«Физика- біздің айналамызда»


VІ бөлім «Физика-көгімде, жерімде»



бет7/7
Дата20.12.2021
өлшемі38,34 Kb.
#103680
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
0005d4be-e4c7c978

VІ бөлім «Физика-көгімде, жерімде»

Тапсырма: Әр топқа 10 сұрақтан оқылады.
І топ. Гук тобы (7 кл)

  1. Астрономияда пайдаланатын ең басты құрал? (телескоп)

  2. Күшті өлшейтін құрал? (динамометр)

  3. Дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруі? (деформация)

  4. Алғашқы қазақ ғарышкері? (Т Әубәкіров)

  5. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама?(күш)

  6. Еркін түсу үдеуінің сан мәні неге тең? (9,8 м/с2 )

  7. Жолдың жылдамдыққа қатынасы? (уақыт)

  8. Деформацияланған денелер үшін орындалатын кімнің заңы? (Роберт Гук)

  9. Температураның өлшем бірлігі? (градус)

  10. Дененің көлемін өлшейтін құрал? (мензурка)

  11. Физика сөзі қай тілден шыққан (грек - табиғат)

  12. Пішіні мен көлемін сақтамайды? (газ)

  13. Табиғи жарық көзі? (күн)

  14. Табиғатты зерттеудің негізгі 3 әдістері? ( бақылау, эксперимент, теория)

  15. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. (Паскаль заңы )

ІІ топ. Кулон тобы (9 кл)

  1. Ең кішкентай заряд? (электрон)

  2. электр заряды жоқ бөлшек? ( нейтрон)

  3. Аттас зарядтар бір біріне тартыла ма?( жоқ тебіледі)

  4. Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)

  5. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама... (энергия)

  6. Зарядтың уақытқа қатынасы (ток күші)

  7. Ом заңының формуласы (I=U/R)

  8. Заттың қатты күйден сұйыққа өту құбылысы /балқу/

  9. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі / Джоуль/

  10. Жылу алмасусыз жүретін процесс (адиабаталық)

  11. Қандай денелерде конвекция болады? (сұйық, газ)

  12. Нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу күшін анықтаған кім? (Шарль Кулон)

  13. Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы қалай аталады? (электр тогы)

  14. Ток күшінің кернеумен кедергіге тәуелділік заңын кім және қай жылы ашты? (Геогр Ом, 1827 ж)

  15. Сұйықтың бетінде жүретін булану қалай аталады? (кебу)

ІІІ топ. Ньютон тобы (9 кл)

  1. Импульс түрлерін атаңдар? ( дене импульсі, күш импульсі)

  2. Атомның ядролық моделін жасаған ғалым? ( Резерфорд)

  3. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл .... (диффузия)

4. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( салмақ)

5. Динамика заңдарының негізін қалаған кім? ( Ньютон)

6.Физиктер : « ... – заңын білмесең, үйде отыр» деген сөзді қай ғалым жайлы айтқан? ( Ом заңы)

7. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама (үдеу)

8. Қандай ортада денелер бірдей уақытта құлайды? (ауасыз кеңістікте)

9. И.Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын қай жылы ашты? (1687ж)

10. Тербелмелі қозғалыстардың графигі қандай болады? (ирек)

11. Созылмайтын салмақсыз ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды қалай атайды? (математикалық маятник)

12. Толқын кезінде не тасымалданады? (бөлшектер емес, энергия)

13. Толқын ұзындығын қандай әріппен белгілейді? ()

14. Дельфин мен жарқанаттардың қабылдайтын дыбыстар қалай аталады? (ультрадыбыстар)

15. Камертон қандай нотаға сәйкес дыбыс шығарады? (ля)



Ақыл – тон, алдағанға тозбайтұғын.

Ғылым кен күнде өніп қоздайтұғын

Иелік екеуіне еткендердің

Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын.- деген сөзімен қортындылағым келіп тұр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет