Социалистік-утопистік (ХУ-ХУІІғ.ғ.) бағыт мемлекет пен қоғамды құрудың идеалды - қияли формаларын, тендестіру, жаппай реттеу және т.б. мәселелерді қарастырды.
Субстанция - (лат. substantia— мазмұн, негізде жатқан нәрсе) — объективті шындық, оның қозғалысының барлық түрлерінің тұтастығы аспектісіндегі материя; сезімдік алуан түрлілікті және қасиеттердің өзгергіштігін салыстырмалы түрде тұрақты және дербес тіршілік ететін алуандылыққа сыйдыру мүмкіндігін беретін шегіне жеткен негіздеме.
Сенсуализм - (фр. -sensualisme, лат. - sensus- қабылдау, сезім, сезіну), таным теориясындағы бағыт, оған сәйкес сезімділік ең анық танымның басты түрі болып табылады. Рационализм- (лат.т. «rationalis» -саналы, ratio-сана), сананы танымның және адамдардың мінез-құлқының негізі деп танитын философиялық бағыт.
Әдіс (метод) - (гр.т. «metods» - зерттеу немесе тану жолы, теория, ілім), философиялық және ғылыми білім жүйесін құру және негіздеудің тәсілі; шындықты практикалық және теориялық игерудің айла-тәсілдері мен операцияларының жиынтығы.
Эмпиризм - (лат. «emperia» - тәжірибе), сезімдік тәжірибені білімнің көзі деп мойындайтын таным теориясындағы бағыт, онда білімнің мазмұны осы тәжірибенің сипаттамасы ретінде келтіріліп, не оған сая алады.
Индукция - (лат. «induction» - келтіру) — танымдағы жекеден, дарадан жалпыға ауысу, жалпыны жекеден, дарадан шығару.
Дедукция - (лат. «deduction» - шығару)- танымдағы жалпыдан жекеге және дараға ауысу, жалпыдан жеке және дараны шығару.