Философтардың идеалистік топтары (олар да әрбір салаларға бөлініп кетеді) дінді адамның сапалық түсінігі ретінде, туа туғаннан берілетін сезім ретінде, оның керектілігін және мәңгілігін дәлелдейді
Философтардың идеалистік топтары (олар да әрбір салаларға бөлініп кетеді) дінді адамның сапалық түсінігі ретінде, туа туғаннан берілетін сезім ретінде, оның керектілігін және мәңгілігін дәлелдейді. құдай құбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дәлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес деді. Құдай туралы мәселе – діннің ісі деді. Біз құдайдың барлығын дәлелдей алмаймыз, бірақ моральдік принциптер, өнегелілік сезімдер, құдайдың барлығын дәлелдеуге даяр тұрады. Кант былай деді:
неміс философы Г.В.Ф. Гегель (1770-1831):
Құдайды абсолюттік идеямен, абсолюттік руханимен теңеп барлық нәрсе солардан шығып, соларға қайта оралады – деді.
Материалистік философияның өкілінің бірі Л.Фейербах (1804-1871), дінді адам болмысы бейнесі ретінде түсіндірді. «Адамды жаратқан құдай емес, керісінше, адам өзіне сәйкес, өз бейнесі бойынша құдай жасап шығарған» деп түсіндірді. К.Маркс болса, дін туралы былай деді: «Адам дегеніміз – адамның дүниесі, мемлекет осы қоғам дінді, дүниеге бұрыс көзқарас туғызады, өйткені олардың өзі – теріс дүние.
Теология (грек) –
құдай және ілім, яғни құдай туралы дін ілімі – белгілі діннің ілімдeрін жүйелеу деген түсінік береді.
Теологиялық анықтама бойынша –
Құдай – реалді күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Теология – барлық үлкен діннің догмаларының жүйесі.
Дін дегеніміз
Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (латын сөзі) «байланыстыру» деген сөз арқылы анықтайды дейді.
Діннің шығуы туралы көзқарастар прамонотеизм дінсіз дәуір көне дәуірде көп діндердің шығуы алдында барлық адамдарда бір ғана дін болған, яғни олардың барлығы бір Құдайға – Жаратушы күшке сенген. адамзатта өте көп уақыт дінсіз дәуірлер болды дейді; яғни адамзаттың шамамен жасын 2 млн.жыл деп алсақ, оның 1 млн. 900 мың жылы дінсіз дәуір болды. Ең ертедегі діни түсінік – өлген адамдардың аруағына табыну. Ол кезде әлі «дербес» құдайлық түсінік болмады. Алғашқы таптық қоғамға дейін құдайлардың мүсіндері тікелей қоршап тұрған табиғаттан алынып отырды. Сол кездегі ең бір қарапайым және жабайы діни сенімдер фетишизм, тотемизм, магия және анимизм деп аталады. (португ. сөзінен сиқырлы зат) деп әртүрлі заттарды, кейде өсімдіктерді киелі ету. Фетиштің заттары – табиғи: тас, ағаштың бөлігі, аңның тісі,келе келе қолдан жасалған заттар: талисман, крест, икон, жарты ай т.с.с. Осындай заттардың арқасында әр түрлі аурудан сақтану, көз тиюден сақтау, жаулардан сақтау, аң аулауда ол заттар жәрдем беруі және т.с.с. Фетишизм –
Тотемизм –
өсімдіктер және жануарлардың адамға қанды туыстық қатынасы бар деп түсіну. Ертедегі рулық қоғамда аң аулау мен үй жануарлардың адам өміріне, оның өмірі тікелей сол жануарларға байланысты болғандықтан (жануарлар тамақ болды, киіндірді, көлік болды), малдардың алдында ризашылығын білдіріп, жануарлардың бірнеше түрлерін киелі етіп қарастырды.
Магия –
(грек. тіл. сиқыршылық, тәуіпшілік), бір объектіге иррационалды түрмен әсер ету, немесе әртүрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің көзқарасына сәйкес етіп өзгерту.
Анимизм (лат. тіл. жан) –
жан бар дегенге сену. Анимизмнің алғашқы түрі аниматизм деп аталады. Аниматизмдік түсінік жан мен тән (дене) бірге өмір сүреді. Тән өлсе немесе қираса, жан да өледі. Ал, анимизмде «жан» тәннен дербес өмір cүpе алады. Мұндай түсініктің ертедегі адамдардың көптеген құбылыстарды білмеуі, түсінбеуінің нәтижесі. Мысалы, түс көру, ауыру, өлім, тағы сондай әсердің және галлюцинациялық елестетудің не екенін білмейді.
Атеизм мен дінге қарсы болушылық. Атеистік көзқарастың көрнекті өкілдері француз философ-ағартушылары болды. Олар: Дени Дидро (1713-1784) Клод Гельвеций (1723-1771) Жнальен Ламетри (1709-1750) Поль Гольбах (1723-1789) Атеистік көзқарастықтың қайнар көзі Ж. Мелье (1664-1739) Өзінің «Завещание» деген бір шығармасында әлемнің мәнгі екенін, оны ешкім жасамағандығын, Құдайдың болмысының барлық теориясын сынға алып, деистік көзқарастарға қарсы щықты. Шығармасының ең негізгі идеясы, толығынан құдіретті күштің жоқтығын дәлелдеуге тырысты. Бұндай көзқарасты француз ағартушылары толығынан қабылдап әрі қарай дамытты. Жаңа дін дегеніміз – адамға адамның сүйіспеншілігіне негізделген қатынасты, адамның табиғатынан шығатын бақытқа ұмтылысы.
В.И.Ленин атеистік принциптері:
1. шіркеу мемлекеттен бөлінуі керек;
2. әрбір адамның дінді ұстау ұстамауы, ауыстыруы, оның жеке бас ісі болуы керек;
3. барлық мемлекеттер азаматтары заң алдында тең болуы керек;
4. атеистік тәрбиені, сол социолизм дамуына биім деп жіргізу керек және т.с.с. саяси принциптер қойылды.