Аджива –тірі емес, жансыз, материалды бастама.
Мокша – босану, жетілу күйі.
Нирвана – толық сабырлық және жалғаусыздық жағдайға жету арқылы қайта тірілуден құтқару.
Варна – ертедегі үнді қоғамындағы әлеуметтік қауымдастықтың аты.
Дхарма –рәсім, тәртіп, өмір сүру заңы.
Карма –дүниеге келу мен алдағы өмірдің сипатын анықтайтын құлықтылық заңы.
Сансара («алмасу») – жанның бір денеден басқа денеге ауысып, алмасуы туралы ілім.
Вайшешик жүйесі (ерекше, типтік) – б.д.д. Ү ғ. қалыптасқан мифтік – философиялық көзқарастар жиынтығы. Вайшешиканың негізін Канада атты дана қалаған сияқты. Ньяя іліміне үндес, жеке мені құтқаруға арналған көзқарас.
Джива – жан, рухани бастама, бірлесе өмір сүрудің елеулі көрінісі.
Локаята (осы дүниедегіні тарататын, жердегіге қамқорлық ету) – үнді философиясында материалистік дәстүрді қалаған көзқарастар.
Миманса (кейбір мәселені ойлану және сыни талдау арқылы шешу жолы) – үнді мәдениетінде рәсім –салтты жалғастырған, оған деген сенімді қалыптастырған философиялық мектеп.
Ньяя («тәртіп», «негіз», «тәсіл», «түйін») – І ғ. аяғында пайда болған ерте үнді философиясының бір ағымы. Оның негізін қалаушылардың бірі –Готама. Ньяя – ойлану туралы, сыни талдау туралы ілім.
Санкхья («сан», «санау», «нағыз принциптерді санау») – упанишадтың және буддистердің ертедегі текстілерінде кезігетін, қос реализмді – пуруша мен пракритиді қабылдаған философиялық жүйелер. Санкхьяның негізін қалаушы – Капила. Санкхья философиясы ІІ-ҮІІ ғғ. Аралығында атеистік бағытта кеңірек өрбіді.