|
тапсырма
|
1
|
Көлік, қисықтық радиусы R болған B1 бұрылыста V1 жылдамдықпен және радиусы 3R болған B2 бұрылыста V2 жылдамдықпен қозғалады. Осы бұрылыстардағы центрге тартқыш күштер бірдей болса, V1/V2 қатынасы неге тең?
A) 1 B) √3 C) 1 / √3 D) 1 / √2 E) 2 √2
|
2
|
Г рафикте автокөліктің қозғалыс жылдамдығының уақытқа тәуелділігі көрсетілген. Автокөліктің 1 cекундтан 4 cекундқа дейінгі уақыт аралығындағы жүріп өткен жолын анықтаңыз.
A)20м B) 5м C)10м D)30м E) 25м
|
3
|
Тыныштықта тұрған көлік бірқалыпты үдемелі қозғалып 2 секундта 5 м/с жылдамдыққа ие болды. Осы уақыт аралығында көліктің жүріп өткен жолын анықтаңыз.
A) 2 м B) 5м C) 10 м D) 25м E) 50м
|
4
|
М ассасы M=2,5 кг дене F1 = 15Н және F2 = 10Н күштер әсерінен горизонталь бетте қозғалады. Дененің қозғалыс үдеуі 2 м/c2 болса, дене мен бет арасындағы үйкеліс коэффициенті неге тең?
A)0,1 B) 2/3 C) 0 ,2 D) 0,3 E) 0,5
|
5
|
М ассасы М дене көлбеу жазықтық бойымен бірқалыпты төмен қарай сырғанайды. АСВ бұрышы 300 болса, үйкеліс коэффициенті неге тең?
A) Mg/ B) Mg C) D) /2 E) дұрыс жауап жоқ
|
6
|
Егер Жердің массасын өзгертпей, радиусын екі есе кішірейтіп сықса, Жер бетіндегі еркін түсу үдеуі қанша болады?
A) 5 м/с2 B) 10 м/с2 C) 20 м/с2 D) 30 м/с2 E) 40 м/с2
|
7
|
А втокөліктің қозғалыс жылдамдығының уақытқа тәуелділігінің графигі суретте көрсетілген. Қозғалыстың бастапқы 25 секундындағы автокөліктің жүріп өткен жолын анықтаңыз.
A)40 м B) 25 м C) 200 м D)500 м E)1 км
|
8
|
М ассасы 20 кг денеге әрекет етуші күштің уақытқа тәуелділік графигі суретте көрсетілген. Күш әрекеті басталғаннан 4 секундт өткенде дене жылдамадығы неге тең?
A) 5 м/c B) 12,5 м/c C) 2 м/c D) 7,5 м/c E) 10м/c
|
9
|
20 м биіктіктен, горизонталь бағытта 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған доп, қанша уақыттатан кейін жерге соқтығысады?
A) t =0,2с B) t =0,5с C) t =0,8с D) t = 1с E) t = 2с
|
10
|
Массасы 5 кг денеге әрқайсысы 10 Н болатын төрт күш бір мезетте әрекет етеді. Төменде келтірілген жауаптардың қайсысы дененің үдеуі бола алмайды?
A) 0 м/с2 B) 2 м/с2 C) 4 м/с2 D) 8 м/с2 E) 10 м/с2
|
11
|
Дене 10 м/c жылдамдықпен тік жоғары лақтырды. Сол мезетте, басқа дене 28 м биіктіктен 4 м/с жылдамдықпен тік төмен лақтырылса, денелер қанша уақыттан кейін кездеседі? Ауа кедергісін ескермеңіз.
A) 1с B) 2с C) 3с D) 0,5с E) 0,3с
|
12
|
Жоғары қарай а үдеуімен көтерілген лифтіде массасы М адам тұр. Еден тарапынан адамға әрекет ететін тірек N күші үшін төменде келтірілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс?
A) N =Mg B) N ˃ Mg C) N < Mg D) N=0 E) дұрыс жауап жоқ
|
13
|
Массасы 2кг тыныштықтағы денеге бір мезетте қарама-қарсы бағытталған екі күш әсер етеді. F1 солдан оңға әсер етіп, 150 Дж жұмыс атқарады, ал F2 оңнан солға әсер етіп -50 Дж жұмыс атқарады. Осы жұмыстар атқарылғаннан кейінгі дененің жылдамдығы қандай?
A) 5м/с B) 7 м/с C) 10 м/с D) 12 м/с E) 15 м/с
|
14
|
М ассалары 10кг және 20кг денелер суретте көрсетілгендей v1 = 20м/с және v2 = 10м/с жылдамдықпен горизонталь бетте қозғалады. Осы денелердің абсолют серпімсіз соқтығысы кезінде 1500 Дж кинетикалық энергия жоғалған болса, соқтығыстан кейінгі жүйе импульсі неге тең?
A) 200 кг* м /c B) 500 кг* м /c C) 0 кг* м /c D) 400 кг* м /c E) 900 кг* м /c
|
15
|
М ассасы 5 кг қорап 2 м/с бастапқы жылдамдықпен биіктігі 2м жылтыр төбешіктен сырғанайды. Төбешіктің етегінде қорап қатаңдығы 22000 Н/м болатын салмақсыз серіппені сығып тоқтайды. Серіппенің максимал сығылуын анықтаңыз.
A) 10 см B) 5 см C) 1см D)2,5 см E)25 см
|
16
|
Температурасы 5ºC массасы 1кг суық суды температурасы 65ºC массасы 5 кг ыстық сумен араластырады. Жылулық тепе-теңдік орнағаннан кейінгі қоспаның температурасын анықтаңыз
A)10ºC B)15ºC C)35ºC D) 55ºC E) 60ºC
|
17
|
С уретте көрсетілген тізбек бөлігінің жалпы кедергісін анықтаңыз. R1 = 1 Ом; R2 = R3 = R4 = 2 Ом.
А) 2 Ом B) 7 Ом C) 6 Ом
D) 1 Ом E) 4 Ом
|
18
|
Дене сұйықтықта жүзіп жүр. Егер денені тығыздығы екі есе үлкен басқа сұйықтыққа ауыстырса, Архимед күші қалай өзгереді?
A) 2 есе артады B) 2есе кемиді C) 4есе артады D) 4 есе кемиді E) өзгермейді
|
19
|
Толқындар таяз суда 45см қашықтықты 3 секундта жүріп өтеді. Егер толқын жоталарының арақашықтығы 3 см болса, толқынды тудырған тербеліс көзінің жиілігін неге тең?
A) 5 Гц B) 7,5 Гц C) 11,25 Гц D) 20 Гц E) дұрыс жауап жоқ
|
20
|
Күміс үшін фотоэффекттің қызыл шекарасы λ0. Күмісті толқын ұзындығы λ (λ < λ0) жарықпен жарықтандырғанда күміс бетінен ұшып шыққан электрондардың кинетикалық энергиясы мына өрнекпен анықталады:
A) hc (λ0 – λ) B) hc /(λ0 – λ) C) h(λ0 – λ)/c λ0 λ
D) hc (λ0 – λ)/ λ0 λ E) дұрыс жауап жоқ
|