Философия пәнінен лекциялар тезистері



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата05.11.2022
өлшемі0,98 Mb.
#156701
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
Философия п нінен лекциялар тезистері
аза стан Республикасы ылым ж не жо ары білім министрлігі, 1 саб. Англия және Қытай үкіметтерінің хат алысуынан империализм туралы не біле аламыз
Спиноза 
этикасының өзекті мәселелері: 
1. детерминизм (табиғаттағының бәрінің шарттылығы); 2. Бостандық пен қажеттілік 
арақатынасы. Оларды зерттей келіп Спиноза мынадай қорытындылар түйеді: 
1.субстанция бостандық пен қажеттілік тұтасып, бірігеді; 
2.Құдай (Табиғат) толық бастандыққа ие, бірақ Ол қажеттілік шеңберінде ғана әрекет етеді; 
3.модустарда (жеке заттарда) еркіндік жоқ және олар қажеттілікке бүтіндей тәуелді; 
4.адам – модус басқа модустардан ойлауымен ерекшеленеді, демек, бостандыққа ұмтылады. 
Бірақ ол өзі де модус болғандықтан азат емес және қажеттіліктің құрсауында ғана әрекет 
етеді; 
5.жаны азаттықты қалғаныме, адам қажеттілік талабына көніп, қажеттілік ағынымен жүзеді 
(Спиноза тілінде – «рухани автомат») болып табылады; 


6.сыртқы қажеттіліктерді – ішкі қажеттілікке айналдыру – бостандыққа апаратын жол; 
7.бостандық – бұл танылған қажеттілік. 
Жоғары дәрежедегі бостандыққа жету үшін Спиноза пікірінше мынадай шарттар орындалуы 
қажет: 
1.Табиғат – Құдай субстанциясы түріндегі қажеттілікті барынша (максималды) танып білу; 
2.Аффектілерден (қайғы, қуаныш, әуестену, т.б.) арылу қажет, өйткені олар бостандыққа 
кедергі жасап, адамды қажеттілік бойынша әрекет етуге мәжбүрлейді. 
Спинозаның өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!.» Гегель еркіндікті 
субъективті рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны 
адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық 
актілерімен байланыстыра қарастырады. К.Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және 
заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ф.Энгельс өзінің “Анти-
Дюринг” атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол 
адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі 
дейді. Еркіндік — нақты және салыстырмалы ұғым. Мысалы, адам әр түрлі жағдайларға 
байланысты еркін болады немесе одан мүлдем айырылады. Ол өмірдің бір саласында өзін 
еркін сезінгенімен, өзге бір салада оған жете алмауы да мүмкін. Сол секілді жеке адамның 
және ұлттың еркіндік дәрежесі де әр түрлі. Мұның өзі қоғамдағы өндіргіш күштердің 
дамуына да тікелей қатысты. Сонымен қатар ол әлеуметтік, этникалық топтардың, жекелеген 
адамдардың еркіндігін анықтайтын қоғамның әлеум.-саяси құрылымына да тәуелді. Міне, 
сондықтан еркіндік мәселесін саясаттану жағынан алып қарайтындар оны азаматтардың 
және тұтас бір ұлттың қоғамдық құрылым мен басқару түрін таңдауы деп түсіндіреді. 
Экономика саласында еркін базар, еркін бәсекелестік принциптері негізінде өндіргіш күштер 
дамитыны, адамдардың еркіндік аясы кеңейе түсетіні рас. Әр адамның, әр ұлттың еркіндік 
дәрежесін олардың табысы мен меншігінің көлемі ғана емес, сонымен бірге олардың 
материалдық және рухани игіліктерді өздерінің таңдауы мен орынды жұмсай алу мүмкіндігі 
анықтайды. Саясатта еркіндік мәселесі ұлттың құқықтық мемлекет құру идеясымен 
байланысты. Кез келген қоғамдағы жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесі, ең алдымен, 
билік жүйесіне, оның түрлеріне (деспоттық, либералдық-демокр., т.б.) байланысты болып 
келеді. Либералдық-демократиялық басқару моделінің саяси еркіндік саласындағы негізгі 
принципі — жеке адамдардың үстемдігі емес, ең алдымен заңның үстемдігі, яғни 
адамдардың заңмен ғана шектелетін еркіндік құқыларын пайдалана алуы. Жеке адам мен ұлт 
еркіндігінің шектелуі немесе тежелуі әр түрлі объективті және субъективті себептерге 
байланысты. Мыс., тоталитарлық, авторитарлық жүйелердің үстемдігі, яғни демократтық 
құқыларға, саяси бостандықтарға (сөз, жиналыс, митинг, бірлесу, сайлау және сайлану, т.б.) 
қысым жасалуы, сондай-ақ, материалдық жоқшылық, рухани жұтаңдық, шектен тыс эгоизм 
және т.б. Шынайы еркіндік — адамдар арасындағы мәдени қарым-қатынастардың кепілі. 
Ендеше оның ғылыми мәні мен мазмұнын әрбір азаматтың айқын түсінуіне қол жеткізу 
ұлттық идеология мен саясаттың басты міндеттерінің бірі болып табылады.[1] 
Жауапкершілік пен еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде 
философия тарихында діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып 
келді, әлі де зерттеліп бітпеген. Бұл философиялық ұғымдар адам тіршілігінің 
маңыздылығын сипаттайды. Еркіндік пен жауапкершілік бақылау, сараптама, тәжірибе 
жасау нәтижесінде адам білімінің артуына көмектеседі. 
Жауапкершілік – бұл біреуге жүктелген міндет, ол адам өз әрекетіне, өз кінәсіне оның 
салдарына есеп бере алатын болуы қажет. Біз әрдайым өз өміріміз бен өзгелер үшін де 


жауапкершіліктеміз, еркіндік қашанда жауапкершіліксіз өмір сүрмейді, сондықтан олар 
өзара байланысады. Еркіндік пен жауапкершілік тұлғаның өмір сүруінің шарттары, адамдар 
өз әрекетінің мақсатын анықтағанда едәуір еркіндікті иеленеді. Еркіндік те, жауапкершілік те 
абсолютті үғымдар емес. Еркіндік бізді күреске итерме-лейді, адамдық қуаныш пен ләззаттан 
бас тартуға сүйрейді. Қайғыру, тәуекел, жеңіліс арқылы болған еркіндіктің өзі өмірімізді 
жақсы ете алады, сондықтан оған адам ғана таңдау жасайды. Еркіндік пен жауапкершілік 
мәселесі өздерінің әлеуметтік мәнінде қоғамдық өмірде, саясатта, заң, басқа да заңды 
актілерде, өнерде, көркем әдебиетте кең тарағандықтан антропо-логия, саясаттану, заң 
ғылымдары, психология, мәдениеттану, әлеуметтану, этика, қоғамтану пәндерінің орталық 
мәселесі ретінде көреміз [2, 15-16 бб.]. 
Бұл категориялар адамзат дамуының әрбір кезеңінде, әр дәуірдің философтары, 
әлеуметтанушылары болсын, тіпті христиандық, ислам және буддизм дінінің өзі еркіндік 
мәселесіне өзінше қарап, өздігінше тұжырым жасаған, алайда мәселе күрделілігінің 
салдарынан толық шешілмеген және бұл ұғымдардың өзара байланысының әлеуметтік-
философиялық, діни-этикалық аспектілері жайлы зерттеу жоқ, сондықтан біз осы мәселені 
көтеріп отырмыз. 
Қаншалықты абстрактілі ұғым болса да, еркіндіктің нақты, тарихи және әлеуметтік жағдайда 
мазмұны бар. Еркіндік пен жауапкершіліктің байланысы адам болмысының әмбебаптық 
сипаттамасы. Қарапайым түсінікте еркіндік біреудің үстемдігінсіз өмір сүру, қалаған 
әрекетін іске асыра алу қабілеті болып саналады. Еркін таңдау, ерікті адам, ерікті ерік, азамат 
еркіндігі, еркін ойлар, еркін махаббат міне қарап тұрсаңыз, қоғамдық сана мен бұқаралық 
мәдениетте еркіндіктей анағұрлым қажетті де, лайықты ұғым жоқ та шығар. Сондықтан, 
адамзат үшін еркіндік пен жауапкершілік – мемлекет қайраткер-лерінің, жастар 
субмәдениетінің риторикалық атрибуты болып саналады. Еркіндік пен жауапкершіліктің 
философиялық интерпретациясы әртүрлі түсіндірулермен байланысқан. Мұнда орталық 
мәселе ретінде, еркіндік пен қажеттілік арақатынасын алуға болады. «Краткий словарь 
философии права» кітабында жауапкершілікке мынадай анықтама берілген: «Жауапкершілік 
– тұлғаның әлеуметтік ортадан қоғам мен мемлекеттен нормативтік үлгіге сәйкестікті талап 
ететін этикалық-құқықтық категория». Жауапкершілік ұғымында әлеуметтік нормаларды 
ұстану үшін моралді-құқықтық санаға шақыратын мәжбүрлік сипат бар. Бұл біздің жоғарыда 
айтып кеткен анықтамамызға ұқсас болып тұр. Еркіндік пен жауапкершіліктің өзара 
байланысы адамзат дамуының ажырамас бөлігі, олар материалды игіліктер мен ақпаратқа 
өзара айырбас жасаумен байланысты. 
Философиялық сөздікте де жауапкершілік пен еркіндік өзінше анықталып жүр. Анықтамасы 
бойынша: «Жауапкершілік – этика және құқық саласымен байланысқан, ерекше, әлеуметтік 
және моралді, құқықтық тұлғаның қоғамға, адамзатқа қатынасын білдіреді, ол өнегелік парыз 
атқарумен сипатталына-ды». Анықтамада көрсетілгендей, шындығында, қазіргі кезде 
жауапкершілік этика мен құқық саласында ең көп қолданыс тапқан, өнегелік парыз сезімімен 
байланысқан. Дегенмен, бұл анықтаманы толық, жан-жақты деп айту қиын, себебі, адам 
онтологиясының осы мәселеге қатысты келесі маңызды көрінісі – еркіндікпен байланыссыз 
қарастырған. Жауапкершілік – еркіндіктің керісінше жағы, оның екінші «мені», ол 
еркіндікпен үздіксіз байланысқан, еркіндіктің имманентті шектеушісі болып табылады. 
Философиялық әдебиетте: жауапкершілікке қоғам алдында адамның өз міндеті мен парызын 
сезінуінің моралдік-психологиялық категориясы деген анықтама беріліп жүр. Бұл тұрғыдан 
қарағанда, жауапкершілік – адамдардың өз әрекетінің нәтижесін көре білу мүмкіндігі, оның 
қоғамға әкелер пайдасы, не зияны бар ма, осыны анықтау болып табылады. Қалай десек те, 
бұл екі ұғым философиялық қана емес, антропологиялық, онтологиялық, діни, этикалық, 
құқықтық ұғымдар ретінде күнделікті тұрмысымызда көп кездесетінін байқаймыз. Этикалық 


тұрғыдан жауапкершілік ұғымына жақын ұғымның бірі әдеп болып табылады, ол туралы 
саралап көрсек: әдеп – қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың 
жиынтық атауы. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік 
талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Бұл сипатта әдеп мәдениеттің іргелі бір 
құрамдас бөлігіне жатады [3, 243, 323 бб.]. 
Еркіндік пен ерік синоним ретінде қолданылады. Ерік өз тілегеніңді алдыңа қойған 
мақсатыңды жүзеге асыру, саналы ұмтылыс, тілек, талап, билік, мүмкіндік, ал «еркіндік 
дегеніміз – ерікті күй». Ар-ождан қоршаған орта алдындағы өнегелі жауапкершілік сезімі. 
Ар «өз қылығы үшін адамдардың қоғам алдындағы моралді жауапкершілікті сезінуі мен 
сезімі» – деп анықтауға келеді [4, 917 б.]. Егер еркіндік шындықты адекватты түрде тануда 
болса, онда адам таным объектісіне тәуелдікте, оның еркін ерігі басылып қалған. Объективті 
қажеттілікті тани отырып, адам өзін қоршаған табиғи ортаға, әлеуметтік үрдістерге, өз 
табиғатына әсер етуге қабілетті. Еркіндік пен жауапкершіліктің өзара байланысын 
гносеологиялық тұрғыдан қарастырғанда, мәселе өте күрделенеді. Еркіндік пен 
жауапкершілік ұғымдарын түсіну диапозоны өте кең. Ол еркін таңдау мүмкіндігін толық 
терістейтін – бихевиоризм концепциясынан басталып, қазіргі өркениеттік қоғам 
жағдайындағы Э.Фроммның «Еркіндіктен қашуына» дейін жалғасып жатыр. Еркіндікке 
келсек, ол адамдардың қылыққа қабілеттілігі, «саналы қажеттілік» арқылы 
жауапкершілікпен байланысқан. Еркіндік еріктілік ретінде тұлға мен қоршаған орта 
адамдарының алдында шектеледі. Ол адам болмысының әмбебапты сипаты. Адамдардың 
жауапкершілігі таңдау еркіндігі арқылы өсіп, немесе төмендеп отырады. Біреулерге еркіндік 
– рәміз, біреулерге идеал, біреулерге мақсат емес, құрал, енді басқаларға өнегесіз, саяси 
ойында қалқа болып табылады. Таңдаулылар үшін еркіндік пен жауапкершіліктің элитарлы 
концепциясы мен ұжымдық теориялары бар. Бұл мәселенің онтологиялық-антропологиялық 
мәні де бар, қоғамда әлеуметтік өмірге саналы бастама ендіру, қоғамға өз бетімен басқаруды 
әкелу жеке еркіндік өлшемін арттырады. Бұл сонымен қатар, әлеуметтік және моралдік 
жауапкершілік тудырады. Жауапкершілік қашанда – тұлға әрекетінің өзін реттеуші, 
тұлғаның өнегелі кемелдігін көрсетуші феномен. Жауапкершілік адамдарға ар мен парыз 
сезімін, өзін басқара білуді жүзеге асыруда көмек-теседі. Антропологиялық философияда 
еркіндік пен жауапкершілікті түсіну қалыптасқан стереотиптермен, теориялық әдетпен 
ерекшеленеді. 
К. Маркс еркіндік туралы біршама ой-көзқарастарын өзінің «Капитал» еңбегінде қалдырады. 
Ол адам еркіндігінің адамдық қатынастағы үш тарихи кезеңі немесе сатысын көрсетті. 
Бұларға жеке тәуелділік қатынас, ерікті индивидуалдылық және жеке тәуелділік жатады. 
Жеке тәуелділік қатынас жүздеген жылдарға созылған. Алғашында, алғашқы қауымдық 
қоғам кезінде саяси-экономикалық тәуелдікке тап болды. Екінші кезең, ерекше адым кезеңі – 
еңбектің өндіргіш күшінің прогресімен, нарықтың өсуімен байланысты. Жұмысшы күші, 
еңбекке қабілеттілік еркін, тәуелсіз сипатта. Экономикалық еркіндікке қоғамның саяси 
жүйесі сай келді, басқа адамдармен материалдық, заттық тәуелділікті сақтаудағы 
адамдардың жеке, саяси, заңдық тәуелсіздігі шынайы еркіндікке қадам болып есептелінеді. 
Бірақ, бұл шынайы адам еркіндігі емес. Капитализм де, социализм де, адам еркіндігінің 
дамуындағы ассиметрияны, заттық және рухани дуализмін жеңуге қабілетсіз. Еркіндік 
дамуындағы үшінші сатыға жету үшін үйлесімді дамыған тұлға және жан-жақты, ерікті, 
жатталынбаған немесе еркін индивидуалдылық деп аталатын, қазіргі қоғам 
эволюциясындағылардан басқа өлшеусіз нәрсе қажет. Бұндай толық еркін индивидуалдылық 
өзінің ішкі потенциясының дамуының әмбебапты өсуімен ерекшеленеді. 
Еркін болу – яғни, әлемде толық және ақылды болып қалуға мүмкіндік беретін шынайы 
тосқауылдарды түсіне білу, ал адам әлемді жасаушы объективті заңдарға сәйкес іс әрекет 
жасау керек. 


Э.Фромм еркіндікті адамның негізгі өсу мен даму жағдайы деп санаған. Ол – адам бас тарта 
алмайтын ұлы сый және ауыртпалық. Еркіндік – адамның өзінің іс әрекетіне жауапкершілік 
таныта отырып таңдаған альтернативаларды саналы ұғынуымен байланысты. Қазіргі 
философтар мен психологтардың зерттеулері бойынша жауапкершілік ересек тұлғаның 
әлеуметтік мінез құлқын ішкі реттеушісі ретінде орын алады деп қорытынды жасаған. Мұнда 
әңгіме жас жайында емес, оның тұлғалық өсуінде болып отыр. Кішкене бала үшін қажетті 
сыртқы жағдайлар мен шектеулер орын алатын болса, ал ересекте тұлғаның өзінің еркін 
қабылдаған мақсаттары мен құндылықтары болып табылады. Ересектер үшін сыртқы 
стимулдар мен еске түсірулер қажет емес. Тұлғаның ішкі еркіндігі, бостандығы оның 
жауапкершілігімен шектелмейді, керісінше, жауапкершілігінің арқасында мәнге және 
мазмұнға ие болады. Жауапкершіліктің дамымауы немесе оның тіптен болмауы адамға 
толығымен еркін тұлға болуға кедергі жасайды, бірақ, сонымен бірге ол оны жағдайларға құл 
етіп, ішкі бақылауға тәуелді етеді. 
Сонымен еркіндік мәселесі жауапкершілік мәселесімен тығыз байланысты. 
Жауапкершілік – еркіндіктің басқа бір жағы болып табылады. Ол ересек тұлғаға тән және 
өзін саналы түрде жасайтын іс әрекеттерінің себептері мен өзінің ойлары мен әрекеттерін 
ішкі бақылауда көрінеді. Әлеуметтік жауапкершілік өзінің жеке эгоистік 
қызығушылықтарына емес, қоғам мен басқа адамдардың қызығушылықтарына сәйкес өзін 
өзі ұстай білудегі адамның бейімділігі. Тек еркін және жауапкершілігі жоғары тұлға өзін 
әлеуметтік мінез құлқын жан –жақты дамыта алады және жоғары дәрежеде өзінің 
потенциалын аша алады. 
Сонымен, жоғарыда тұлға жайында айтылғандардың барлығын қоса келе, оның 
қалыптасуына әсер ететін факторларды бөліп көрсетеміз. 
Олар: 
адамның өзінің қабілеттілігі мен нышандарын көрсете білуге мүмкіндік жасайтын іс әрекеті; 
адамның басқа адамдармен ауызба- ауыз сөйлесуі кезінде ғана емес, адамзаттың адами 
қасиеттерін, салт дәстүрлері, әлеуметтік нормалар мен ережелерді меңгеруі арқылы 
көрінетін, болатын қарым -қатынасы; 
жеке және әлеуметтік мінез құлық жауапкершілік әдістері мен формаларын болып жатқан 
жағдайларға байланысты таңдап алуда көрінетін адамның шығармашылығы, мұны еркіндік 
сөзінің синонимі деп алуға да болады. 
Мінекей осы факторларды адам негізгі қоғамдық рөлдерді меңгеруі арқылы әлеуметтену 
процесінде дамытады. Жауапты болу – өзіңе жеке билік жасайтын қожайын болу, иелік ету 
дегенді білдіреді. Бұл, сенің өміріңе ешкімнің де қол сұға алмайтынын білдіреді. Бұл өз 
бақытыңды өзіңе жасауға мүмкін екенін және мұнда ешкімнен сен тәуелді емес екеніңді 
білдіреді… 
Жауапты болу дегеніміздің өзі не? Яғни, бұл сенің барлық ойларың, сенің сезімдерің, сенің 
көңіл күйің, сенің бақытты болуың, бақытсыздығың, немесе сенің ішкі дүниеңде болып 
жатқан жағдайларды үнемі саналы тұрғыда түсіну. Бұлардың барлығы тек сенікі, басқа 
ешкімдікі де емес. Сенің іс-әрекетің – бұл сенің жеке ісің, сенің жауапкершілігің, сенің 
таңдауың. Ешкім бұған жауап бере алмайды – тек сен өзің ғана жауап бересің. 
Далай Лама бірде: «Егер адамның ішетін тамағы және жататын жері болса, ол өзін 
бақыттымын деп санауға толық себептер бар, ал қалғаны – оның таңдауы» деген екен. 


Егер сен үнемі көңіл күйің төмен болса, сен бақытсыздықты сезінген кезіңде – өзіңнің ішіңе 
үңіл, онда не болып жатқанына мән бер, түсінуге тырыс. Бұл жағдайға өзіңді тек өзің 
жеткіздің, басқалар емес. Егер осы жағдайға өзіңді өзің жеткізген болсаң онда осы жағдайды 
өзің ғана өзгерте аласың.Осындай саналы түсінік өзіңді, өміріңді өзгертетін күш пайда 
болады. 
Сен өзіңе жауапкершілікті алған кезде сен өзіңнің күшіңе ие боласың. Бұл асыра айтқандық 
емес аллегория – бұл қандай болған жағдайда бізде үнемі болып отыратын нәзік 
энергетикалық прцесті тікелей бейнелеу. Мұның барлығы жай қарапайым ғана нәрсе – сен 
жауапкершіліктен қашсаң осы энергиядан айырыласың, жауапкершілікті мойныңа алсаң 
энергияны аласың. 
Жауапкершілікті басқаға артып қойсаң, онда сен өз қолыңмен өзіңді сол адамға тәуелді 
етесің. 
Еркін болудың арқасында сен өзіңнің өміріңді, өзіңнің бақытыңды жасай аласың. Сен үшін 
басқалар мұны жасамайды. Тек өзің ғана өзіңді бақытты ете аласың. Сенде басқаларды 
кінәлауға деген қажеттілік те болмайды. Егер де, сен өзгелердің өзгергенін ашық немесе 
жасырын болса да өзгергенін қалап, оны өзіңнің қалауың бойынша көргің келеді, 
мәжбүрлейсің, оларды кінәлайсың. Өмірде өзгені өзгерту деген ең қиынның қиыны, миға 
сиымсыз нәрсе. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет