымының даму барысы.
|
6.
|
Концептуалдық метафораның тілдік табиғаты.
|
7.
|
Адамзаттық танымның тамырластығы.
|
8.
|
Концепт терминінің теориялық негіздері.
|
9.
|
Тілдің қоғамдық сипаты.
|
10.
|
Тілдің әлеуметтік сипаты.
|
11.
|
Сөзжасам ғылымы мен таным үдерісінің байланысы.
|
12.
|
Таным категориясының ұлттық сипаты.
|
13.
|
Жалпыадамзаттық таным мәселесі.
|
14.
|
Қазақ тіліндегі мәдени-танымдық сөздердің когнитологиялық сипаты.
|
15.
|
Адам өміріндегі сөздің магиялық сипаты
|