Ізгілік пен мейірім адамдағы,
Жоғалмасын, биік тұрсын бар арманым!
Ең құнды қасиет қой бойымызда,
Сол үшін жаратқан ғой адамды да.
Ізгі адам - үлгі болсын бәрімізге,
Сыйлайтын жасы кіші, кәріңіз де.
Ізгілік болмаса егер жер бетінде,
Болмас онда өмірде сәніңізде.
Дүниеде бар жақсылық атаулы,
Ізгі адамның бойынан-ақ табылады.
О бастан-ақ адамдар ізгілікке табынған,
Прометейдің жүрегі адам үшін жағылған!
Жастар – үлкен күш. Жастар дегеніміз – жалын от. Еліміз қолынан іс келетін, ойлы да биік рухты, жігерлі де жалынды жастарының көптігімен ерекшеленеді. Тәуелсіз Отанымызда елін, жерін сүйетін, халқына адал қызмет ететін жастардың шоғыры көбейіп, жаңа келбетті жас толқынның өсіп келе жатқанын көргенде, көкірегіңде мақтаныш сезімі оянады. Жастар өмірдің қуат арнасы, оның тынысы, аяқ алысы, бір сөзбен айтқанда, өмірдің нағыз өзі. Философ Ғ.Есім айтқандай: «Жастық деген даналықтың формуласы». Демек, жастарға әрдайым алға ұмтылу, жасампаздық пен шығармашылық, жаңа мен озықты іздеу тән. Оның әлеуметтік ахуалы мен зияткерлік даму деңгейі мемлекеттің жай-күйі мен болашағын айқындаудың басты факторларының бірі болып табылады. Жастарды корпоративтік міндеттерді шешуге белсене қатысуға және кәсіби құзыреттерін дамытуға, саламатты өмір салтын ұстануға тарту, сөз жоқ, қосымша мүмкіндік береді. Жастар мәселесі әрбір қоғамды алаңдатады. Кейбір елдерде саяси қызмет пен даму жоспары жастардың мүддесіне орай жасалады. Олардың санасында, 20 жыл бұрынғыға қарағанда, жаңа түсініктер мен ұғымдар бар. Қазақстандық жастардың бойында: байыптылық, асқақ арман, еркіндік(еркіндікті де дұрыс түсіну керек), білім, ұлттық тәрбие, мейірімділік, адамгершілік, ұлттық құндылық, тұрақтылық болған жерде елімнің еңсесі - биік, тұғыры кең - болмақ!
Еліміздің болашағы — жас ұрпақ ұлттық сана-сезімі оянған, адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, салауатты, жоғары патриоттық санасы, өз елі үшін мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат етіп тәрбиеленуі тиіс. Жердің де, елдің де түп негізі – қазақ халқы екендігіне оқушылардың көзін жеткізу ата-аналар мен әрбір оқу орынының ұстаздарының және студенттерге білім беріп отырған ғалымдарының міндеті. Ш.Уәлиханов отансүйгіштік сезімнің қалыптасуы туралы «менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен ең алдымен, өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртымды, руластарымды, одан соң халқымды қадірлеймін», – деуінде үлкен мән жатыр.
Қазіргі жаппай жаһандану жағдайында сапалы білімді мамандар ғана мемлекетіміздің дамуын ілгерілетіп, оны өркениет көшінің озық қатарларында көрсете алатыны «Қазақстан-2050» – Ұлттық идея «Мәңгілік Ел» стратегиясының, «Интеллектуалды ұлт — 2020» ұлттық жобасының басым бағыттарының бірі ретінде анықталып отыр. Сондықтан әлемдік өркениет көшіне ілесу ғана емес, ондағы ілгері орындарды иелену үшін жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандарды даярлау үдерісіндегі қайшылықтарды айқындап, оларды шешу жолдарын іздестіру қажет.
Еліміздің еркін өмір сүруі – философиялық армандарымыздың бірі. Арман – адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат. Асқақ армандарымыз бізді, жастарды мәңгілік елге жетелейді деген сеніммен ойымды қорытындылаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |