Өнер теориясы бойынша көркем шығармаға негіз болған матерялдық арқауына байланысты
өнер түрлерінің негізгі үш тобы туындайды:
мекендік немесе пластикалдық (кескіндеме, мүсін, графика, көркем фото, архитектура, т.б.)
яғни, көркем бейнені кеңістікте түзетін өнер түрлері,
мезгілдік (сөз және музыка өнері), яғни көркем бейнелерді уақыт кеңістігінде құратын өнер
түрлері.
мекенді-мезгілдік (би, актерлік өнер және осыған негізделген аралас түрлер – театр, кино,
телевизия, эстрада, цирк, т.б.), яғни көркем бейнені белгілі бір уақыт кеңістікте түзетін өнер
түрлері.
Сөз өнері іштей – жазба әдебиет, ауыз әдебиеті болып бөлінсе, музыкылдық өнер –
вокалдық, аспаптық музыка түрлеріне бөлінеді. Сахналық өнер – драмалық, музыкалдық,
қуыршақ, эстрада, цирк, т.б. болып жіктеледі. Ауыз әдебиеті – эпос, лирика, драма сияқты
тектерге бөлінуімен қатар, бейнелеу өнері – портрет, пейзаж, натюрморт, сахна өнері,
комедия, трагедия, водевил, т.б. жанрларға бөлінеді. Би де сол секілді гимнастика, халықтық,
заманауи би деп бөлінеді. Өнер, жалпы алғанда, әлемді игерудің тарихи қалыптасқан көркем
әдісі ретінде өзіне тән ерекшеліктер мен өзіндік сипатқа ие. Өнердің эстетикалық қызметі
арқылы танымдық табиғаты мен тәрбиелік сипаты айқындалады. Әрбір тарихи кезеңнің,
сондай-ақ әрбір халықтың өзіне тән эстетикалдық талап, талғамдары болады. “Өнер алды –
қызыл тіл” деген қазақ мәдениетінде сөз өнерінің орны ерекше болған. Бұны да осы секілді
халқымыздан мұра болып қалған мақал-мәтелдерден көруге болады. Қазақ фольклорының
шағын жанрлары – мақал-мәтел, жұмбақ, лирикалдық ән-өлеңдер, билер институты тудырған
шешендік сөздер табиғатының эстетикалдық сипаты басым. Халық музыкасында
қалыптасқан әншілік, күйшілік дәстүрлердің де өзіндік болмысы анық. Кең тынысты
лирикалдық әндер арқылы халық өзінің ішкі сезімдерін сыртқа шығарған болса, күмбірлеген
күй арқылы өздерінің эстетикалдық әр филосиялдық ой-толғамдарын жеткізіп отырған. Осы
белгісіне орай өнерді әрі эстетикалдық, әрі этникалдық құбылыс ретінде қарастыруға да
болады. Халық мұрасы тұсында оның этникалдық арқауы басым болса, кәсіби өнерге
келгенде эстетикалдық сипаты үстем. Өнер туындылары арқылы өмір шындығын көрсетудің
әр түрлі тарихи кезеңдерге тән өзіндік көріністері бар. Соларды саралай отырып, адамзат
баласының көркем қиялмен ойлау жүйесінің даму, жетілу жолдарын аңғарамыз.[1] [2]
Өнер және эстетикалық дәстүрлер
«Өнер» терминін екі мағынада анықтауға болады. Кең мағынасында өнер адам баласының
жасампаздығын білдіреді де, "ендіру", "жасау", "құру" деген негізден өрбиді. Мысалы, көне
гректердің өнерді білдіретін ұғымы "poiesis" — адам қолынан шыққан, өндірілген заттар
әлемі ретінде табиғи әлем — "physiske" қарама-қарсы қойылған. Tap мағынасында "өнер" деп
көркем шығармашылық үдерісін және оның нәтижелерін (бейнелеу, поэзия, әуен, би және
т.б.) айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: