Эмпиризм(гр.т. тәжірибе) - сезімдік тәжірибені білімнің қайнар көзі деп біледі және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді.
Идеалистік сенсуализм - түйсіктер мен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли. Юм, Мах).
Қарапайым реализм- адамнан тыс тұрған заттарды, құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді.
Сезімдік таным формалары:
Түйсік- заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу; Қабылдау - сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі;
Елестету - бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту.
ә) Танымның рационалистік формасы. Рационализм (лат.т. ақыл, парасат) - логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель).