Философия және саясаттану факультеті



бет10/19
Дата07.10.2022
өлшемі62,31 Kb.
#152164
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Лекция әлеуметтану (1)

Тексеру сұрақтары

  1. Девиантты мінез-құлықтың (теріс мінез-құлық) қоғамдық ғылымдарда зерттелу ерекшеліктерін тұжырымдап, қолданылатын ұғымдардың ерекшеліктерін сипаттаңыз.

  2. Аддиктивті мінез-құлықтың себептерін атап, шығу жолдарын, таралуын түсіндіріңіз.

  3. Әлеуметтік патологияның өзіндік ерекшелігін сипаттап, мысал келтіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы: оқу құралы. 2-басылым. Алматы: "Қазақ университеті", 2012. - 224б.

  2. Биекенов К.У,Садырова М.С, Нагайбаева З.А. Институционализация казахстанской социологии. Алматы, 2006. - 336 с.

  3. Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток:социологический аспект девиантного поведения. Алматы, Қазақ университеті.2002. - 277с.

  4. Джаманбалаева Ш.Е. Особеннности социализации подрастающего поколения //Казахстанское общество и социология: новые реалии и новые идеи. Сборник материалов I конгресса социологов Казахстана. Алматы. Қазақ университеті, 2020. С.297-307.

  5. Смелзер Н. Социология / перевод с англ. -М.: Феникс, 1994. - 688с.

  6. Джордж Ритцер, Джеффри Степницкий. Әлеуметтану теориясы. Астана. «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ. 2018. - 856 б.



Лекция 8. Дін, мәдениет және қоғам


Лекцияның мақсаты: Діннің әлеуметтік институт ретіндегі маңызын айқындау, әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде сипаттау


Негізгі терминдер: дін, этномәдениет, субкультура, протестанттық этика, өркениет, мәдени теңсіздік


Лекция сұрақтары:

  1. Дін әлеуметтік-мәдени құбылыс және институт ретінде.

  2. Діннің қоғамға, адамдардың әлеуметтік мінез-құлқына әсеріне әлеуметтанушылардың берген бағасы.

  3. Жаһандану процесінің қоғам мәдениетіне және дінге әсері

Мәдениет әлеуметтануы ұғымы, оның құрылымы және мазмұны. Мәдениет құбылыстарын зерттеудегі және реттеудегі әлеуметтанулық тәсілдің ерекшелігі. Мәдениет әлеуметтануының негізгі категориялары. Субкультура ретіндегі әлеуметтік субъектінің мәдениеті. Субкультуралар арасындағы мәдени құндылықтардың байланысу механизмдері. Социолингвистика мәдениет әлеуметтануының бір бөлігі ретінде. Ұжымның, қауымдастықтың мәдени-құндылық бағыттарын өлшеудегі семантикалық дифференциалдық әдісі.


Этномәдениет: қалалық және ауылдық мәдениет; таптардың, түрлі әлеуметтік топтардың мәдениеті.
Элиталық және көпшілік мәдениеті. Әлеуметтік қауымдастықтарда, топтарда, отбасында мәдени процестердің динамикасын салыстыра талдау әдістері. Тұлғаның өмірінде мәдениеттің атқаратын рөлі. Тұлғаның мәдениетті игеру және өндіру механизмдері. Тұлғаның шығармашылық қабілетін ашудағы және дамытудағы әлеуметтік және мәдени факторлардың рөлі.
Бос уақыттың әлеуметтік-мәдени қызметі. Бос уақыттағы іс-әрекеттердің мәдени-құндылық ерекшелігі, тәрбиелік қызметі, оларды типтестіру, көрсеткіштері, талдау және бағалау әдісі.
Мәдениет және оркениет.
Діни нормалар әлеуметтік мінез-құлық реттегіштері ретінде. Дін адамдардың күнделікті мінез-құлықтарын және дүниетанымдарын, сонымен қатар экономикалық, еңбектік мінез-құлықтарын анықтайтын өмір сүру бейнесі ретінде. Діннің әлеуметтік институт ретіндегі рөлі. Дін және әлеуметтік теңсіздік. Дінге, мәдениетке қатысты көзқарастардың өзгеруі: әлеуметтанулық көзқарас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет