ФИО: Гаппарова Айжан, Сретай Әсел
Ғылыми жоба: туризм
Зерттеу тәсілі: Туризм индустриясы
Жоба тақырыбы: Қазақстандағы экологиялық туризмнің жағдайы
Ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар бойы кең жазира далада емін-еркін өмір сүрген. Ал біз өкінішке орай заманауи қалаларды мекендеп, төрт қабырғаға қамалып қалдық. Біздің ағзамыз, санамыз бен әлеуметтік түйсігіміз мүлдем басқа жағдайда қалыптасқан. Сол себепті қазіргі кезде урбанизация екпінінен, қала өмірінің қарбалас тіршілігінен тез шаршаймыз. Мегаполис тұрғындары реті кеіп жатса табиғат аясына шыққанды жақсы көреді. Бұны біз туризммен ұштастыра аламыз.
Соңғы жылдары туризм- өзінің әртүрлілігімен ерекшеленіп, көптеген әлем елдерінде дамып келе жатқан шаруашылықтың бір саласы. Ал осы туризм бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі- экологиялық туризм.
Экологиялық туризм- қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау мақсатында, қоршаған табиғи ортаны зерттеуді негізге алатын және жағдайын жақсартуға ат салысатын табиғи туризм. Халықаралық экотуризм қоғамының шешімі бойынша экотуризм туризм индуртриясы ішіндегі өзінің басты ресурсынөзен көлдерін, топырақ пен жер бедерін, өсімдік пен жан-жануарларын, табиғат ескерткіштерін және оларды сақтап қалуды көздейтін жалғыз ғана саласы. Экологиялық туризмнің басты міндеті- қоршаған табиғи ортаның жылдам азып-тозуын болдырмау, қазіргі кезде табиғи ресурстарды рекреациялық мақсатта тиімді пайдалану. Туризмнің бұл түрін тұрақты деп сипаттауға болады. Себебі бұл жақсы сақталған табиғи орта аймақтарына бару, табиғи және мәдени-тарихи жерлермен танысу ғана емес, сонымен қатар бүгінгі ұрпақтан келешек ұрпақтарға әсем жерлерге зиян келтірмей, бұзылмаған күйінде сақтап қалу. Бұл экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен басты ерекшелігі.