Бағдарламаның білім мазмұны:
Физика 11А-сынып
(Жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)
I. Механика (8сағ)
• Түзу сызықты және қисықсызықты айнымалы қозғалыс. (1сағ)
• Қозғалыстың салыстырмалылығы. (1 сағ)
• Ньютон заңдары (1 сағ)
• Механикалық жұмыс, энергия және қуат. (1сағ)
• Сақталу заңдары. (1сағ)
• Архимед заңы. Бернулли теңдеуі. (1 сағ)
• Тербелістер мен толқындар. (1 сағ)
•Тест «Механика» (1сағ)
II. Молекулалық физика (6сағ)
• Газдың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеулері (1 сағ)
• Идеал газ заңдары. Газдардағы изопроцестер. Реал газдар. (1сағ)
• Агрегаттық күйлер. Қатты денелердің механикалық қасиеттері. (1 сағ)
•Идеал газдың ішкіэнергиясы. Термодинамика заңдарын қолданып есептерді шешу. (1 сағ)
• Жылу машиналарының жұмыс істеу принципі, пайдалы әсер коэффициенті. (1 сағ)
• Тест «Молекулалық физика» (1сағ)
III. Электродинамика (10 сағ)
• Электр өрісінің қасиеттері мен заңдылықтары. Электр өрісінің кернеулігі, потенциалы. Электр өрісі күштерінің жұмысы.Конденсаторларды қолдану. Электр сыйымдылығы. Электр өрісінің энергиясы. (1 сағ)
• Ом заңдары мен Кирхгоф ережелерін қолдану.Электр тізбегінде өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы. Әртүрлі ортадағы (сұйықтардағы, газдардағы, қатты денелердегі) электр тогы. (1 сағ)
• Магнит өрісінің қасиеттері. Магнит өрісінің индукциясы. Ампер күші. Лоренц күші. Сол қол ережесі. Бұрғы ережесі. (1сағ)
• Магнит ағыны. Электромагниттік индукция заңы. (1сағ)
• Ленц ережесі. Қозғалыстағы өткізгіштердегі индукцияның ЭҚК-і.
Өздік индукция. Индуктивтік. (1 сағ)
• Токтың магнит өрісінің энергиясы. Электромагниттік өріс энергиясы.
(1 сағ)
•Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістеркезіндегі энергияның түрленуі.Тербелмелі контурдағы процестерді сипаттайтын теңдеу. (1сағ)
• Гармониялық тербелістердің амплитудасы, периоды және жиілігі. Томсон формуласы.Тербеліс фазасы. Ток күші мен кернеудің әсерлік мәндері. (1 сағ)
• Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор мен катушка. Трансформаторлар. Электромагниттік толқынның жылдамдығы. Толқын ұзындығы. Электромагниттік сәулелер ағынының тығыздығы. (1 сағ)
• Тест «Электродинамика»(1сағ)
IV. Оптика. Арнайы салыстырмалылық теориясы. (5сағ)
• Жарықтың түзу сызықты таралу, шағылу және сыну заңдары. Толық шағылу. (1сағ)
• Жарық жылдамдығы. Жарықтың дисперсиясы. Жарықтың интерференциясы. Жарық толқынының ұзындығы. (1 сағ)
• Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық тор. Жарықтың поляризациясы. Сәуле шығару және спектрлер. Электромагниттік толқындар шкаласы.
(1 сағ)
• Салыстырмалылық теориясының постулаттары және олардан туындайтын негізгі салдар (Кеңістік. Уақыт. Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы). (1сағ)
•Тест «Оптика»(1 сағ)
V. Кванттық физика (5сағ)
• Планк формуласы және тұрақтысы. Фотоэффект заңдары. Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі. (1 сағ)
• Фотоэффектінің қызыл шекарасы. Фотондар. Жарық қысымы. Атомның құрылысы. Бордың кванттық постулаттары. Лазерлер. (1 сағ)
• Радиоактивтілік. Альфа -, бета -, гамма – сәуле шығару. Радиоактивтік ыдырау заңы. Жартылай ыдырау. (1 сағ)
• Атом ядросының құрылысы. Атом ядросының байланыс энергиясы.
Ядролық реакциялар. Ядролық реактор. Термо ядролық реакциялар.
Радиоактивті изотоптарды алу. (1 сағ)
• Тест «Кванттық физика»(1сағ)
Достарыңызбен бөлісу: |