Құзыреттері (оқытудың нәтижелері):
Жалпы құзырет: құралдық: әдіснамалық негізделген, концептуалды ұйымдастырылған психологиялық білімдерге ие болу; оның кәсіби оқыту мен өзіндік дамудағы ролін түсіну; білімдердің жүйе құрушы негізін айқындау іскерлігі, тарату қағидаларын анықтау, конструкциялау, оны қайта жаңғырту сценарийін өңдеуді ұйымдастыру, меңгерген психологияның теориялық- практикалық мәселелері туралы түсініктерін қазақ (орыс) және шетел тілдерінің бірінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби сферада пайдалану,
тұлға аралық: тұлғаның индивидуалды креативті қабілеттердің жаңа психологияның теориялық- практикалық мәселелерін зерттеулердегі негізгі базалық ұғымдар туралы фундаменталды білімдерді оларды ғылыми бағытта пайдалану;
жүйелік: психологияның теориялық- практикалық мәселелері жайлы жаңа қазіргі психологиялық білімдер жүйесін тұлғалық білімдер аясына қатыстыру мақсатымен талдау және бағалау (интерпретация, жүйелеу, жіктеу, салыстыру, т.б) формализациялау процедурасы арқылы өзектендіру қабілеті.
пәндік құзырет: жалпы психология, әлеуметтік психология, психодиагностика негіздері, даму психологиясы, когнитивті психология және онымен шектес ғылыми білімдердің фундаменталды жағдайларын, психикалық дамудың мәдени тарихи және іс-әрекеттік бағыт шеңберіндегі негізгі ұғымдарын, қазіргі психологияның теориялық- практикалық мәселелері курсының ғылыми бағыттары мен басқа ғылымдармен салыстырмалы жағдайын, әлемдік психология ғылымдарының қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын меңгеру;
Пререквизиттері:
Магистранттардың психологиялық кәсіби білімі «Психологияға кіріспе» атты курспен танысу арқылы жалғасады. Сонымен қатар ««Психология» курсын меңгеру үшін алдыңғы өткекен «Философия», «Мәдениеттану», «Социология» пәндерімен таныс болады.
Постреквизиттер: Бұл пәнді оқуда психолог-магистранттар алдыңғы өткен барлық пәндерге сүйенеді. Осы пәнді нақты оқу барысында алынған білімдер болашақ ғылыми жұмысты орындау барысында, заң мамандығына дайындық негізі болып табылады. Психологияның теориялық- практикалық мәселелері оқытуда алдында оқытылатын пәндер тізімі: бұл курс гуманитарлық блокті құрайтын басқа ғылыми бағыттардан (философия, социология, педагогика) алынған білімдермен өте тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |