Кездейсоқтық – болуы я болмауы мүмкін жақтар.
Жоғарыда біз атап өткен диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары оның негізгі идеяларын қорытындылауға мүмкіндік береді.
- Біріншіден, құбылыстардың бір – бірімен тығыз байланыстығы идеясын әлем мен жаратылыстану тарихы толық дәлелдейді.
- Екіншіден, әлемнің өмір сүруі мен дамуының негізгі шарты – оның ішкі қайшылықтары идеясы.
- Үшіншіден, әлемдегі құбылыстардың ұдайы өзгеріп отыратындығы туралы идея.
Диалектика байланыстар мен даму туралы білім жүйесі бола отырып, бірнеше функцияны орындайды. Ең алдымен, әрине, диалектика дүниетанымдық функцияны орындайды, өйткені, ол әлемдегі заттар мен құбылыстардың бір – бірімен байланыса отырып, ұдайы өзгерісте, дамуда болатындығын теориялық түрде дәлелдейді.
Сонымен қатар, диалектика методологиялық функцияны орындайды. Ол дүниені танудың, игерудің негізгі құралы болып табылады. Оның негізгі ұғымдары, идеяларын, заңдарын дұрыс меңгерген адам өз іс - әрекетінде тез табысқа жететіні сөзсіз.
Назарларыңызға рахмет! Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |