Байланысты: Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе
A) 14%; B) 16%; C) 18%; D) 20%; E) 22%.
28. Белгілі бір жұмысты орындаудың еңбек өнімділігі 40%-ке арттырылды. Осы жұмысты орындауға қажетті уақыт қанша процентке кеміді?
A) 24,6%; B) 25,6%; C) 26,6%; D) 27,6%; E) 28,6%.
29. Астықтың ылғалдылығы 25%-ті құрайды. 600 кг астықты кептіргенде оның салмағы 100 кг-ға кеміді. Астықты құрғатқан соң оның ылғалдылығы қандай болды?
A) 5 %; B) 8 %; C) 10 %; D) 12 %; E) 15 %.
30. Тауардың құны екі рет бірдей бағаға арзандаған. Егер тауардың алғашқы құны 20 000 теңге, ал соңғы құны – 11250 теңге болса, оның құны әр жолы қанша процентке арзандаған?
A) 15 %; B) 20 %; C) 25 %; D) 30 %; E) 35 %.
С топ.
1. Тауардың құны екі рет бірдей бағаға қымбаттаған. Егер тауардың алғашқы құны 6000 теңге, ал соңғы құны – 6615 теңге болса, оның құны әр жолы қанша процентке қымбаттаған?
A) 3 %; B) 5 %; C) 6 %; D) 8 %; E) 10 %.
2. Тауар 30%-ке қымбаттады, ал одан кейін 30%-ке арзандады. Осы тауардың бағасы қалай өзгерді?
A) 60%-ке арзандаған; B) 6%-ке қымбаттаған; C) 9%-ке арзандаған;
D) 9 %-ке қымбаттаған; E) Товардың бағасы өзгермеген.
3. Майлығы 30%-тік 90 кг қаймақ алу үшін майлығы 36%-тік және 18%-тік қаймақтан қанша алу керек?
A) Майлығы 30%-тік қаймақтан 30 кг, ал майлығы 18%-тік қаймақтан 15 кг алу керек; B) Майлығы 30%-тік қаймақтан 40 кг, ал майлығы 18%-тік қаймақтан 20 кг алу керек; C) Майлығы 30%-тік қаймақтан 50 кг, ал майлығы 18%-тік қаймақтан 25 кг алу керек; D) Майлығы 30%-тік қаймақтан 60 кг, ал майлығы 18%-тік қаймақтан 30 кг алу керек; E) Майлығы 30%-тік қаймақтан 70 кг, ал майлығы 18%-тік қаймақтан 35 кг алу керек.
4. Ерітіндіде 15 г қант, 20 г тұз және 165 г су бар. Ерітіндідегі тұз бен қанттың проценттік құрамын анықтаңдар.