7.4 ХІХ ғ. аяғы және ХХ ғ. басындағы қазақ ойшылдарының гуманистік-ағартушылық философиясы Қорқыт туралы аңызда Әулиенің күй құдіреті арқылы өлімді жеңуге ұмтылуы осы дүниедегі шарасыздықты, өтпелілікті дәлелдей түседі, тек мифологиялық уақыттың мәңгілік болып табылатындығы айтылады. Миф – аңыз – екі дүние шекарасы, оларды анықтап, байланыстырып тұрған миф – метафора, бір дүние мағынасын және құндылықтарын екіншісіне көшіріп тұрған. Осылай түсінілген миф үшін тіл, сөз арқылы жеткізу, түсіндіру шешуші рөл атқармайды. Қазақ мәдениетінде мифтің өмір сүруінің негізгі тәсілі, табиғаттың үнін жеткізуші күй формасында. Логос, Сөз және Ғарыштық заңдылық – бәрі күйде қосылған, бұл құбылыстарды қарапайым күнделікті адам тілімен түсіндіру мүмкін емес. Табиғат үні судың сылдырынан, желдің ызыңынан, жапырақтардың сыбдырынан және құстар мен жануарлар шуылынан күй болып құралады. Қорқыт туралы аңызда – музыкалық шығармашылықтағы құдіретті күш, адам мен әлемді уақыт бастауына, мәңгілік дүниеге қайтару мүмкіндігі айтылады. «Күй» деген ұғымның шығу тегі көне түркі тілінде «көк»-аспан, Жаратқан, үйлесімділік ұғымына сәйкес келеді. Аңыз бойынша Қорқыт қобызды осы үйлесімділік үнін жеткізу үшін жасаған. Қазақ мәдениетіндегі семантикалық мазмұн байлығын тұрмыс-тіршіліктің барлық саласынан көреміз. Бәріне ортақ бір мақсат, тақырып Тылсым дүние мен Табиғат үйлесімділігі және сол үйлесімділіктің шырқын бұзбау. Материалды мәдениет заттарын алсақ та, рухани құндылықтар үлгісін қарасақ та, осы тақырып өзек болған. Мысалы, Киіз үйдің сыртқы формасы, ішкі кеңістігі, негізгі элементтері – барлығы да осы Ретсіздік пен Үйлесілімділіктің алмасуын, абсолютті Ғарыштық заңдылықты паш етеді. Интуициялық пайымдау арқылы танылған Әлемдік заңдылық қазақтардың іс-әрекетіне шығармашылық мүмкіндіктеріне негіз болған және табиғатпен қарым-қатынасына бағыт-бағдар берген. Киіз үйдің тігіліп және жығылуы, оның формасының ландшафтқа үйлесілімділігі, экологиялық және экономикалық, психологиялық және биологиялық тиімділігі сөз жоқ әлемдік үйлесімділікке бейімделген мәдениет үлгісі болып табылады.
Қазақ халқының сұңғылалығы да сонда, Ғарыштық, Табиғат және Қоғам дамуының ортақ заңдылығын пайымдап, соны мұқият бақылап, қарсы тұрмауға,Табиғи үйлесімділіктің шырқын бұзбауға ұмтылған.
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚКАРАСЫНЫҢ БЕРІЛУІ ЖӘНЕ САҚТАЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ