«Философиялық ойлау, сын туралы»



Дата10.01.2023
өлшемі13,62 Kb.
#165225
Байланысты:
СРОП 2
Семинар 1

«Философиялық ойлау, сын туралы»
Әр адам - жеке тұлға. Себебі оның ойлау, сезіну, сыртқы ортаны сезуі басқа адамдардыкіне ұқсамайды, өзінің дербестігімен ерекшеленеді. Менің ойымша, адамды тек жан-жануарлардан ғана емес, басқа жеке тұлғалардан ерекшелейтін, ол ойлау қабілеті. Әр адам дүниені әрқалай түсінеді, таниды. Осы факторларды түсінуге талпыныс барысында философиялық ойлай бастайды. Иә, кез-келген адам философиялық ойлай алады, философиялық ойды тұжырымдай алады, бұнымен келісем, дегенмен, нағыз философ үшін бұл аздық етеді деп ойлаймын. Менің бұл пікірімнің қалыптасуына Реми Хесстің “Философияны таңдаулы 25 кітабы” еңбегі үлкен рөл атқарды.
Автор кітаптың алғы сөзінен бастап-ақ өз мысалы арқылы философ болу қажымас еңбекті, ізденісті, оқып үйренуді талап ететінін айтқандай болды. Сонымен қатар, философиялық еңбек жазу ұзақ жылдық практиканы, өмірлік ізденісті қажетсінетінін түсіндім. Менің ойымша, бұл кітап автордың осы қажымас еңбегінің, талпыныс, ізденісінің жемісі болып табылады. Біреудің айтқан ойын қорыту, оны дәлелдеу немесе жоққа шығару бір бөлек, ал өз ойыңды, ойлап түйгеніңді оқырманға түсінікті тілмен жеткізу бұл айрықша талантты қажет етеді.
Реми Хесстің бұл кітабын оқи отырып, оның өткен күннің шығармаларымен танысып, одан өзі үшін ой түйіп алғанына көзім жетті. Бұл да оңай шаруа емес, өзіндік сана, философиялық ойлау, өзгені түсіне білу қабілеттері болуы керек. Өзінің пікірі жоқ, өзгешелігі жоқ философ, менің ойымша, философ деген айтқа лайықты емес. Нағыз философ өткенге үңілу арқылы өнеге, сол арқылы болашаққа бағыт-бағдар береді деп ойлаймын.
Осы еңбекте тағы жиі кездесетін ұғымдардың бірі – “философиялық сәт”. Дәлірек айтсақ, автор осы философиялық сәттерді қалай жасау керек екенін жазады. Осыдан менің түйгенім, философиялық сәттерді жасау – оны өз өміріңнің бір бөлшегі ету, өз өміріңнен оған орын беру. Осы сәттер жинақтала келе адамның болмысын, тұлғалық бітімін жинақтап сомдайды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, философиялық ойлау – адамның сыни ойлауы, кез-келген, бір көзбен қарағанда қарапайым заттың түпкі мағынасын, болмысын ашу, оны тану деп ойлаймын. Философиялық ойлауға бейімделудің үш негізгі факторы бар: 1) кітапхана 2) оқу күнделігін жазу 3) референттік топты қалыптастыру. Ал философиялық сәтті қалыптастыру – философиялық шығармаларды игеру арқылы келеді. Философиялық еңбектердің саны, әрине, көп. Дегенмен, философиялық сәтті қалыптастыруда, ойлау дағдысын жетілдіруде, жалпы философия әлеміне кіруге оның рөлі аса зор

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет