5.6 Дж. Локк философиясы Дж. Локк (1632-1704жж.)- Бэкон мен Гоббстың философиялық идеяларын дамытып, Жаңа Замандағы ағылшын философиясының эмпиристік және материалистік дәстүрін жалғастырды. Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл – ойы туралы тәжірибе». Дж. Локк философиясының негізгі қағидалары:
1) дүние материалды;
2) таным негізінде тек қана тәжірибе жатады («сезімде болмаған нәрсе адам ойында (ақылында) болмайды»);
3) адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;
4) сана – әр адам өз өміріндегі тәжірибемен толтыратын бос бөлме (empty cabinet), тәжірибе жазылатын таза тақта (tabula rasa);
5) тәжірибе көзі – сыртқы дүние;
6) философия мақсаты – адамның өз әрекетінде табысқа жетуіне көмектесу;
7) адам идеалы – сабырлы, заңды тыңдайтын және заңды сыйлайтын, адамгершілікті ұстанатын, өзін жан-жақты жетілдіріп, өз саласында жақсы жетістіктерге жеткен дара тұлға;
8) мемлекет идеалы – биліктің заң шығарушы, орындаушы және федеративті (сыртқы саяси) болып жіктелген негізде құрылған мелекет;
9) Мемлекеттегі билік бөлінісі туралы бірінші айтқан Локк болды.