Философия кафедрасы


Тақырыбы: Әл- Фарабидің логика ілімін зерделеудегі Аристотель қағидаларын талдауы



бет10/17
Дата27.04.2022
өлшемі60,44 Kb.
#140943
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Әл-Фараби қазіргі заман. Дәрістер

Тақырыбы: Әл- Фарабидің логика ілімін зерделеудегі Аристотель қағидаларын талдауы

Әл- Фарабидің логика ілімін туралы көзқарасы


Әл- Фарабидің логика ілімін зерделеудегі Аристотель ролі

Әбу Насыр әл-Фарабидің энциклопедист-ғалым болуына ол өмір сүрген дәуірдің әсері, білім алуына көмектесіп, ғылыми көзқарасының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Әл-Фараби рухани әлемінің қалып­тасуы да осы антикалық философиялық дәстүрді бойына сіңірумен тікелей байланысты. Анығырақ айтсақ, Аристотель философиясы мен логикасы әл-Фараби ойлары­ның теориялық қайнар көзі болды. Сонымен қатар, әл- Фарабидің логика ілімін зерделеудегі Аристотель қағидаларын талдап оны әрі қарай дамытуы мақаланың негізгі өзегі болып табылады. Әл-Фарабидің әлемде Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз», «шығыста бірінші ұстаз» атануы тікелей оның логика ғылымын игеріп, оны жетілдіре түсуімен байланысты. Ойшылдың сөзін қарапайым тілмен айтқанда «логика» адамды жақсыны жаманнан, шындықты өтіріктен, ақиқатты жалғаннан түбегейлі ажырата білуге бағыттайтын тура жолға жетелейтінін тұжырымдайды. Бұл, өз кезегінде, адамның қателіктерге бой алдырмауына, ұрынбауына септігін тигізеді.


Әл-Фapaби Аристотельдің «логика» ілімін танып, оны қоғамға өз мәнерінде түсіндіре білудің әлеуметтік мәдени негіздеріне ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдау жасайды. Әл-Фapaбидің «логика» ілімінің теориялық негіздерін және оның маңыздылығын зерделеу барысында, мәтіндерге герменевтикалық және компаративистік, зерттеу әдістері қолданылды. Аристотель б.ж.с.д. 384 жылы Грекияның Стагир қаласында туылған. Әкесі Никомах Македония патшасының тәуібі және досы болған. Алғашқы білімін философия мен медицина бойынша әкесінен алған. 17 жасында Платонның Академиясында барып, сонда Платон және басқа да ұстаздардан 20 жыл бойы білім алады. Оның біліміне риза болған Платон Аристотельге Академияның «ақылы» деген атақ берген. Аристотель толыса келіп ұстазы Платонның қағидаларына шүба келтіріп, жаңа қағидалар ұсынады. Белгілі бір шындыққа жетудің басқа да жолы бар екенін айтқан Аристотельге Платонға қарсы шықты деген өсек тарап кеткен. Бұл дұрыс емес. Платонның негізгі қағидаларына келіспеген Аристотель: "Маған Платон да, шындық та қымбат. Алайда адамгершіліктің қасиетті парызы шындықты жоғары ұстауға мәжбүр етіп тұр", осыдан «Платон маған дос, бірақ шындық одан да қымбат» деген қанатты сөз шыққан. Логика (грекше logos): 1) дұрыс, яғни логикалық ойлау қабілеті; 2) бірдейлік, ұқсастық және оны теріске шығару ілімі, дәйектілік, қисынға сәйкестік және танымның әдістері туралы ілім. Бұл логикаға жалпылық тұрғысынан берілген анықтама. Оның тарихы тереңде және әр кезеңдегі дамуы, оның мектептері мен бағыттары, алдыңғы философтардың бұл саладағы көзқарасы өз алдына үлкен мәселе. Жалпы «логика» сөзін алғаш рет стоиктер енгізді (стоицизм мектебі 500 жылдай өмір сүрген, негізін қалаушы Зенон) және ғылым ретінде логиканың негізін салушы, «логиканың атасы» - Аристотель .
Ұлы ойшыл Аристотель шығармаларын түсінідіруші ғана емес, бірнеше қайталанбас туындылары бар ғалым. Оның 48 жуық логикаға қатысты трактаттарының жартысы ғана біздің уақытымызға жетті. Ойшылдың «Ғылымдардың жіктелуі туралы» трактатының екінші тарауында логика ғылымына мынадай анықтама жасайды: «Логика өнері ақылды жетілдіруге бағытталған қағидаттар жиынтығын береді. Ол қатеге ұрыну мүмкіндігі бар ақыл нысандарын танудың барлық жағдайларында адамды дұрыс жолға, ақиқатқа бағдарлайды. Ақыл белгілі бір нысандар жөнінде қателесуден, мүлт кетуден және адасудан сақтап, қорғайтын қағидаларды үйретеді.
11. Дәріс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет