М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
“Философия” кафедрасы
Пәні:“Ғылым тарихы және философиясы”
Тақырыбы: Ғылыми теория мен практиканың өзара әрекеттестігі
Орындаған: Сапар А.
Тобы: МТП 23-2нк1
Қабылдаған: Спанов М.
Шымкент 2023
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ғылыми теорияның құрылымы
2. Ғылыми теориялардың классификациясы
3. Теория мен практиканың байланысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қандай да бір ғылым болмасын,оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі: Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады. Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды. Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы салаларының айырмашылығы олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе пратикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады. Теориялық немесе фундаменталды әлеуметтану барлық қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың ілгері дамуына жол ашады. Ол әлеметтік зерттеулер арқылы зерттелетін құбылыс пен үдерістер туралы білімнің онан әрі дамуын, жетілуін мақсат етеді. Қолданбалы зерттеулер арқылы теориялық негізгі мәселелерді нақтылап шешуге тырысады. Бұлардың негізінде бағалы, құнды кеңес, нұсқаулар, ұсыныстар, болжаулар жасалады.
Әлеуметтік білім –теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмір жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әру даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірибелік) әлеуметтік зерттеулер- нақтылы құбылыстар пен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т.б.) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістерді (яғни, талдау мен синтез, логикалық пен тарихи, индукция және дедукция, абстратыліден нақтылққа шығу, т.б.) арқылы іске асырылады.
Теориялық білім- жан-жақты, әмбебапты, ал, эмпирикалық – ақиқатты, шындықты белгілеуші білім. Теориялық білім эмпирикалық білімнің негізінде сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен,ғылымның жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әр уақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі дамуының әсер етеді.
Ғылымды қоғамдық сананың формасы ретінде түсіну және ақиқат туралы нақты білім беретін мәдениет сферасы ретінде қарастыру — толық емес және аяқталмаған жағдай. Ғылыми білімнің пайда болуының формалары туралы мәселелер толығымен шешілген жоқ. Ғалымдар ғылыми білімнің негізгі формасы ғылыми теориялар деп санайды.
Теория-ғылыми білімнің ең күрделі және дамыған формасы. Гене-тикалык, жағынан, классификациялау секілді оның қалыптасуына негіз болған формалардан соң пайда болды. Сондықтан, теориялар про-граммалар мен гтарадигмалардың негізінде пайда болады. Парадигма -дегеніміз — нақты бір ғылыми зерттеуді анықтайтын және ғылым да-муының белгілі бір кезеңінде танылған алғы шарттардың жиынтығы. Осы парадигмалар шеңберінде теорияларда қолданылатын ең маңызды базистік жағдайлар анықталады, ғылыми түсінік беру мен ғылыми білімді уйымдастырудың, оған баға берудің үлгілері қарастырылады. Ал бул базистік жағдайлардың ортақтастығы ғылыми программалар негізіне жататын философиялық принциптермен анықталады.
Қоғам мәдениетінің әркелкілігіне байланысты бір мәдени-тарихи біртұтастықтың шеңберінде бірнеше ғылыми программалар қалыптасады. Сонымен бірге бір ғылыми теориялар тудырады.
Ғылым мен мәдениеттің байланысын жете түсінбеу — ғылым дамуы мен ғылыми парадигмалардың ауысуын көрсететін себептерді анықтаудың мүмкін еместігіне әкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |