«Философия» пәні бойынша бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларына арналған ОҚу жұмыс бағдарламасы (syllabus)


  8. Дәрістер кешені (дәріс тезистері)



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата26.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#166491
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
80578e2c289cf8b674d102a4c2427411

 


11 
8. Дәрістер кешені (дәріс тезистері) 
1 Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. 
Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия. Философия даналыққа 
деген сүйіспеншілік ретінде. Философияның сұхбаттық сипаты 
және эвристикалық мүмкіндіктері. Философиялық ойлау түрі - 
сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас - қазіргі 
Қазақстанның рухани жаңару мен ұлттық санасындағы өзгерістер 
шарты. Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты. Адамның 
жалпы мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі - ойлау мәдениеті 
болып табылады. Ойлау мәдениеті өз табиғаты бойынша адам 
болмысының объективті логикасы және өзінің бар болуы 
жөніндегі түсініктерде саналы бейнелену қабілетінің даму деңгейі 
ретінде. 
Ойлау мәдениеті туа бітетін қасиет емес. Ойлау адамға дайын 
күйде берілмейді, ол адамның айналадағы шынайылықты 
қабылдауы және адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесінде 
қалыптасып дамиды. Адамның иелігінде ойлау мәдениетін 
арттырудың үлкен спектрі бар, мысалы, шығармашылық және 
ғылыми әдебиеттерді оқу арқылы өзге адамдардың ақыл 
тәжірибесімен өзінің ақыл тәжірибесін арттыру. Бірақ, ойлау 
мәдениетін дамытудың бұл тәсілінің кемшілігі ретінде
біріншіден, мұндай оқу, әдетте, жүйесіз сипатқа ие болса, 
екіншіден, ойлау мәдениеті мазмұнын құрайтын, таным 
қызметінің заңдарын, формаларын, ережелерін саналы түрде 
меңгеруге мүмкіндік бермейді. 
Философия - білімнің, рухани мәдениеттің ең көне бағыттарының 
бірі. Ол б.з.д. VII-VI ғасырларда Үндістан, Қытай, Ежелгі 
Грецияда пайда болып, кейінгі ғасырлар бойы адамдардың 
қызығушылығын тудырған, сананың тұрақты формасы болды. 
Философтарды сұрақтарға жауап іздеу және дүниетанымға 
қатысты сол сұрақтардың қалай қойылуы толғандырды. Мұндай 
мәселелерді түсіну адамдар үшін өте маңызды. Бұл, әсіресе, 
мәселелердің күрделенуі кезеңіндегі ауыспалы кезеңде сезіледі
себебі дәл осы кезде дүниетанымның өзі өзгеріп, іс жүзінде 
тексеріледі.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 7, 14, 15, 17, 42, 43, 44, 45. 


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет