ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ «ФИЛОСОФИЯ» КАФЕДРАСЫ 5В020100 «Философия» мамандығына арналған FS 2601 « ФИЛОСОФИЯ» пәні бойынша ДӘРІСТЕР Саяи ғылымдарының кандидаты, доцент Сулейменов Пірімбек Мұханбетұлы
Алматы, 2022
№1. Дәріс.
Тақырыбы: Ғылыми таным философиясы пәні: және оның зерттеу обьектлері 1. Философия пәні және танымның ерекшелегі.
2. Дүниеге көзқарастың формалары мен түрлері.
3. Философия атқаратын қызметі
4. Философия ғылымдармен өзара байланысы.
Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше құбылысы.
Сонымен, философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой –санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген
ғылыми ой – пікірдің теориялық жиынтығы.
Философияны мақсатты түрде оқу – ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.
Ең алғашқы дүние танымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған : mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Егер дін мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып, бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған болатын. Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті.
Философия деген не? Дүниеде ол қашан пайда болды? Қалай дамыды? Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты.
Біріншіден, Дүние қалай жаратылған, бастамасы қайда? Ол мәңгілік пе? Адам дегеніміз не, оның дүниедегі орны қандай? Ақиқат пен жалғанның ара салмағы неде? Өмір сүрудің мәні бар ма? Адам өмірінің мәні неде? Адам баласы қалай пайда болды? Қозғалыс мәңгі ме, әлде уақытша ма? Адам мен жануарлар өмірі және олардың қатынасы қалай? Олардың өмір сүру ортасы деген не? Осындай «мәңгілік» сұрақтарға жауап іздеу – философияның міндеті.
Екіншіден, адамның дүниеге қарым-қатынасы сан-қилы. Осыған сәйкес адамның көзқарасы да әртүрлі. Олардың себебін біліп, ажырата білу де керек. «Дүниеге көзқарас» термині ғылым тіліне, күнделікті сөзге терең енді. Ол алғашқы рет XVIII ғ. неміс философиясы мен мәдениетінде (Кант, Фихте, Гете) кездеседі, адамға тән, оны іштей реттеп отыратын, рухани құрылымды белгілейді. Дүниеге көзқарасты анықтаудың ең жақын әдісі – білім мен құндылық қатынасты байланыстыру. Мазмұны тұрғысынан, ол адамның дүниеге және сол дүниедегі адамның орнына қатысты көзқарас, тұтастыққа ие болған жүйе. Байқау, сезу және ойлау арқылы да пайда болатыны білімге байланысты.
Білім дегеніміз – объективті, біздің санамызға, іс-әрекетімізге тәуелсіз өтіп жатқан заттар мен құбылыстардың, қатынастардың құрылымы мен заңдылықтары, басқалармен байланысы туралы деректер жиынтығы .
Сократ: “Философия – ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету”.
Геродот: “Философия – білімді, ақылдылықты сүю”.
Аристотель: “Философия – ғылымдар негізі”.
Ортағасырдың діни ойшылдары: Августин: “Философия – ақылдылыққа құштарлық ” – десе, Декарт: “Философия – даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім” – дейді.
Осы анықтамаларға сүйене отырып, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:
Философия – көзқарастың бір түрі. Ертеде әр нәрсенің себебін білігісі келгендер, діни ұғымдар мен жай ұғымдарға қанағаттанбай құбылыстардың түбіне үңіліп, сол туралы өзіндік пікір айтты. Оларды – «философ» деп атайды. «Философ» деген сөзді алғашқы рет гректің, ойшыл, математигі Пифагор (580-500 б.ғ.д) енгізді. Бұл термин Еуропа мәдениетінде Платонның (427-347 б.ғ.д) атымен тығыз байланысты. Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Philo – сүйемін, sophia – даналық, яғни даналықты сүйемін деген мағынаны береді. Араб тілінде «фәлсәфа» деп аталады.
Философ – алғашқыда әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті. Сондықтан бұларды «натурфилософтар» деп атады. Философияның дүниеге келуі дегеніміз – өмірлік тәжірибеде адам сезімінің, идеалдық үміт пен әлем туралы білімнің үйлесімдігін іздеу нәтижесінде ерекше рухтың қалыптасуы болады. Философия пайда болғаннан бастап барлық ғылымды қамтыды, яғни ғылымның ғылымы болды. Кейінірек әр пән өз алдына ғылыми пән ретінде қалыптасты. Б.з.д IV ғ. ежелгі Грекияда теориялық логика пәні, ал б.з.д. ІІ ғ. математика (Евклид геометриясы және арифметика), астрономия (астрологиямен бірге), кейінірек филология, т.б. бөлінді, яғни ғылымды жіктеу дифференциялау (бөлшектеу) басталады.
Философияның басы – таңдану. Сократ “Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін” дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.
Ғылыми таным философиясын білімге еркіндік, тәуелсіздік тән.
Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау – эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады).
Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады,бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған,адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы –қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып,оларға жауап iздейдi.
Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени денгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай,әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып,өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын,өз дүниетанымын құрастырыды. Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiнү,оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi,ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы. Кейiн,адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады (дүниетаным дүниеге көзқарсқа айналады). Дүниедегi өзiнiң орны туралы,жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы,өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi. Дүниеге көзқарас дегенiмiз-айнала қоршаған орта, бүкiл әлем,тұтас дүние туралы,ондағы адамның орны,тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы. Дк-сезiмнен,нанымнан,танымнан тұрады. Мифтiң негiзгi қызметi- дүние қайдан пайда болғаның түсiндiру,этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру.
(мыс.Сфинкс туралы миф табиғаттын құпиясын бiлдiредi; Кентаврлар-адамның хайуаннаң жаралғаның бiлдiредi, Прометей-оттың пайда болуы, Икар-аспанға ұшу ұмтылысын бiлдiредi, Сизиф-өмiрдiн мәнiң түсiну әрекетi.) Мифтердi тек ертегiлер,аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi,адамдардың табюиғаттаң және әлеуметтiк ортадан болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар.Мифтердiң дiннең айырмашылығы сенiмге ғана емес,ақал –ойғада,парасаттылыққа да сүйену. Мифтер өздерiнiң мазмұнына қарайкосмогониялық-әлемнiң жаратылысы туралы,теогониялық-құдайлардын пайда болуы туралы,астрогониялық-планеталар мен жұлдыздар туралы, антропогендiк – адамның пайда болуы, этногендiк-рулар мен тайпалар туралы, эхатологиялық – ақрзаман, топан суы туралы, каһармандық т.б. болып тарайды.
Сондықтан, мифология-адамдардың өздерiн қоршаған орта туралы түсiнiгiн тарихи, өздiгiнен долды деп сенетiн түрлi бейнелер, кейiпкерлер мен өқиғалар арқылы жеткiзуi деугеде болады. Мәселе шешу Мифтер мен мифологияны дүние таным ретiнде тек алғашқы қауымның даму денгейiмен байланыстырады.
Ал,мифология рухани-практикалық феномен ретiнде қоғам дамуының басқа кезендерiнде де,әсересе қазырғы заманда өмiр сүредi деп айтуға болама (мыс. 20ғ. Д.Джойстың,Ф.Кафканың,ТМанның,Ч.Айтматовтың т.б.әдеби шығармаларында дәстүрлi мифтер тек пайдалана ғана қоймай ерекше өзгертiлiп те қойған) Дiн-дк шындық дүниенi бұрмалап бейнелендiрушi формасы болып табылыды,өйткенi ол дүниенiекiге бөлiп қарастырады және «ғаламат күшке»сенiм-дiни сананың негiзi болып табылады. Дiн-рухани мәдениеттiң бөлiгi,ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады (дiн-алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм, анимизм; ұлттық, мемлекеттiкдiндер – индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-буддизм, христиан, ислам).