Фитопатологияда қолданылатын зерттеу әдістері Орындаган: Байгереев Ернар, Мұхамеұлы Азат



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#130899
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Презентация

Фитопатологияда қолданылатын

зерттеу әдістері

Орындаган: Байгереев Ернар, Мұхамеұлы Азат

ЖОСПАР.

  • 1. Өсімдік ауруын анықтау.
  • 2. Анатомиялық өзгерістер.
  • 3. Жасуша мембранасының өзгеруі.
  • 4. Саңырауқұлақтарды қоздыратын ауруларды не микоздарды анықтау.
  • 5. Ауру қоздырғыштардың патотиптері мен нәсілдері.
  • 6. Өсімдіктерді жасанды залалдау.
  • 7. Аурулардың таралуы мен дамуын анықтау.

Өсімдік ауруларын анықтау. Ең алдымен олардың туындау себептерін білгеніміз жөн. Өсімдік аурулары жұқпайтын немесе физиологиялық, жұқпалы яғни инфекциялы деп екі топқа бөлінеді. Соңғылары микоздар немесе саңырауқұлақтар, бактериоздар –бактериялар және вироздар – вирустар қоздыратын ауруларға жіктеледі.


Анатомиялық өзгерістер.
Бірінші кезекте ауруға шалдыққан мүшелерді жай көзбен жіті қараса, оларда анатомиялық өзгерістердің бар-жоғы байқалады.
Екінші көңіл аударатын мәселе, өсімдіктің ауруға қай мүшесі шалдыққаны – жапырақ немесе сабақ, масақ пен дән және басқада жеміс түзетін мүшелер, тамыр немесе тамыр-жемістер.
Үшінші зер салатын мәселе, аурудың өсімдіктердің өсу және жыныс мүшелерінде таралу ерекшеліктері. Ол өсімдіктің өн-бойын қуалай, барлық мүшелерін шарпитын болса, жүйелі немесе диффузиялы ауру болғаны.
Жасуша мембранасының еруі. Ауру қоздыратын микроағзалардың, әсіресе бактериялардың әсерінен, өсімдік жасушасының мембранасы жойылады. Осының салдарынан қоректік заттар мен суға бай мүшелер ыдырап, шіриді. Картоп, сәбіз, қызылша, т.б. суға бай тамыр жемістерде сақтау кезінде жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет