Философия пәнінен емтихан сұрақтары:
1. Ойлау мәдениетінің пайда болуы
2. Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты.
3. Философияның пәні мен әдісі.
4. Философия және дүниетаным.
5. Философияның негізгі бөлімдері – онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этиканың қысқаша сипаттамалары.
6. Философияның анықтамалары, түрлері мен бағыттарының санқырлылығы және философиялық пайымдау тәсілдерінің әртүрлілігі.
7. Дүниені философиялық түсінудің негіздері.
8. Сана, рух және тіл.
9. Жан, ақыл, парасат, рух.
10. Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну.
11. Ойлау және тіл.
12. Ежелгі грек және орта ғасыр кезеңі
13. Сократтың рационалдық этикасы.
14. Платонның мінсіз мемлекет туралы ілімі.
15. Болмыс. Онтология және метафизика.
16. Философияның негізгі ұғымдары.
17. Виртуалды шындықты философиялық зерделеу пәні ретінде талдау.
18. Орта ғасырлық батыс және шығыс философиясы.
19. Болмыс және бейболмыс
20. «Материя» ұғымы. Материя туралы философиядағы және ғылымдағы түсініктердің эволюциясы.
21. Қозғалыс – материяның өмір сүру формасы. Қозғалыстың негізгі түрлері.
22. Кеңістік пен уақыт – материяның атрибуттары.
23. Өлі және тірі табиғаттағы кеңістік-уақыттық қатынастар.
24. Таным философиялық мәселе ретінде.
25. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары.
26. Таным және шығармашылық.
27. Таным әдістерін іздеу: эмпиризм және рационализм, материализм және идеализм
28. Ренасанс кезеңіндегі адам және қоғам мәселесі
29. Д.Юмның скептицизмі.
30. И.Канттың классикалық агностицизмі.
31. Ағартушылық идеяларының классикалық неміс филосоофиясының қалыптасуына әсері.
32. Иммануил Канттың трансценденталды философиясы – таным теориясы.
33. Білім, ғылым, техника және технологиялар.
34. Танымның негізгі әдістері.
35. Ғылымды білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде талдау.
36. Ғылым және техника.
37. Сциентизм және антисциентизм.
38. Жаңа дәуірдегі таным мәселесі.
39. Шарль Луи Монтескье табиғи факторлардың негізінде қоғамның генезисі мен мәні туралы.
40. Франсуа Вольтер: теңдік дегеніміз заң мен құқықтың алдында тең болу.
41. Жан Жак Руссоның қоғамдық келісім-шарт теориясы.
42. Феодалдық ережелердің Дени Дидро шығармаларында сыналуы.
43. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі.
44. Қазақ философиясындағы адам мәселесі.
45. Адам, индивид, индивидуалдылық, тұлға.
46. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі, конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі.
47. Ежелгі Үндінің ортодоксалды және ортодоксалды емес философиялық мектептері.
48. Буддизм философиясы
49. Ведалардағы дүние, адам, өмір туралы алғашқы философиялық түсініктер.
50. Қытай философиялық ойының басты философиялық принципі.
51. Қытай философиясының негізгі мектептері
52. Христиандық антропология: адам Құдайдың бейнесі ретінде (Әулие Августин, Акуинолық Томас).
53. Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі
54. Жюльен Оффрэ Ламетри және Поль Анри Гольбахтың материализмі.
55. Қазақ философиясындағы адам мәселесі.
56. Адам мәселесінің Абай даналығында бейнеленуі.
57. Түпнұсқалар негізінде (өз таңдауыңыз бойынша) адам мәселесін экзистенциалдық түсіну туралы сараптамалық шолу жасау.
58. Өмір және өлім. Өмірдің мәні
59. Адам болмысының категориялары.
60. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы.
61. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі.
62. XX-XXI ғасыр батыс философиясындағы антропологиялық мәселелер.
63. Карл Маркстің ілімі – Фейербахтың гуманизмін әлеуметтік сараптаумен ұштастыру.
64. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну: материалдық өндіріс – жалпы қоғамның даму үрдісінің негізі.
65. Фридрих Энгельс диалектиканың негізгі заңдары және материя қозғалысының формалары туралы.
66. Гегель философиясының ерекшелігі
67. Іргелі философиялық мәселелердің өмір және өлім мәселесімен байланысы: метафизика және моральдық философия.
68. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну.
69. Махаббат – адамның өмір сүру мәні.
70. Этика. Құндылықтар философиясы.
71. Құндылықтар теориясының негіздері.
72. Негізгі этикалық категориялар (парыз, ізгілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік).
73. «Құт», «қанағат», «тәубе», «әділет», «сабыр» категориялары.
74. Орыс дүниетанымындағы этикалық құндылықтар.
75. Жүсіп Баласағұн философиясындағы ақиқат мәселесі.
76. Еркіндік философиясы.
77. Философия тарихындағы еркіндік ұғымы.
78. Тұлғаны, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты, және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары.
79. Алаш қараткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары
80. Ұлттық еркіндік. Еркіндік – қазіргі демократиялық мемлекеттердің негізгі идеалдарының бірі.
81. Өнер философиясы.
82. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде.
83. Негізгі эстетикалық категориялар.
84. Қазақ халқының сұлулық философиясы.
85. Музыкалық эстетиканың қалыптасуын қазіргі мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастыру.
86. Философия және өнер.
87. Адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, жан тебіреністерінің себептерін ашудағы өнердің мүмкіндіктері.
88. Жырау және билердің шығармашылығындағы этикалық және эстетикалық бастамалары.
89. Қоғам және мәдениет.
90. Қоғам философиялық ұғым ретінде. Қоғамның түрлері.
91. Мәдениет, оның табиғаты мен мәні.
92. Қазақтардың ұлттық мәдениеті – қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және оның «Рухани жаңғыру» жобасы аясында дамуы.
93. Ақпараттық қоғам.
94. Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау.
95. Макрсистік философия тарихы.
96. Қазіргі өркениет, оның өзгешелігі және қайшылықтары.
97. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы жаңару үдерістерінің мәні мен ерекшелігі.
98. Тарихтың бағытталғандығы және оның мәні. Тарих философиясының пәні.
99. Формациялар және өркениеттер.
100. Дін және философиялық білім.
101. «Дүниежүзілік діндер» феномені.
102. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи формалары.
103. Суфизм (Аль-Газали, Ходжа Ахмет Яссауи).
104. «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы.
105. XXI ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі.
106. Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Рухани жаңғыру» жобасы.
107. Қазақстанның қоғамдық санасын жаңғыртудың негізгі бағыттары.
108. Мақал-мәтелдердегі еркін ойлау, аңғал реализм және стихиялық материализм.
109. Қазақтың батырлық және лирикалық эпосының көзқарастық маңызы.
110. Қазақтардың тұтас халық ретінде бірігуі – ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардың жыраулары мен ақындарының негізгі тақырыбы.
111. Асан Қайғының «Жерұйық» идеясы – тәуелсіз қазақ хандығын құрудың негізі.
112. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулары ойларының ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы экономикалық және әскери-саяси дағдарыс кезеңінде өзгеруі.
113. Ақтамберді жырау мен Үмбетей жыраудың пайымдаулары – өмір мен өлімнің, мәңгіліктің мәнін түсінуге бағытталған ақындық философия.
114. Бұқар жыраудың этикалық философиясы.
115. Фрэнсис Бэкон – танымның эмпирикалық тәжірибесінің негізін қалаушы «Білім – күш». Идолдар туралы ілім.
116. Танымның индуктивті әдісі.
117. Рене Декартың рационализмі.
118. Томас Гоббстың әлеуметтік-саяси көзқарастары. Қоғамдық келісім-шарт теориясы.
119. Джон Локк: қоғамның табиғи күйі – еркіндік пен теңдік.
120. Қайта Өркендеу дәуірі философиясының қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық алғышарттары.
121. Гуманизм – Қайта Өркендеу дәуірінің ерекше белгісі.
122. Томас Мордың ерік еркіндігі туралы гуманистік приципі.
123. Томмазо Кампанелланың теократиялық мемлекеттік құрылымы.
124. Реформация – адамды ренессанстық асқақтауға қарсылық.
125. Шіркеудің монополиясына Мартин Лютердің қарсы шығуы.
Достарыңызбен бөлісу: |