Философия кафедрасы


Тақырыбы: Әл Фараби және ислам философиясы



бет4/17
Дата27.04.2022
өлшемі60,44 Kb.
#140943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Әл-Фараби қазіргі заман. Дәрістер

Тақырыбы: Әл Фараби және ислам философиясы

Фараби - ислам философиясының негізін қалаған ұлы ғұлама ғалым


Шығыс перипатетизмінің ислам философиясындағы орны.


Əл-Фараби Орталық Азия мен Қазақстанның жоғары деңгейдегі ежелгі жəне ортағасырлық өркениетінің жемісі болып қана қойған жоқ; оның шығармашылығында Мысыр, Сирия, Иран, Ирак, Солтүстік Африка халықтарының мəдениеті мен ғылыми жетістіктері баяндалған. Фараби Үндістан мен антикалық əлемде жасалған барлық нəрсенің ұлы мұрагері болды. Сирия басшысы Хамдани Сайф ад-Даула (945-946 ж.) əл-Фарабидің қамқоршысы болғандығы белгілі.Осылайша, əл-Фараби шығармашылықпен айналысқан кезеңде Араб халифатындағы ғылым мен мəдениеттің дамуы салыстырмалы түрде жағымды жағдайда өтті. Осы кезеңге əл-Кинди, Ибн Кутайба жəне дəрігер, химик, математик, философ ретінде танылған Əбу Бəкір Мұхаммед ибн Зака-рия ар-Рази секілді ірі ғалымдардың іс-əрекеттері жатады. Кейінірек, олардың ізбасарлары Ибн Сина, Бируни жəне т.б. ғалымдар болды.Осы ұлы ғалымдардың арасында Əбу Насыр əл-Фараби үлкен орын алады Ислам философиясының тарихына көз жүгіртетін болсақ,ең қарапайым философиялық мектептердің өзінде адамдарды жіктеуде таңдаулылар және көпшілік деп екіге бөліп қарастырғанын байқауға болады. Философия сол таңдаулыларға тән. Олар философиялық кітаптардың мәні жайлы ешнәрсе түсінбейтін,оны тек сол уақыттағы мода есебінде қарайтын адамдардың қолына түскенін қаламады. Не үшін?! Себебі сол уақытта әрқашан ақиқатты ашуға ұмтылған философия ислам тарихы мен өркениетінде қоғамдық тәртіпті реттеуде негізгі орынға көтерілмеген еді. Сондықтан сол кезеңде философия қарсы көзқарас пен түсініспеушілік орын алды. Исмалиттер Фарабиге дейін дінге философиялық форма үстеуге өте көп күш салды. Олар ислами заңнаманы(шариғатты) діннің жасырын бөлігі деп санады(яғни неоплатонистер мен пифагорлықтардағы форма мен бейне философиясы сияқты). Ислам философиясында пайғамбарлыққа ең алғаш философиялық тұрғыдан баға беруге тырысқан, сондай-ақ имамды ерекше абсолюттік идеяға ие тұлға деп қарастырған осы исмаилиттер болған сияқты. Тіпті шариғатты мүлде ұстанбаған сол исмалиттер алдымен теоретикалық жағына емес,практиалық жағына басымдық беруге тырысқан. Шындығында исмалиттердің философиялық ілімі ислам әлеміне өте зор әсерін тигізді. Бірақ мұнымен исмалиттерді ислам философиялық ойының негізін салушылар деп санауға болмайды, себебі олар таза философияға қарағанда негізгі ойларын көбіне діни тақырыптарды талқылау мен соның айналасында туындаған таластарды шешуге көңіл бөлді. Исмалиттерді тіпті өздерінің ойларын дәлелдеуде және қарсыластарымен таласта жеңіске жетуде философияны дінді талдау мақсатында пайдаланған теолог-мутакалимдердің қатарына да жатқыза алмаймыз. Бірақ Әл-Фараби исмалиттермен салыстырғанда мүлде басқаша жол ұстанды. Ол мүмкін болған бар ілімін және ғылыми ойын пайдалана отырып, бастапқы философиялық жүйеге сәйкес келетін жол ұстанды. Философияда Әл-Фараби иджтихад дәрежесіне көтерілді,сондықтан да ол фикх,калам сияқты ілімдер бойынша өз ойын білдіріп қана қоймай сол мәселере бойынша лайықты шешім қабылдай алатын еді. Осындай аса маңызды айғаққа тоқталып өтпей, Әл-Фарабидің ислам философиясының тарихындағы орны мен дәрежесін айту мүмкін емес. Біз әр түрлі діни ғылымдар бойынша өзіңнің терең ойларымен белгілі болған Фахр Разидің философия саласында өзін муджтахид деп санағанын білеміз. Ислам философиясындағы әл-Фараби мен Разидің орны мен рөлін бір деп қарастыра аламыз ба? Ерте дәуір тарихшылары философия тарихындағы әл-Фарабидің дәрежесі Разидің дәрежесіне қарағанда әлдеқайда жоғары екеніне сенімді болды.
5. Дәріс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет